Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 9


9‑шы тарау

Түнекте, Мәсіхтің дауысы олардың зұлымдықтары үшін көптеген адамдар мен қалалардың жойылатынын жариялайды. Ол сондай‑ақ өзінің құдайлығын жариялайды, Мұсаның заңының орындалғанынын жариялайды және адамдарды Оған келуге және құтқарылуға шақырады. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 34 ж.

Міне дәл солай болды, жер бетіндегі барлық тұрғындардың арасында, осы күллі жер бетінде, айқалаған дауыс естілді:

Қасірет, қасірет, бұл халыққа қасірет; күллі жер бетінің тұрғындары өкінбесе қасіретке қалады; себебі шайтан күледі, ал оның періштелері қуанады, өйткені халқымның әділ ұлдары мен қыздары өлтірілді; міне олар өздерінің зұлымдықтары мен жиіркенішті істері үшін өлді!

Біліп қойыңдар, сол ұлы қала Зараһемланы мен отқа орадым, сондай‑ақ оның тұрғындарын.

Міне, мен сол ұлы қала Морониді теңіз түбіне батырдым, ал оның тұрғындары суға батып кетті.

Ал міне, пайғамбарлар мен әулиелердің қаны оларға қарсы бұдан былай маған төгілмеуі үшін, сол ұлы қала Морониһах пен оның тұрғындарын мен жермен көмкердім, олардың заңсыздықтары мен жиренішті істерін көз алдымнан жасырдым.

Ал міне мен Ғылғал қаласын суға батырдым, ал оның тұрғындарын жер қойнауына көмдім.

Иә, міне Ониһах қаласы мен оның тұрғындарын да, Мокум қаласы мен оның тұрғындарын да, Иерусалим қаласы мен оның тұрғындарын да; Пайғамбарлар мен әулиелердің қаны енді оларға қарсы маған төгілмеуі үшін, олардың зұлымдықтары мен жиіркенішті істерін Менің көзімнен жасыру үшін мен оның орнына суды шақырдым.

Ал міне, мен Гадианди қаласы мен Гадиомннах қаласы, Жақып қаласы мен Гимгимно қаласын, осылардың барлығын мен суға батырдым, ал олардың орнына таулар мен аңғарлар жасадым; міне пайғамбарлар мен әулиелердің қаны оларға қарсы бұдан былай маған төгілмеуі үшін, олардың зұлымдықтары мен жиркенішті істерін көз алдымнан жасыру үшін мен оның тұрғындарын жер қойнауына көмдім.

Ал енді, сол Жақып патшаның халқы қоныстанған ұлы қала Жақыптугатты күнәлары мен зұлымдықтары үшін отқа орадым, өйткені олардың жасырын өлтірулері мен одақтастығы бүкіл жер бетіндегі зұлымдықтың бәрінен де асып түсті; өйткені халқымның тыныштығын және ел билігін бұзған солар болған; Сондықтан мен пайғамбарлар мен әулиелердің қаны оларға қарсы бұдан былай маған төгілмеуі үшін, оларды өз көз алдымнан құрту үшін өртеп жібердім.

10 Ал міне, мен Ламан қаласын да, Жош қаласын да, Ғад қаласын да, Кишкумен қаласын да, сондай‑ақ тұрғындарын да, пайғамбарларды қуып шығарған зұлымдықтары үшін және олардың зұлымдықтары мен жиіркенішті істері туралы жария ету үшін мен жібергендерді таспен ұрып соққанды үшін отқа жағып, өртеп жібердім.

11 Міне олардың барлығын қуып шыққандықтан, олардың арасында бірде‑бір әділ адам қалмады, мен олардың зұлымдықтары мен жиіркенішті істерін көз алдымнан жасырып қалу үшін, мен олардың арасына жіберген пайғамбарлар мен әулиелердің қаны оларға қарсы жерден маған айқалап шақырмасын деп, от түсіріп, оларды жойдым.

12 Міне мен олардың зұлымдықтары мен жиіркенішті істері үшін осы елге де, осы халыққа да көптеген қыруар қиянат жасадым.

13 Уа, сендер, олардан гөрі әділ болғандарың үшін аман қалғандарыңның бәрі, мен сендерді сауықтыруым үшін енді маған қайтып оралып және күнәларың үшін өкініп, маған бет бұрмайсыңдар ма?

14 Иә, мен сендерге шындығын айтамын: егер маған келсеңдер, мәңгілік өмірге ие боласыңдар Міне менің мейірім қолым сендерге қарай созылған, кім келсе, мен оны қабыл аламын; ал маған келетіндер бақытты.

15 Міне, мен Құдайдың Ұлы Иса Мәсіхпін. Мен көк пен жерді және ондағы нәрселердің барлығын жараттым. Әу бастан мен Әкеммен бірге болдым. Мен Әкемдемін, ал Әкем Менде; ал мен арқылы Әкем өз есімін дәріптеді.

16 Мен өз халқыма келдім, ал олар мені қабылдамады. Ал менің келуім туралы жазбалар орындалды.

17 Міне мені қабылдағандардың барлығына Құдайдың ұлдары болуды тапсырдым; міне менің атыма сенетіндердің бәріне солай етемін, өйткені міне, құтқарылу мен арқылы келеді және Мұсаның заңы менде орындалды.

18 Мен әлемнің нұрымын және өмірімін. Мен Альфа мен Омегамын, басы да аяғы менмін.

19 Міне бұдан былай маған құрбандық ретінде қан төкпейсіңдер; иә, сендердің құрбандықтарың мен түгел өртелетін құрбандықтарың тоқтатылады, өйткені мен сендердің құрбандықтарың мен түгел өртелетін құрбандықтарыңды қабыл алмаймын.

20 Міне сендер маған жараланған жүрек пен күйреген жанды құрбан етесіңдер. Ал Кімде‑кімнің жүрегі жараланып әрі жаны күйреп маған келер болса, мен оны отпен және Киелі Рухпен су рәсімінен өткіземін, дәл солай Ламандықтар да дінге бет бұрған кезде маған сенгендері үшін отпен және Киелі Рух арқылы су рәсімінен өтті, бірақ олар мұны білмеді.

21 Міне, мен дүниеге өтеуді әкеліп, дүниені күнәдан құтқару үшін келдім.

22 Сондықтан, кім өкініп, маған кішкентай сәбидей келсе, мен оны қабылдаймын, өйткені Құдай Патшалығы соларға тиесілі. Міне, солар үшін мен өз өмірімді қиямын және оны қайтадан қабыл аламын; сондықтан тәубеге келіңдер де, жердің соңы маған келіңдер де құтқарылыңдар.