18‑ші тарау
Иса нефиліктер арасында діни ант рәсімін бекітеді. Оларға үнемі оның атынан дұға ету бұйырылды. Оның тәнін жегендер және қанын лайықсыз ішетіндер қарғысқа ұшырайтын болады. Шәкірттерге Киелі Рухты беру билігі беріледі. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 34 ж.
1 Міне дәл солай болды, Иса шәкірттеріне оған нан мен шарап әкелуді бұйырды.
2 Міне олар нан мен шарапқа кеткен кезде, ол жұртқа жерге отыруды бұйырды.
3 Міне шәкірттері нан мен шараппен келгенде, ол нанды алды да оны сындырды және оған батасын берді; міне ол оны шәкірттеріне берді де оларға жеуді бұйырды.
4 Міне олар жеп және тойған соң, ол оларға оны жұртқа таратып беруді бұйырды.
5 Міне жұрт жеп және тойған соң, ол шәкірттеріне былай деді: Міне, сендердің араларыңдағы біреу тағайындалады, әрі мен оған нанды сындырып және оған батасын беріп, әрі оны менің шіркеуімнің адамдарына, менің атымнан сеніп, су рәсімінен өтетіндердің барлығына беретін күш билігін беремін.
6 Міне мен нанды сындырып, әрі оған батамды беріп, оны сендерге бергенімдей, сендер де мұны әрқашан мен істегендей үнемі ыждағаттылықпен орындайтын боласыңдар.
7 Міне мен сендерге көрсеткен денемді сендер еске алу үшін осылай істейтін боласыңдар. Міне бұл сендердің мені үнемі есте сақтайтын Әкегедеген куәлік болады. Ал егер мені үнемі еске алатын болсаңдар, менің Рухым сендермен бірге болады.
8 Міне дәл солай болады, ол осы сөздерді айтқан кезде, ол шәкірттеріне тостағандағы шарапты алып әрі оны ішуді, сонда‑ақ олар одан ішсін деп оны жұртқа да беруді бұйырды.
9 Міне дәл солай болды, олар осылай істеді де одан ішіп және тойды; міне олар жұртқа да берді, олар ішіп және тойды.
10 Міне шәкірттері мұны істегеннен кейін, Иса оларға былай деді: Осыны істегендерің үшін бақыттысыңдар, өйткені бұл менің өсиеттерімнің орындалуы, бұл сендерге сол мен бұйырғанымды орындауға дайын екендеріңді куәлік етеді.
11 Міне сендер сол менің атымнан тәубеге келіп, су рәсімінен өткендерге әрқашан осылай істеңдер; міне сендер үшін төккен қанымды еске алу үшін осыны істейсіңдер, Мен сендер үшін төктім, сонда сендер мені үнемі еске алатындарыңды Әкеге куәлік етесіңдер. Ал егер мені үнемі еске алатын болсаңдар, менің Рухым сендермен бірге болады.
12 Міне, Мен сендерге осыларды орындауды бұйырамын. Ал егер сендер осыны үнемі орындайтын болсаңдар, бақыттысыңдар, өйткені сендер менің тасымда тұрғыздыңдар.
13 Бірақ араларыңдакім осыдан артық немесе аз істеген болар болса, менің тасымда емес, бірақ құмды іргетастың үстінде салынған; міне оларға қарсы жаңбыр жауып және су тасқыны келіп, жел соққан кезде, олар құлайды, ал тозақтың есіктері ашылып оларды қабылдауға дайын болады.
14 Сондықтан егер сендер Әкемнің сендерге беруді бұйырған менің өсиеттерімді орындайтын болсаңдар, сендер бақыттысыңдар.
15 Мен шындықты, шындықты сендерге айтамын, шайтанға азғырылып, оның тұтқынына түсіп қалмау үшін үнемі сергек болып, дұға етіңдер.
16 Міне мен сендердің араларыңда қалай дұға еткен болсам, дәл солай сендер де менің шіркеуімде, тәубеге келіңдер және менің атыммен су рәсімінен өткен халқымның арасында дұға етіңдер. Міне, мен нұрмын; мен сендерге үлгі орнаттым.
17 Міне дәл солай болды, Иса осы сөздерді айтып болған соң, тағы да жұртқа наразын аударып, ол оларға былай деді:
18 Міне, шындығын, шындығын сендерге айтамын, азғыруға ұшырамас үшін әрдайым сергек болыңдар және дұға етіңдер; өйткені шайтан сендерді бидайдай електен өткізіп алу үшін сендерге ие болғысы келеді.
19 Сондықтан сендер әрқашан Әкеге менің атымнан дұға етулерің керек;
20 Міне менің атымнан Әкемнен қандай да бір әділ нәрсені қабылдайтындарыңа сеніп сұрасаңдар, міне, ол сендерге беріледі.
21 Сендердің әйелдерің мен балаларыңды жарылқасын деп, отбасыларыңда Әкеге үнемі менің атыммен дұға етіңдер.
22 Міне, сендер жиі кездесетін боласыңдар; міне сендер жиналған кезде ешкімнің сендерге келуіне тыйым салмайсыңдар, бірақ олардың сендерге келуіне жол беріңдер және оларға кедергі жасамаңдар;
23 Бірақ сендер олар үшін дұға етіңдер және оларды қумайсыңдар; ал егер олар сендерге жиі келетін болса, олар үшін Әкеге менің атымнан дұға ететін боласыңдар.
24 Сондықтан нұрыңды биік ұста, сонда ол әлемге жарқырайды. Міне, мен сендер биік ұстайтын нұрмын, сол менің істегенімді көрдіңдер. Міне, менің Әкеге дұға еткенімді көрдіңдер және барлығың соған куә болдыңдар.
25 Міне көріп тұрсыңдар, мен сендердің ешқайсыларың кетпесін деп бұйырдым, керісінше сезіп және көру үшін маған келіңдер деп бұйырдым; сендер әлемге де дәл солай істеңдер; және осы өсиетті бұзған кімде – кім өзін азғыруға жол береді.
26 Міне дәл солай болды, Иса осы сөздерді айтқаннан кейін, ол өзі таңдаған шәкірттеріне тағы да көзін бұрып, оларға былай деді:
27 Міне, шындығын, шындығын сендерге айтамын, Мен сендерге тағы бір өсиет беремін, ал содан кейін мен Әкемнің маған берген басқа өсиеттерін орындауым үшін оған баруым керек.
28 Ал енді міне, менің сендерге беретін өсиетім мынау, ешкімге менің тәнім мен қанымнан лайықсыз дәм алуға жол бермеңдер, оларды үлестірген кезде.
29 Өйткені менің тәнім мен қанымды лайықсыз жеп‑ішсе әркім өз жанын қасіретке ұшыратады; сондықтан егер адам менің тәнім мен қанымды жеуге және ішуге лайық емес екенін білген болсаңдар, оған тыйым салыңдар.
30 Соған қарамастан, оны өз орталарыңнан қуып шығармаңдар, бірақ оған қызмет етіп, Әкеге менің атымнан ол үшін дұға етіңдер; ал егер ол тәубеге келіп әрі менің атымнан су рәсімінен өтетін болса, онда сендер оны қабыл аласыңдар және менің тәнім мен қанымды беріп оған қызмет етесіңдер.
31 Бірақ егер ол тәубеге келмесе, ол менің халқымның қатарына қосылмайды, сонда ол менің халқымды құрта алмайды, өйткені міне, мен өз қойларымды білемін және олар санаулы.
32 Бірақ оны мәжілісханаларыңнан немесе ғибадат ететін орындарыңнан қуып шығармаңдар, өйткені соларға қызмет етуді жалғастырасыңдар; өйткені сендер олардың қайтып, тәубеге келіп, маған шын ниетімен келетінін және мен оларды сауықтыратынымды білмейсіңдер; және сендер сол арқылы оларға келетін құтқарылатын құрал боласыңдар.
33 Сондықтан айыпталмауларың үшін сендерге бұйырған мына сөздерді орындаңдар; өйткені Әке кімге үкім шығарса, қасіретке ұшырайды.
34 Мен сендерге осы өсиеттерді араларыңдағы дау‑дамайға байланысты айтып отырмын. Міне араларыңда дау‑дамай болмаса, бақыттысыңдар.
35 Ал енді мен Әкеге барамын, себебі Менің сендер үшін Әкеге баруым керек.
36 Міне дәл солай болды, Иса осы сөздерді аяқтағаннан кейін, өзі таңдаған шәкірттеріне бір‑бірлеп қолын тигізді, яғни олардың барлығына қолын тигізді және оларға қолын тигізген кезде, оларға сөйледі.
37 Міне жұрт оның айтқан сөздерін естімеді, сондықтан олар куәлік етпеді; бірақ шәкірттері оның оларға Киелі Рухты сыйлау билігін бергеніне куәлік етті. Мен сендерге бұл жазбаның рас екенін бұдан былай көрсетемін.
38 Міне дәл солай болды, Иса олардың бәріне қолын тигізген кезде, бұлт келіп жұртты басып қалды, сондықтан олар Исаны көре алмады.
39 Міне бұлт оларды басып қалғанда, Иса олардан бөлінді де көкке көтерілді. Ал шәкірттері көрді және оның қайтадан көкке көтерілгенін куәлік етті.