Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 30


30‑шы тарау

Соңғы күндердегі өзге ұлттарға тәубеге келіп, Мәсіхке келіп, Исраил үйінің қатарына қосылуға бұйырық берілді. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 34—35 жж.

Тыңдаңдар, уа, сендер өзге ұлттар, міне тірі Құдайдың Ұлы Иса Мәсіхтің сөздерін тыңдаңдар, ол маған сендер туралы айтуды бұйырды, өйткені міне, ол маған жазуды бұйырып, былай дейді:

Сендердің барлығың, өзге ұлттар, зұлым жолдарыңнан бас тартыңдар; міне зұлым істерің үшін, өтіріктерің мен алаяқтықтарың үшін, азғындықтарың мен жасырын жиіркенішті істерің үшін, пұтқа табынуларың мен кісі өлтірулерің үшін, діни қызметкерлердің айла‑амалдары мен қызғаныштарың үшін, бақталастықтарың үшін, барлық зұлымдықтарың мен жиіркенішті істерің үшін тәубе етіп, маған келіңдер де, менің атыммен су рәсімінен өтіңдер, сонда сендердің күнәларың кешіріледі және Киелі Рухқа толасыңдар, сол Исраил үйінен шыққан халқыммен қатар саналатын боласыңдар.