Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 8


8‑ші тарау

Дауылдар, жер сілкіністері, өрттер, құйындар мен табиғи апаттар Мәсіхтің айқышқа шегеленгенін растайды. Талай адам қырылды. Үш күн бойы жерді түнек басады. Тірі қалғандар тағдырларын жоқтайды. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 30–34 жж.

Міне дәл солай болды, бұл біздің жазбаларымызға сәйкес және біз өз жазбамыздың рас екенін білеміз, өйткені, міне, бұл жазбаларды жүргізген әділ адам еді; өйткені ол шынымен де Исаның атынан көптеген кереметтер жасады; ал ешбір адам өзінің зұлымдығынан толық тазартылмайынша, Исаның атынан керемет жасай алмайды.

Міне дәл солай болды, егер бұл кісі біздің заманымыздың есебінде қателеспеген болса, онда отыз үшінші жыл өтті;

Міне халық Ламандық Самуил пайғамбардың көрсеткен белгісін зор ынтамен іздей бастады, иә, сол жер бетін үш күн бойы түнек басатын уақытты.

Міне осыншама белгі берілгеніне қарамастан, халық арасында үлкен күмән мен дау‑дамайлар бола бастады.

Міне дәл солай болды, отыз төртінші жылы, бірінші айдың төртінші күні бүкіл жер бетінде бұрын‑соңды болмаған қатты дауыл көтерілді.

Міне онда қатты және қорқынышты дауыл да болды және жан түршігерліктей күн күркіреп, ол бүкіл жерді екіге жарылғалы тұрғандай дүр сілкіндірді.

Міне ол жерде бұрын‑соңды болмаған найзағайлар өте өткір болды.

Ал Зараһемла қаласы өртке оранды.

Міне Морони қаласы теңіздің түбіне кетті, ал оның тұрғындары суға батып кетті.

10 Міне Морониһах қаласын жер басты, ал қаланың орнында үлкен тау пайда болды.

11 Ал оңтүстік жерінде үлкен және жан түршігерлік жойқын болды.

12 Бірақ міне, солтүстік жерінде бұдан да зор және қорқынышты жойқын орын алды; өйткені міне, дауыл мен құйын және күн күркіреуі, мен найзағай ойнап, күллі жердің тым күшті сілкінісі сол елдің бүкіл келбетін өзгертті.

13 Міне үлкен жолдар қирап қалды, тегіс жолдар да бұзылды, ал көптеген тегіс жерлер кедір‑бұдыр болып қалды.

14 Міне көптеген ұлы және көрнекті қалалар су астына кеттті және талайы өртеніп кетті, ал олардың ғимараттары да жерге құлады, қала тұрғындары да қырылды, жерлері де қаңырап бос қалғанша шайқалды.

15 Міне аман қалған қалалар да болды; бірақ оның зияны өте зор болды және онда қырылып қалғандар көп болды.

16 Міне кейбіреулерді құйын алып кеткендер де болды; ал олардың қайда екенін ешкім білмейді, бар болғаны, оларды құйын алып кеткені белгілі.

17 Міне осылайша, бүкіл жер беті дауылдар мен күн күркіреуі және найзағайлар мен жер сілкінісі болғандықтан бұзылды.

18 Ал міне, тастар да екіге жарылды; олар күллі жер бетінде талқандалды сонша, сондықтан олар сынған сынықтарда табылды, тігістер мен жарықтарда, бүкіл жер бетінде.

19 Міне дәл солай болды, күн күркіреу де найзағай да дауыл да боран да жер сілкінісі де басылған кезде — өйткені міне олар үш сағаттай жалғасты, ал кейбіреулері оның үш сағаттан астам уақытқа созылғанын айтты; соған қарамастан, осы ұлы және қорқынышты істердің барлығы шамамен үш сағаттың ішінде болды — міне сол кезде, жер бетін түнек басты.

20 Міне дәл солай болды, бүкіл жер бетін қою түнектің басқаны сонша, оның тірі қалған тұрғындары түнектің буын сезінгенін;

21 Ал түнектің кесірінен жарықтың болуы мүмкін емес еді, не шырақтың да, не алаулардың да; сондай‑ақ олардың жұқа да өте құрғақ ағаштарымен от жағылуы мүмкін емес, сондықтан онда ешқандай жарық болмады.

22 Міне онда ешқандай да жарық көрінбеді: от та, нұр да, күн де, ай да, жұлдыздар да болған жоқ, өйткені жер бетін қаптаған қара тұман соншалықты қалың еді.

23 Міне дәл солай болды, бұл үш күнге созылды, сондықтан ешқандай жарық көрінбеді; ал онда бүкіл халық арасында үздіксіз үлкен аза және айқай мен жылау болды; иә, олардың басына түскен түнек пен үлкен қырғынға байланысты халықтың еңіреуі қатты болды.

24 Міне бір жерде олардың: «Уа, біз осы ұлы да қорқынышты күннің алдында тәубе еткенімізде, сонда біздің бауырларымыз аман қалар ма еді және олар сол ұлы қала Зараһемлада өртенбес еді» деп жылап жоқтауы естілді.

25 Ал басқа жерде олардың: «Уа, осы ұлы да сұмдық күннің алдында тәубе еткенімізді және пайғамбарларды өлтірмей, таспен ұрмай, қуып шықпағанда; біздің аналарымыз бен сұлу қыздарымыз, балаларымыз аман қалып, сол ұлы қала Моронигахта жерленбес еді» деп жылап жоқтауы естілді. Міне, осылайша халықтың жоқтауы қатты әрі қорқынышты болды.