23‑ші тарау
Иса Ишаяның сөздерін бекітеді. Ол адамдарға пайғамбарларды іздеп табуды бұйырады. Ламандық Самуилдің қайта тірілу туралы сөздері олардың жазбаларына қосылады. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 34 ж.
1 Ал енді, міне, менің сендерге айтарым, сендер осы нәрселерді зерттеңдер. Иә, мен сендерге өсиет беремін, осы нәрселерді мұқият зерттеңдер, өйткені Ишаяның сөздері ұлы.
2 Өйткені ол шын мәнінде Исраил үйіне жататын менің халқыма қатысты барлық нәрселерді айтты; сондықтан ол өзге ұлттармен де сөйлесуі керек.
3 Ал ол айтқан нәрселердің барлығы оның айтқан сөзіне сай орындалды және солай болады.
4 Сондықтан менің сөздеріме құлақ асыңдар; мен сендерге айтқан нәрселерді жазыңдар, сонда Әкенің уақыты мен еркіне сай олар Өзге Ұлттарға жететін болады.
5 Ал кім менің сөздеріме құлақ асып, тәубеге келіп, әрі су рəсімінен өтетін болса, құтқарылады. Пайғамбарларды іздеңдер, өйткені бұған куәлік ететіндер көп.
6 Ал енді дәл солай болды, Иса осы сөздерді айтып болған соң, олар алған жазбалардың барлығын түсіндіріп болған соң, оларға қайтадан сөйлеп, былай деді: Енді әлі жазып үлгермеген басқа да жазбаларды жазып алғаныңды қалаймын.
7 Міне дәл солай болды, ол Нефиге былай деді: Өзің сақтап жүрген жазбаны алып кел.
8 Міне Нефи жазбаларды суырып алып, алдына қойған кезде, ол оларға қарап, былай деді:
9 Сендерге шындығын айтамын, менің қызметшім Ламандық Самуилге мына халыққа куәлік етуді бұйырдым, сонда Әке мен арқылы Өз есімін ұлықтайтын күні, өлгеннен қайта тірілетін әулиелер көп болады, міне олар көпке көрінетін болады және оларға қызмет ететін болады. Міне ол оларға былай деді: Солай емес пе еді?
10 Ал шәкірттері оған жауап беріп, былай деді: Иә, Жаратқан Ие, Самуил сенің сөздерің бойынша пайғамбарлық етті және олардың барлығы орындалды.
11 Міне Иса оларға былай деді: Неге сендер көптеген әулиелердің пайда болып, көпшілікке көрініп, оларға қызмет еткенін жазбадыңдар?
12 Міне дәл солай болды, мұның жазылмағаны Нефидің есіне түсті.
13 Міне дәл солай болды, Иса мұның жазылуын бұйырды; сондықтан дәл ол бұйырғандай жазылды.
14 Міне дәл солай болды, Иса олар жазған барлық жазбаларды бірден түсіндіріп болғаннан кейін, ол оларға өзінің түсіндіріп берген нәрселерді үйретуді бұйырды.