Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 10


10‑шы тарау

Жерде бірнеше сағат бойы үнсіз тыныштық орнайды. Мәсіхтің дауысы балапандарын жинап жатқан ана тауық сияқты, өз халқын жинауға уәде береді. Халықтың неғұрлым әділ бөлігі сақталды. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 34–35 жж.

Ал енді міне, дәл солай болды, жер бетіндегі барлық адамдар бұл сөздерді естіп, оған куә болды. Міне осы сөздерден кейін жер бетінде бірнеше сағат бойы үнсіз тыныштық орнады;

Өйткені халықтың қайран қалғаны сонша, олар өлген туыстарынан айырылып қалған жоқтауды және еңіретуді тоқтатты; сондықтан бүкіл жерде бірнеше сағат бойы үнсіз тыныштық орнады.

Міне дәл солай болды, адамдарға тағы да дауыс естілді және бүкіл халық мұны естіп, оған куә болып, былай деді:

Уа, қираған осы ұлы қалалардың тұрғындары, сол Жақыптың ұрпақтары, иә, Исраил үйінен шыққандар, балапандарын қанатының астына жинаған тауық сияқты мен де сендерді қанша рет жинамақшы болдым, әрі сендерді қанықтырдым.

Тағы да, тауық қанатының астына балапандарын жинағандай, мен сендерді қаншама рет жинамақшы болдым, иә, уа, құрбан болған Исраил үйінің халқы; иә, уа, Исраил үйінің халқы, Иерусалим тұрғындары, сондай‑ақ құрбан болғандар; иә, балапандарын қанатының астына жинаған тауық сияқты мен де сендерді қанша рет жинамақшы болдым, бірақ сендер одан бас тарттыңдар.

Уа, мен сол аяған Исраил үйі, егер сен тәубеге келіп, шын ниетіңмен маған оралатын болсаңдар, балапандарын қанатының астына жинаған тауық сияқты мен де сендерді жинайтын боламын.

Бірақ олай болмаса, Уа, Исраил үйі, ата‑бабаңмен жасасқан келісімдерің орындалғанға дейін тұрағың қаңырап бос қалатын болады.

Ал енді дәл солай болды, бұл сөздерді естіген халық, міне, туыстары мен достарынан айырылғандықтан, олар тағы да еңіреп жылай бастады.

Міне дәл солай болды, осылайша үш күн өтті. Міне бұл таңертең болды және жер бетіндегі түнек сейілді, жердің дірілдегені де, жартастардың жарылуы да тоқтатты, қорқынышты ыңылдау да тоқтады, барлық дүбірлі дыбыстар да тынды.

10 Міне жер тағы бірігіп, нық тұрды; ол аман қалды; ал тірі қалған халықтың мұңы да, жылауы да, жоқтауы да тоқтады; міне олардың қайғысы қуанышқа, ал жоқтаулары олардың Құтқарушы Жаратқан Ие Иса Мәсіхті мадақтау мен алғысқа айналды.

11 Міне осы уақытқа дейін пайғамбарлар айтып кеткен жазбалар орындалды.

12 Міне осы адамдардың ең әділ бөлігі құтқарылды, міне солар пайғамбарларды қабылдаған және оларды таспен ұрмаған; міне солар әулиелердің қанын төкпей аман қалғандар —

13 Міне олар аман қалды және суға батып, жерге көмілмеді; міне олар теңіздің түбіне батып кетпеді және көшкіндерде жаншылып өлмегені сияқты, отқа да күйіп қалмады; сондай‑ақ олар отқа күйген жоқ және олардың үстіне ештеңе де құлап, жаншып өлген жоқ; міне оларды құйын сыпырып кеткен жоқ; сондай‑ақ оларды түтін мен түнектің буы да басып алған жоқ.

14 Ал енді кім оқыған болса, сол түсінеді; жазбаларды кімде бар болса, соны зерттесін және көрсін де осы өлім‑жітім мен жойылулардың бәрі от пен түтін, дауыл мен құйыннан және оларды жұту үшін жердің жарылуынан ба, жоқ па, үкім шығарсын, ал мұның бәрі көптеген қасиетті пайғамбарлардың пайғамбарлықтарының орындалуына ықпал етеді.

15 Міне, мен сендерге айтамын: Иә, Мәсіхтің келер кезінде осы нәрселер туралы куәлік еткен, ал олар осы нәрселер туралы еткендіктен өлтірілді.

16 Иә, Зенос пайғамбар бұл нәрселер туралы куәлік еткен және Зенок та осы нәрселер туралы айтқан, өйткені олар өздерінің ұрпағынан қалған біз туралы ерекше куәлік еткен болатын.

17 Міне, біздің әкеміз Жақып та Жүсіптің ұрпағынан қалған қалдық туралы куәлік еткен болатын. Ал енді біз Жүсіптің ұрпағынан қалған қалдық емеспіз бе? Ал біз туралы куәлік ететін бұл сөздер әкеміз Лехи Иерусалимнен алып шыққан мыс парақтарда жазылған емес пе?

18 Міне дәл солай болды, отыз төртінші жылдың соңында, міне, мен сендерге Нефи халқы аман қалғанын көрсетемін, сондай‑ақ Ламандықтар деп аталып кеткендер, аман қалғандар, оларға үлкен игіліктер көрсетіліп, бастарынан үлкен жарылқаулар төгілді, сондықтан Мәсіх көкке көтерілгеннен кейін көп ұзамай оларға шын мәнінде өзін танытты.

19 Оларға өзінің денесін көрсетіп және оларға қызмет етіп; ал оның қызметі туралы баяндау кейін берілетін болады. Міне, осы тұста мен өз сөздерімді аяқтаймын.