Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 22


22‑ші тарау

Соңғы күндерде Сион мен оның қазықтары бекітіледі және Исраил мейірімділік пен ізгілікте жиналатын болады. Олар жеңіске жетеді. Ишая 54 ті салыстыр. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 34 ж.

Міне сонда жазылған нәрсе жүзеге асады: Ән сал, Уа құрсақ көтермей, бала тумаған сен; шаттана ән шырқа да масаттанып дауыста, толғатып көрмеген сен; өйткені күйеуге шыққан әйелдің балаларынан гөрі қаңырап бос қалғандардың балалары көп, — дейді Жаратқан Ие.

Шатырыңның орнын кеңейт, ал олар сенің тұрағыңның шымылдығын жайсын; ұялма, жіптерін ұзын етіп, әрі қазықтарын бекіт;

Өйткені сен оң жақтан да, сол жақтан да тарайтын боласың, ал сенің ұрпағың өзге халықтарды иемденіп, қаңырап бос қалған қалаларды мекендейтін болады.

Қорықпа, өйткені ұятқа қалмайсың; қысылма да, өйткені сен масқара болмайсың; өйткені сен жастық шағыңдағы ұятты ұмытасың және сенің жастық шағыңның қорлығын есіңе түсірмейтін боласың, бұдан былай сенің жесірлігіңнің қорлығын да есіңе алмайсың.

Өйткені жаратушың – сенің жарың, оның есімі Әлемнің Иесі және сенің Өтемшің – Қасиетті Исраилдің Құдайы, ол бүкіл жердің Құдайы деп аталады.

Өйткені сен қуылған және қатты қайғырған әйел секілдісің, әрі жас кезінде сені тастап кеткен әйелге ұқсайсың, Жаратқан Ие сені қасына шақырады, дейді Құдай.

Өйткені мен сені біраз уақытқа тастап кетіп едім, бірақ сені зор мейірімділікте жинап аламын.

Қаһарымды сәл төккен кезде сенен бір сәтке жүзімді жасырған едім, алайда мәңгілік мейіріммен саған рақым етемін, дейді сенің Өтемшің Жаратқан Ие

Өйткені бұлар Мен үшін Нұхтың суындай, өйткені мен Нұхтың суы енді жер бетіне басып келмейді деп ант еткен едім, мен бұдан былай саған ашуымды төкпеймін, деп ант еткен едім.

10 Өйткені таулар қозғалады және төбелер шайқалады, бірақ менің мейірім сенен айнымас, менің тыныштығым туралы келісімім де шайқалмас, – дейді саған рақым еткен Жаратқан Ие.

11 Уа сен азап шегіп, дауыл сабалап, әрі жұбаныш көрмеген! Міне, мен сенің тастарыңды ақшыл түстермен, ал іргетасыңды жақұттан қалаймын.

12 Міне мен терезелеріңді аққық тастан, ал қақпаларыңды анартастан және бүкіл қабырғаларың да асыл тастардан жасаймын.

13 Міне сенің балаларыңның бәрі де Жаратқан Иеден тәлім алады; ал балаларың керемет тыныштыққа кенеледі.

14 Сен әділдікте орнығатын боласың; сен зұлымдықтан аулақ боласың, себебі сенің қорқатын ештеңең жоқ және үрей сенен аулақ болады, өйткені ол саған жоламайды.

15 Міне, олар саған қарсы шабуылға шығады, бірақ менен емес. Кімде‑кім саған қарсы шабуылға шықса, сенің игілігіңе құлайтын болады.

16 Міне, мен отта көмір үрлеп от жағатын және өз жұмысына қажетті құрал‑саймандарды жасап шығаратын ұстаны жараттым. Мен құрту үшін жойғышты жараттым.

17 Саған қарсы жасалған қарудың ешқайсысы да сені құрта алмайтын болады; ал өзіңді айыптаған әркімнің сөзіне үкім шығарасың. Бұл — Жаратқан Иенің қызметшілерінің мұрасы, ал олардың әділдігі Менен, — дейді Жаратқан Ие.