24‑ші тарау
Жаратқан Иенің хабаршысы екінші келуге жол дайындайды. Мәсіх төрелік ететін болады. Исраилге оннан бір бөлігі мен құрбандықтарды төлеу бұйырылды. Естелік кітабы жүргізілуде. Малахи 3-пен салыстыр. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 34 ж.
1 Міне дәл солай болды, ол оларға Әкенің Малахиге берген, Оның соларға айту керек болған сөздерді жазып алуды бұйырды. Міне дәл солай болды, олар жазылған соң, ол оларды түсіндірді. Міне, оның оларға былай деп айтқан сөздері мыналар: Әке Малахиге былай деді: міне, мен хабаршымды жіберемін және ол менің алдымда жол дайындайтын болады, ал сендер іздеп жүрген Жаратқан Ие кенеттен өз ғибадатханасына келетін болады, яғни, сендер қуанатын келісімнің Елшісі; міне, ол келеді, ‑ дейді Әскербасы Жаратқан Ие.
2 Бірақ оның келетін сол күніне кім төзе алады және ол көрінген кезде кім тұра алады? Өйткені ол балқытатын от тәрізді, әрі тазартқыш сілті сияқты.
3 Міне ол күмісті балқыту және тазарту үшін отыратын болады; әрі ол Леуінің ұлдарын тазартады және оларды алтын мен күмістей балқытады, осылайша олар Жаратқан Иеге тартуын әділдікте ұсына алатын болады.
4 Сонда Яһуда мен Иерусалимнің әкелген тартуы баяғы күндер мен ежелгі жылдардағыдай Жаратқан Иеге ұнамды болады.
5 Міне мен сендерге үкім шығару үшін жақындап келемін; ал Мен сиқыршыларды, неке адалдығын бұзушылар мен ант бұзушыларды, жалдамалыға ақша төлеу үшін қысым көрсеткендерді, жесір мен жетімге қиянат жасағандарды, келгендерден теріс бұрылғандарды және меннен қорықпайтындарды тез, әшкерелейтін боламын, дейді Әскербасы Жаратқан Ие.
6 Өйткені Мен — Жаратқан Иемін, Мен өзгермеймін; сондықтан Жақыптың ұлдары, сендер жойылған жоқсыңдар.
7 Тіпті ата‑бабаларыңның күндерінен бері сендер менің өсиеттерімнен алыстап кеттіңдер және оларды ұстанбай келесіңдер. Маған қайтып келіңдер және мен де сендерге қайтып ораламын, дейді Әскербасы Жаратқан Ие. Бірақ сендер: Біз қайда ораламыз? дейсіңдер.
8 Адам Құдайдан ұрлай ма? Алайда сендер Менен ұрлайсыңдар. Бірақ сендер:«Біз сені қай жерден тонадық?» – дейсіңдер. Ондықтар мен тартуларда.
9 Сендер қарғысқа ұшырадыңдар, өйткені сендер, бүкіл халық, менен ұрлап жатырсыңдар.
10 Менің үйімде ас болуы үшін өздеріңнің барлық ондықтарыңды қоймаға әкеліңдер; ал мені осымен сынап көріңдер, — дейді Әскербасы Жаратқан Ие, сонда мен сендерге көктің саңауларын ашып, әрі сендерге оны қабылдауға жеткілікті орын болатын батасын төкпеймін бе.
11 Ал мен сендер үшін жердің жемісін жеушілерді сенен айырамын, ал сенің өрісіңдегі жүзім бұтағы да өз жемісін жоғалтпайды, — дейді Әскербасы Жаратқан Ие.
12 Міне барлық халықтар сендерді бақытты деп атайтын болады, өйткені сен қалаулы ел боласың, – дейді Әскербасы Жаратқан Ие.
13 Сендердің сөздерің маған қарсы дөрекі болды, – дейді Жаратқан Ие. Сонда да сендер: «Біз саған қарсы не айттық?» – дейсіңдер.
14 Сонда сендер: «Құдайға қызмет ету бекер, ал оның қасиетті рәсімдерін орындап, Әскербасы Жаратқан Иенің алдында қайғырып жүргенімізден не пайда?» – дейсіңдер.
15 Ал енді тәкаппарларды бақытты деп атаймыз; иә, зұлымдық жасайтындар тұрақтанған; иә, олар Құдайды азғырса да, тіпті жазадан да аман қалады.
16 Ал Жаратқан Иеден қорқатындар бір‑бірімен жиі сөйлесетін, ал Жаратқан Ие тыңдап еститін; ал оның алдында Жаратқан Иеден қорқатын және Оның есімін құрметтейтіндер туралы естелік кітабы жазылған болатын.
17 Міне мен інжу‑маржандарымды жинаған күні олар мендікі болады, — дейді Әскербасы Жаратқан Ие, — адам өзіне қызмет еткен ұлына мейірімділік танытқандай, Мен де оларға мейірімділік танытатын боламын.
18 Сонда сендер қайтып ораласыңдар және әділ мен зұлымның, әрі Құдайға қызмет ететіндер мен оған қызмет етпейтіндердің арасындағы айырмашылықты ажырататын боласыңдар.