Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 4


4‑ші тарау

Нефиліктердің жасақтары Гадиантон қарақшыларын талқандайды. Гиддианхи өлтірілді, ал оның мұрагері Земнариһах дарға асылады. Нефиліктер жеңістері үшін Жаратқан Иені мадақтайды. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 19–22 жж.

Міне дәл солай болды, он сегізінші жылдың соңында қарақшылардың сол жасақшылары шайқасқа дайындалды және төбелерден де таулардан да шөл даладан да олардың бекіністері мен жасырын жерлерінен де төмен түсіп, жылжи бастады, әрі оңтүстіктегі де, солтүстіктегі де жерлерді иемдене бастады және Нефиліктер тастап кеткен барлық жерлерді де қаңырап бос қалдырған қалаларға да иелік ете бастады.

Бірақ міне, Нефиліктер тастап кеткен жерлерде жабайы аңдар да, аң‑құс та жоқ еді және қарақшыларға аң аулайтын аң‑құс та жоқ, тек аңрап қалған шөл дала ғана.

Ал қарақшылар азық‑түліктің жоқтығынан шөл даладан басқа еш жерде өмір сүре алмады; өйткені Нефиліктер өз жерлерін қаңырап бос қалдырды да өздерінің малдары мен өздерінің табындарын және өздерінің барлық мал‑мүлкін жинап алды да олардың барлығы бір жерде болды.

Сондықтан қарақшылардың Нефиліктерге қарсы ашық шайқасқа шығудан басқа тонап және тамақ табудың мүмкіндігі болмады; міне Нефиліктер бір жерде болды және олардың саны соншалықты көп болғандықтан әрі олар өздеріне жеті жыл өмір сүретін азық‑түлік пен жылқыларды және ірі қара малдар мен ұсақ малдың барлық түрін жинап алды, осы уақыт ішінде олар қарақшыларды жер бетінен жоюға үміттенді; осылайша он сегізінші жыл өтті.

Міне дәл солай болды, он тоғызыншы жылы Гиддианхи Нефиліктерге қарсы шайқасқа шығуды жөн деп тапты, өйткені олар қарақшылық пен тонау және кісі өлтіру әрекеттерін жасамай, өздерін ешқандай жолмен асырай алмады.

Міне Нефиліктер оларға шабуыл жасап және оларды өлтіріп кетеді ма деп қорқып, олар астық өсіру үшін сол жердің бетіне бытырап кетуге батылы бармады; сондықтан Гиддианхи өз әскерлеріне осы жылы Нефиліктерге қарсы шайқасқа шығуды бұйырды.

Міне дәл солай болды, олар шайқасқа шықты; ал бұл алтыншы айда болды; ал енді, олардың шайқасқа шыққан күні ұлы да қорқынышты болды; міне олар қарақшылардың әдет‑ғұрыптары бойынша киінген; және олардың белдерінде қой терісі оралған және олар қанға боялған еді, әрі олардың бастары қырқылған және бастарына дулыға киген болатын; міне Гиддианхи жасақтарының пайда болуы олардың сауыт‑сайманына және қанға боялғанына сыртқы келбетіне байланысты ұлы да қорқынышты болды.

Міне дәл солай болды, Нефиліктердің жасақтары Гиддианхи әскерінің пайда болғанын көрген кезде, олардың барлығы жерге құлады да, Құдайлары Жаратқан Ие оларға рақым етуін және жауларының қолынан құтқаруын сұрап жалынды.

Міне дәл солай болды, Гиддианхидың жасақтары мұны көрген кезде, қуаныштан дауыстап қатты айқайлай бастады, өйткені олар Нефиліктер бұлардың жасақтарының үрейінен қорқып құлады деп ойлаған еді.

10 Бірақ бұл жағдайда олар алданып қалды, Нефиліктер олардан қорықпады; бірақ олар өздерінің Құдайларынан қорықты және одан қорған болуын сұрап жалбарынды; сондықтан Гиддианхидің жасақшылары оларға қарсы шапқан кезде, олар оларды қарсы алуға дайын болды; иә, олар Жаратқан Иенің күшімен оларды қарсы алды.

11 Міне сол алтыншы айда шайқас басталды; ал оның шайқасы ұлы да қорқынышты болды, иә, бұл қанды қырғын ұлы да қорқынышты болғаны соншалық, ол Иерусалимнен шығып кеткен кезден бері бүкіл Лехи халқының арасында мұндай сұмдық қырғын бұрын‑соңды болған емес.

12 Міне Гиддианхидің жариялаған қоқан‑лоқылар мен анттарға қарамастан, міне, Нефиліктер оларды соққыға жыққаны соншалық, қарақшылар олардан кері қарай шегінді.

13 Міне дәл солай болды, Гидгиддони өз әскерлеріне оларды шөл далаға дейін қуып шығуды және олар жолда олардың қолдарына түскен ешкімді аямауды бұйырды; осылайша олар Гидгиддонидің бұйрығын орындамайынша, олар оларды шөл даланың шекарасына дейін соңынан қуып отырып өлтірді.

14 Міне дәл солай болды, батыл соғысқан Гиддианхи қашып бара жатқанда қуғынға түсті; ал ұзақ шайқастардан шаршаған ол тұтқынға түсті және өлтірілді. Міне қарақшы Гиддианхидің ақыры осылай аяқталды.

15 Міне дәл солай болды, Нефиліктердің жасақшылары өздерінің қауіпсіз орындарына қайта оралды. Міне дәл солай болды, осы он тоғызыншы жыл өтті кетті, ал қарақшылар бұдан былай соғысуға келмеді; олар жиырмасыншы жылы да қайта келмеді.

16 Міне жиырма бірінші жылы олар шайқасқа шықпады, бірақ олар Нефи халқын қоршау астына алу үшін жан‑жақтан шықты; өйткені егер олар Нефи халқын өз жерлерінен қиып тастаса, және оларды жан‑жақтан қоршап алса және оларды барлық сыртқы артықшылықтарынан айырып тастаса, олар өз еркімен бас иеді деп ойлады.

17 Енді олар өздеріне басқа басшы тағайындады, Земнариһах есімді; сондықтан бұл қоршаудың орын алуына Земнариһахтың өзі себепкер болды.

18 Бірақ міне, бұл Нефиліктер үшін қолайлы болды; өйткені қарақшылардың Нефиліктерге әсер ету үшін ұзақ уақыт оларды қоршауда ұстап тұру мүмкін емес еді, өйткені олардың жинаған азығы мол болғандықтан,

19 Сондай‑ақ қарақшылар арасында азықтың тапшылығынан да; өйткені олардың күнкөрісі үшін еттен басқа ештеңесі жоқ еді, ал сол етті олар шөл даладан аулап табатын;

20 Міне дәл солай болды, шөл далада жабайы аң аз болғаны сонша, сондықтан қарақшылар аштықтан өлуге жақын қалды.

21 Ал Нефиліктер күндіз‑түні тынымсыз жорыққа түсіп, олардың жасақтарына шабуыл жасап отырды және оларды мыңдап және он мыңдап қырды.

22 Міне осылайша, Земнариһахтың халқы түні де, күндіз де үлкен қырғынға ұшырағандықтан, өз жоспарларынан бас тартқысы келді.

23 Міне дәл солай болды, Земнариһах өз халқына қоршаудан бас тартып, солтүстікке қарай жердің ең шалғай жерлеріне көшуді бұйырды.

24 Ал енді Гидгиддони олардың жоспарын білетіндіктен және азық тапшылығынан олардың тапшылығынан мен олардың арасында болған үлкен қырғындағы әлсіздіктері мәлім еді, сондықтан ол түнде өз жасақтарын жіберді де олардың шегіну жолын кесіп тастады және өз жасақтарын олардың шегінетін жолында орналастырып қойды.

25 Міне олар мұны түнгі уақытта істеді, олар қарақшылардан біршама қашық жүріп өтті, сондықтан келесі күні қарақшылар жорыққа шыққан кезде, оларды Нефиліктердің жасақтары алдынан да, артында да қарсы алды.

26 Ал оңтүстікте жүрген қарақшылар да шегінетін орындарында кесілді. Мұның бәрі Гидгиддонидің бұйрығымен орындалды.

27 Міне онда мыңдаған адам Нефиліктердің қолына өз еркімен берілді, ал солардың қалғаны өлтірілді.

28 Ал олардың көсемі Земнариһах тұтқынға алынды және ағашқа, иә, тіпті ағаштың басына, өлгенше іліп қойды. Міне олар оны өлгенше дарға іліп қойғаннан кейін, ағашты жерге құлатты да қатты дауыспен айқайлап, былай деді:

29 Жаратқан Ие өз халқын әділдік пен жүректің киелілігінде сақтасын, сонда олар осы адам жерге құлағанындай, оларды сол кімде‑кім билік пен құпия одақтар үшін өлтіргісі келетіндердің барлығын жермен жексен етсін.

30 Міне олар қуанып, тағы да бір ауыздан айқайлап, былай деді: Ыбырайымның Құдайы және Ысқақтың Құдайы және Жақыптың Құдайы осы халықты өз Құдайының атын шақырған сайын, әділдікпен қорғасын.

31 Міне дәл солай болды, олар бір кісідей ән айтып, өздерінің Құдайын олар үшін жасаған ұлы істері үшін мадақтауға кірісті, оларды жауларының қолына түсіп қалудан сақтап қалған.

32 Иә, олар былай деп айқайлады: Құдай Тағалаға Хосанна! Міне олар былай деп айқайлады: Құдіреті шексіз Жаратқан Иенің есімі мадақталсын, Құдай Тағалаға!

33 Міне олардың жүректері қуанышқа толы болғаны сонша, оларды жауларының қолынан құтқарған Құдайдың үлкен ізгілігі үшін олар көз жасын төкті және олар өкінгендері мен кішіпейілділіктерінің арқасында мәңгілік жойылудан азат етілгенін білді.