Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 15


15‑ші тарау

Иса Мұсаның заңы Өзінің бойында орындалғанын жариялайды. Нефиліктер – бұл туралы Ол Иерусалимде айтқан сол басқа қойлар. Өйткені, заңсыздықтың кесірінен Иерусалимдегі Жаратқан Иенің халқы Исраилдің бытырап кеткен қойларын білмейді. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 34 ж.

Міне дәл солай болды, Иса осы сөздерін айтып болған соң, көзін айнала жұртқа қадап, оларға былай деді: Міне, сендер мен Әкемнің қасына көтерілмес бұрын үйреткен нәрселерімді естідіңдер; сондықтан кім менің осы сөздерімді есінде сақтап, соларды орындайтын болса, мен оны соңғы күні қайта тірілтемін.

Міне дәл солай болды, Иса осы сөздерді айтқан кезде, олардың арасында таңғалып, Мұсаның заңына қатысты не істеу керектігін ойланып қалғандардың бар екенін білді; өйткені олар ескінің өтіп кеткенін, ал барлық нәрсенің жаңаға айналғанын түсінбеді.

Ол оларға былай деді: Менің сендерге ескі нәрселер өтіп кетті, ал барлық нәрсенің жаңаға айналды деп айтқаныма таң қалмаңдар.

Міне, мен сендерге айтамын, Мұсаға берілген заң орындалды.

Міне, Мен ‑осы заңды берген менмін және халқым Исраилмен келісім жасасқан да менмін; сондықтан бұл заң менде орындалды, өйткені мен сол заңды орындау үшін келдім; сондықтан ол аяқталды.

Міне, мен пайғамбарларды жоққа шығармаймын, өйткені менде мұның бәрі әлі орындалған жоқ, сендерге шындығын айтамын, бәрі де орындалады.

Міне мен сендерге ескі нәрселер өтіп кетті деп айтқандықтан, мен келер шаққа қатысты айтылғандарды жоққа шығармаймын.

Міне енді, халқыммен жасасқан келісімнің барлығы толығымен орындалған жоқ; бірақ Мұсаға берілген заң менде аяқталды.

Біліп қойыңдар, мен заңмын, әрі нұрмын. Маған бет бұрыңдар да, соңына дейін табанды болыңдар, сонда өмір сүресіңдер; өйткені соңына дейін шыдамдылық танытқанға мен мәңгілік өмір беремін.

10 Міне, мен сендерге өсиеттерді бердім; сондықтан менің өсиеттерімді орындаңдар. Міне бұл заң мен пайғамбарлар, өйткені олар мен туралы шынайы куәлік етті.

11 Міне дәл солай болды, Иса осы сөздерді айтқаннан кейін, ол өзі таңдаған он екіге былай деді:

12 Сендер менің шәкірттерімсіңдер; міне сендер Жүсіп әулетінің тамтығы болып табылатын осы халыққа нұрсыңдар.

13 Міне, мына жер сендердің еншілеріңе берілген жер; ал оны сендерге Әке берді.

14 Ал бұл туралы Иерусалимдегі сендердің бауырларыңа айтуымды Әкем маған ешқашан бұйырған емес.

15 Сондай‑ақ Әкем маған мен оларға Әкем елден алып шыққан Исраил үйінің басқа рулары туралы айтуды ешқашан өсиет еткен емес.

16 Әкемнің маған оларға тек осыны айтуды бұйырды:

17 Бұл отарға жатпайтын басқа да қойларым бар; мен соларды да алып келуім керек, міне олар даусымды естіп таниды, сонда бір бағушы мен біртұтас отар болады.

18 Міне енді, жүректің қаталдығы мен сенімсіздіктің салдарынан олар менің сөзімді түсінбеді; сондықтан да маған Әкем бұл туралы бұдан былай оларға айтпауды бұйырды.

19 Бірақ сендерге шындығын айтамын: Әкем маған бұйырды, міне мен сендерге мынаны айтамын: сендер солардың заңсыздықтары үшін олардан ажыраған болатынсыңдар; сондықтан олар өздерінің зұлымдықтары үшін сендер туралы білмейді.

20 Міне мен сендерге тағы да шындығын айтамын, Әке басқа тайпаларды да олардан бөліп тастады; ал олар өздерінің зұлымдықтары үшін олар туралы білмейді.

21 Міне мен сендерге шындығын айтамын, сол мен айтқан сендерсіңдер: Бұл отарға жатпайтын басқа да қойларым бар; мен соларды да алып келуім керек, міне олар даусымды естіп таниды, сонда бір бағушы мен біртұтас отар болады.

22 Міне олар мені түсінбеді, өйткені олар өзге ұлттарөкілдері екеніне сенді; өйткені олар уағыздау арқылы өзге ұлттардың дінге келуі керек екенін түсінбеді.

23 Міне олар менің дауысымды еститінін айтқанымда, олар мені түсінбеді; ал өзге ұлттар даусымды ешқашан естімейтінін олар түсінбеді, Киелі Рух арқылы болмаса, мен оларға өзімді көрсетпеймін.

24 Бірақ міне, сендер менің даусымды естідіңдер және мені көрдіңдер; ал сендер менің қойларымсыңдар және сендер Әкемнің сол маған бергеннің қатарындасыңдар.