Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 5


5‑ші тарау

Нефиліктер тәубеге келеді және күнәларынан бас тартады. Мормон өз халқының тарихын жазады және оларға мәңгілік інжіл хабарын жария етеді. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 22–26 жж.

Ал енді міне, бүкіл нефи халқының арасында барлық қасиетті пайғамбарлардың айтқан сөздеріне күмәнданатын бірде‑бір жан болған жоқ; өйткені олар бұл сөздердің орындалуы қажет екенін білді.

Міне олар пайғамбарлардың сөздері сәйкес берілген көптеген белгілерді ескере отырып, Мәсіхтің келуі қажет екенін білді; ал өйткені бұл нәрселер бұрыннан белгілі болғандықтан айтылғанға сәйкес мұның бәрі де айтылғанға сәйкес орындалуы қажет екенін білді.

Сондықтан олар өздерінің барлық күнәларын және өздерінің жиіркенішті істері мен өздерінің азғындықтарын тастады да күндіз‑түні Құдайға бар ынтасымен қызмет етті.

Міне дәл солай болды, олар барлық қарақшыларды тұтқынға алған кезде, тірі қалған ешкім қашып құтыла алмады, олар тұтқынға түскендерді түрмеге тастады да оларға Құдай сөзін уағыздауды бұйырды; ал өздерінің күнәларына өкініп, бұдан былай өлтірмейміз деп келісімге келгендердің барлығы босатылды.

Бірақ келісімге келмей, әрі сол жасырын кісі өлтіруді әлі күнге дейін жүрегінде сақтағандардың барлығы, иә, өз бауырларын қорқытып‑үркітіп жатқандар табылды, олар кінәлі деп танылып, заңға сәйкес жазаланды.

Міне осылайша олар осыншама зұлымдық пен кісі өлтіруге әкелген барлық зұлым мен жасырын және жиіркенішті одақтас әрекеттердің барлығын тоқтатты.

Міне осылайша жиырма екінші жыл да сонымен қатар жиырма үшінші жыл да жиырма төртінші жыл да жиырма бесінші жыл да өтті; міне осылайша жиырма бес жыл өтті.

Міне онда көптеген нәрселер болды, кейбіреулердің көз алдында керемет және таңғаларлық болып көрінді; соған қарамастан, олардың барлығын бұл кітапта жазу мүмкін емес; иә, бұл кітапта жиырма бес жыл ішінде осынша көп адамның арасында жасалған істің жүзден бір бөлігін де қамти алмайды;

Бірақ міне, бұл халықтың барлық істерін қамтитын жазбалар бар; міне қысқарақ, бірақ шынайы баяндамы берген Нефи болатын.

10 Сондықтан мен бұл істерді Нефидің парақтары деп аталатын парақтарда ойылып жазылған Нефидің жазбасы бойынша жаздым.

11 Ал міне, мен осы жазбаларды өз қолыммен жасаған парақтарға жазып жатырмын.

12 Ал міне, мен Мормон деп аталдым, Мормон жерінің атымен аталдым, бұл жерде Алма халық арасында шіркеу орнатқан, иә, олардың күнәларынан кейін олардың арасында құрылған алғашқы шіркеуін.

13 Міне, мен Құдай Ұлы Иса Мәсіхтің шәкіртімін. Мені ол оның халқы мәңгілік өмірге ие болуы үшін оның сөзін жариялауға мені шақырды.

14 Құдайдың қалауы бойынша мен қалауымен осы жерден кеткен, әулие болған жандардың иманына сай дұға‑тілектері орындалуы үшін, болған істер жайлы жазбаны жазуым керек болды —

15 Иә, Лехидің Иерусалимнен кеткен кезінен бастап қазіргі уақытқа дейін болған жайттың шағын жазбасын.

16 Сондықтан мен өзімнің жазбамды, менің күнім басталғанға дейін, сол бұрынғылар жазып қалдырған жазбаларға сүйене отырып жүргізіп отырмын;

17 Міне содан кейін мен өз көзіммен көрген нәрселерді жазбаға түсіремін.

18 Міне мен жазатын жазбаның әділ әрі шынайы жазба екенін білемін; соған қарамастан тіліміздің кесірінен жаза алмайтын нәрселер көп.

19 Ал енді мен өзім туралы айтуды аяқтаймын және өзімнен бұрын болған жайттар туралы баяндауды жалғастырамын.

20 Мен Мормонмын және Лехидің таза ұрпағымын Менің Құдайым және Құтқарушым Иса Мәсіх аталарымызды Иерусалим жерінен алып шыққаны үшін мадақтауға негіз бар (бұл туралы соның өзінен және сол елден алып шыққандардан басқа ешкім білмеді) және біздің жанымызды құтқару үшін ол маған және менің халқыма соншалықты көп білім берді.

21 Расында, ол Жақыптың үйіне батасын берді және Жүсіптің ұрпағына мейірімділік танытты.

22 Міне Лехидің ұрпақтары оның өсиеттерін қаншалықты орындаса, ол оларға батасын берді және өз сөзіне сай оларды өркендетіп табысқа кенелтті.

23 Иә, ол Жүсіп ұрпағының тамтығын қайтадан өздерінің Құдайлары Жаратқан Иені тануға әкеледі.

24 Міне Жаратқан Иенің көзі тірісіндей, ол жердің төрт бұрышынан бүкіл жер бетіне бытырап кеткен Жақып ұрпағының қалдығын жинайды.

25 Міне ол Жақыптың бүкіл әулетімен келісім жасасқандықтан, Жаратқан Иенің Жақыптың үйімен жасасқан келісімі де Жаратқан Иенің белгілеген уақытында орындалады, бұл Жақыптың бүкіл үйі оның олармен жасасқан келісімін танып‑білу үшін ​​қайтадан қалпына келтірілетін болады.

26 Міне сонда олар өздерінің Құтқарушысын, яғни Құдай Ұлы Иса Мәсіхті білетін болады; ал содан кейін олар бытырап кеткен жердің төрт бұрышынан өз жерлеріне жиналатын болады; иә, Жаратқан Иенің көзі тірісіндей, бұл солай болады. Әумин.