Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 19


19‑шы тарау

Он екі шәкірт халыққа қызмет етеді және Киелі Рух үшін дұға қылады. Шәкірттер су рәсімінен өтеді және Киелі Рух пен періштелердің қызметін қабылдайды. Иса жазуға мүмкін емес сөздерді қолданып дұға етеді. Бұл нефиліктердің асқан зор сенімін дәлелдейді. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 34 ж.

Міне дәл солай болды, Иса көкке көтерілгенде, жұрт тарқады және әр ер адам өз әйелі мен балаларын алды да өз үйіне қайтып оралды.

Ал бұл хабар адамдар арасында, әлі қараңғы түспей жатып, жұрт Исаны көргенін және оның оларға қызмет еткенін және келесі күні ол өзін жұртқа танытатыны туралы хабар бірден тарады.

Иә, Иса туралы хабар тіпті түні бойы тарады; міне олар оны халық арасында өте көп таратты, иә, өте көп адамдар ертеңгі күні Иса өзін көпшілікке көрсететін жерде болуы үшін, түні бойы тым көп еңбек етті.

Міне дәл солай болды, келесі күні жұрт бірге жиналған кезде, міне, Нефи және өзі қайта тірілткен Тімоте есімді ағасы, сондай‑ақ оның есімі Жүніс деген ұлы, сондай‑ақ Матони, Матониһах, оның ағасы, Кумен мен Куменонхи және Еремия мен Шемнон, Жүніс пен Седекиях және Ишая—Исаның таңдап алған шәкірттерінің есімдері осылар еді—міне дәл солай болды, олар барды да көпшіліктің ортасында тұрды.

Ал міне, жұрттың көп болғаны сонша, олар он екі топқа бөлінуді бұйырды.

Міне он екі шәкірті жұртқа тәлім берді; ал міне, олар жұртқа жерге тізе бүгіңдер де Әкеге Исаның атынан дұға етуді бұйырды.

Міне шәкірттері де Исаның атынан Әкеге дұға етті. Міне дәл солай болды, олар орнынан тұрып, халыққа қызмет етті.

Міне олар Иса айтқан сол сөздерді орындап қызмет еткенде—Исаның айтқан сөздерінен ештеңе өзгерген жоқ—міне, олар қайтадан тізерлеп, Исаның атынан Әкеге дұға етті.

Міне олар шын жүректен тілеген нәрсесі үшін дұға етті және олар Киелі Рухтың өздеріне берілуін тіледі.

10 Міне олар осылай дұға етіп болған соң, олар судың жағасына түсті, ал халық олардың соңынан ерді.

11 Міне дәл солай болды, Нефи суға түсіп, су рәсімінен өтті.

12 Ол судан көтеріліп, су рәсімінен өткізуге кірісті. Міне ол сол Иса таңдап алғандардың барлығын су рәсімінен өткізді.

13 Міне дәл солай болды, олардың барлығы су рәсімінен өтіп, судан шықты, оларға Киелі Рух түсіп, олар Киелі Рух пен отқа толды.

14 Ал міне, олар отпен қоршалғандай болды; міне ол көктен түсті, ал оған халық куә болды және куәлік етті; міне көктен періштелер түсіп, оларға қызмет етті.

15 Міне дәл солай болды, періштелер шәкірттерге қызмет етіп жатқан кезде, міне Иса келді және орталарына тұрып, оларға қызмет етті.

16 Міне дәл солай болды, ол жұртқа сөйлеп, оларға қайтадан жерге тізе бүгуді, сондай‑ақ өз шәкірттеріне де жерге тізе бүгүді бұйырды

17 Міне дәл солай болды, олардың барлығы жерге тізе бүккен кезде, ол шәкірттеріне дұға етуді бұйырды.

18 Міне, олар дұға ете бастады; міне олар Исаны өз Жаратқан Иеміз әрі Құдайым деп атап, оған дұға етті.

19 Міне дәл солай болды, Иса олардың арасынан шықты да олардан сәл алыстап, жерге тағзым етіп, былай деді:

20 Әке, мен таңдаған осы адамдарға Киелі Рухты бергенің үшін саған алғыс айтамын; міне олардың маған деген сенімінің арқасында мен оларды осы дүниеден таңдадым.

21 Әке, мен олардың сөздеріне сенетіндердің барлығына Киелі Рухты беруіңді өтінемін.

22 Әке, сен оларға Киелі Рухты бердің, өйткені олар маған сенеді; міне сен олардың маған сенетінін көріп тұрсың, өйткені сен оларды естисің және олар маған дұға етуде.

23 Ал енді Әке, мен саған олар үшін, сондай‑ақ олардың сөздеріне сенетіндердің барлығы маған сенім артуы үшін дұға етемін, сонда Әке, сен менімен бірге болғаныңдай, мен де олармен бірге болып, біз бір болуымыз үшін.

24 Міне дәл солай болды, Иса Әкесіне осылай дұға еткеннен кейін, ол шәкірттерінің қасына келді, ал олар әлі де тоқтаусыз оған дұға етуді жалғастырып жатты; міне олар сөздерін көбейткен жоқ еді, өйткені оларға ненің дұға ету керектігі берілген болатын, ал олар Киелі Рухқа толы болды.

25 Міне дәл солай болды, олар оған дұға етіп жатқан кезде, Иса оларға батасын берді; міне оның жүзі оларға күлімдеді және оның жүзіндегі нұр оларға нұр шашты, ал олар Исаның жүзі мен киіміндей аппақ еді; міне, оның ақтығы барлық ақтықтан асып түсті, иә, тіпті жер бетінде оның ақтығындай ақ ештеңе болуы мүмкін емес еді.

26 Міне Иса оларға былай деді: Дұға етіңдер; дегенмен олар дұға етуді тоқтатқан жоқ еді.

27 Міне ол олардан қайтадан бұрылып, сәл алшақтап, жерге дейін иіліп тағзым етті де, ол Әкеге тағы да дұға етіп, былай деді:

28 Әке, мен сол таңдағандарымды олардың сенімі үшін оларды тазартқаның үшін саған ризашылығымды білдіремін, міне мен солар үшін және солардың сөздеріне сенетіндер үшін, дұға етемін, сонда мыналар менің бойымда тазарғандай, олардың сөздеріне сену арқылы олар менің бойымда тазару мүмкіндігін алады.

29 Әке, мен дүние үшін емес, керісінше олардың сенімдері үшін осы дүниеден маған бергендерге дұға етемін, сонда олар менде тазарып, мен де олармен бірге болуым үшін, сен Әке, менімен бірге болғаның сияқты, біз бір боламыз, сонда мен осылар арқылы даңққа бөленемін.

30 Міне Иса осы сөздерді айтып болған соң, шәкірттеріне қайтып оралды; міне, олар оған тынымсыз табандылық танытып дұға етті; ал ол оларға қайтадан күлімдеді; міне, олар да аппақ еді, тіпті Иса сияқты.

31 Міне дәл солай болды, ол тағы да сәл алшақтау жерге барды да Әкеге дұға етті;

32 Ал тіл оның дұға еткен сөздерін айта алмайды, ал адам баласы оның дұға еткен сөздерін жаза алмайды.

33 Ал жұрт мұны естіді және куәлік етті; ал олардың жүректері ашылды және олар оның дұға еткен сөздерін жүректерінде түсінді.

34 Соған қарамастан, оның дұға еткен сөздері соншалықты ұлы да керемет болғаны сонша, оларды жазып та, адам баласы айтып жеткізе де алмайды.

35 Міне дәл солай болды, Иса дұға етуді аяқтағаннан кейін шәкірттерінің қасына қайта оралып, оларға былай деді: Мен барлық яһудилердің арасында мұндай үлкен сенімді ешқашан көрген емеспін; сондықтан олардың сенімі жоқ болғандықтан мен осындай ұлы кереметтерді оларға көрсете алмадым.

36 Сендерге мен шындығын айтамын, олардың ешқайсысы сендер көрген керемет нәрселерді көрген емес; олар сендер естіген осындай керемет нәрселерді естіген емес.