17‑ші тарау
Иса халықты оның сөздерін ой елегінен өткізіп әрі түсіну үшін дұға етуге бағыттайды. Ол олардың дертке шалдыққандарын сауықтырады. Жазу мүмкін емес тілді пайдаланып, халық үшін дұға етеді. Періштелер оларға қызмет етеді және олардың балаларын от қоршап алады. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 34 ж.
1 Міне дәл солай болды, Иса осы сөздерді айтып болған соң, тағы да көпшілікке назарын аударып, ол оларға былай деді: Міне, менің уақытым таяп қалды.
2 Мен сендердің әлсіз екендеріңді және осы уақытта Әкемнің сендерге айтуын бұйырған менің сөздерімнің барлығын түсіну мүмкін емес екенін түсінемін.
3 Сондықтан, сендер үйлеріңе барыңдар да, менің айтқанымды ой елегінен өткізіңдер және сендер түсініп, әрі ертеңгі күнге өз саналарыңды дайындау үшін Әкемнен Менің атымнан сұраңдар, сонда мен сендерге тағы да келемін.
4 Ал енді мен Әкеме, сондай‑ақ Исраилдің адасқан тайпаларына өзімді көрсету үшін барамын, олар Әкенің алдында жоғалған жоқ, өйткені Ол оларды қайда алып кеткенін біледі.
5 Міне дәл солай болды, Иса осыны айтқаннан кейін, ол тағы да көпшілікке тағы да көз жүгіртті және олардың көздеріне жас алғанын көрді, және олар одан өздерімен тағы біраз қалуын өтінгендей, оған мұқият қарап тұрғанын көрді.
6 Міне ол оларға былай деді: Міне, менің ішім сендерге деген мейірімге толы.
7 Араларыңда науқас бар ма? Оларды осында әкеліңдер. Сендерде сал болып қалған немесе соқыр немесе ақсақ немесе мүгедек немесе алапес ауруына немесе сал болғандар немесе саңырау немесе қандай да бір ауруға шалдыққандар бар ма? Оларды осында әкеліңдер, мен оларды сауықтырамын, өйткені мен жанашырлық танытамын; менің ішім мейірімге толы.
8 Өйткені сендер Иерусалимдегі бауырларыңа не істегенімді сендерге көрсетуді қалайтындарыңды түсінемін, өйткені менің сендерді сауықтыруым үшін сендердің сенімдеріңнің жеткілікті екенін көріп тұрмын.
9 Міне дәл солай болды, ол осылай сөйлегеннен кейін, күллі жұрт, бір ауыздан олардың ауру‑сырқаулары мен олардың азап шеккендерімен және олардың ақсақтары мен соқырларымен және олардың мылқаулары мен кез келген дертке шалдыққандардың барлығымен бірге алға шықты; міне ол олардың әрқайсысын оның алдына әкелген кезде сауықтырды.
10 Міне олар барлығын істеді: айыққандар да, сау болғандар да оның аяғына иіліп, оған ғибадат етті; ал жұрт арасынан өтіп жақындай алғандар оның аяғын сүйіп, көз жасымен оның аяғын жуды.
11 Міне дәл солай болды, олардың кішкентай балаларын әкелуді бұйырды.
12 Сонда олар кішкентай балаларын әкелді де Исаның айналасына жерге отырғызды, ал Иса ортасында тұрды; міне Исаның алдына олардың барлығы жеткізілгенше көпшілік жолды босатты.
13 Міне дәл солай болды, олардың барлығы әкелінген кезде, міне Иса ортасында тұрды, ол көпшілікке жерге тізерлеп отыруды бұйырды.
14 Міне дәл солай болды, олар жерге тізерлеп отырған кезде, Иса іштей қайғырып, былай деді: Әке, мен Исраил үйі халқының зұлымдығы үшін алаңдаймын.
15 Міне ол осы сөздерді айтқан кезде, оның өзі де жерге тізерлеп отырды; ал міне, ол Әкеге дұға етті, әрі оның дұға еткен нәрселерін жазу мүмкін емес, ал оны естіген сол жұрт соған куә болды.
16 Міне осылайша олар куәлік етеді: Исаның Әкеге айтқан сөздерін көргеніміз бен естігеніміздей біз бұрын‑соңды мұндай ұлы және ғажайып нәрселерді көз көрмеген және құлақ естіген емес.
17 Міне ешбір тіл сөйлей алмайды, оны ешбір адам жаза алмайды да, Исаның сөйлеген сөзін біз көрген және естігендей адамдардың жүректері соншалықты ұлы және керемет нәрселерді елестете алмайды; Оның біз үшін Әкемізге дұға еткенін естіген кезде жанымызды толтырған қуанышты ешкім елестете алмайды.
18 Міне дәл солай болды, Иса Әкесіне дұға етуді аяқтаған соң, он орнынан тұрды; бірақ көпшіліктің қуанышы сондай зор болғандықтан, олар күш‑қуатынан айырылды.
19 Міне дәл солай болды, Иса оларға сөйлеп, орындарынан тұруға бұйырды.
20 Міне олар жерден көтерілді, ал Иса оларға былай деді: Сенімдерің үшін бақыттысыңдар! Ал енді, міне, менің қуанышым толы.
21 Міне ол осы сөздерді айтып болған соң, ол көзіне жас алды, ал көпшілік бұған куә болды, міне ол олардың кішкентай балаларын бір‑бірден алып, оларға батасын берді және олар үшін Әкеге дұға етті.
22 Міне ол осыны істеген кезде, ол тағы да көзіне жас алды.
23 Ол көпшілікке сөйлеп, оларға былай деді:
24 Міне олар көру үшін қараған кезде, олар назарын көкке қарай аударды, сонда олар көктің ашылғанын көрді және олар оттың ортасында болғандай көктен түсіп келе жатқан періштелерді көрді; міне олар төмен түсті және сол кішкентайларды қоршап алды, ал оларды от орап алды; міне періштелер оларға қызмет етті.
25 Міне көпшілік көрді және естіді әрі куәлік етті; міне олар өз жазбаларының шынайы екенін біледі, өйткені олардың бәрі көрді және естіді, әр адамның өзі; ал олардың саны екі мың бес жүздей жан болды; міне олар ерлер, әйелдер және балалар болмысынан тұрды.