Иса Мәсіх өзін Нефи халқына көрсетті, Молшылық жерінде көпшілік жиналып және оларға қызмет еткен кезде; міне осылайша ол өзін оларға көрсетті.
11-тараудан бастап.
11‑ші тарау
Әкесі Өзінің Сүйікті Ұлы туралы куәлік етеді. Мәсіх пайда болып, Өзінің Өтелуін жариялайды. Адамдар оның қолдарындағы, аяқтарындағы және бүйірлеріндегі жаралардың іздерін сезінеді. Олар Осанна деп айқалап шақырады. Ол су рәсімінен өту тәртібін және тәсілін белгілейді. Дау‑дамайдың рухы шайтаннан. Мәсіхтің ілімі ‑ ол адамдардың сенімі мен су рәсімінен өтуі және Киелі Рухты қабылдауы болып табылады. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 34 ж.
1 Міне енді дәл солай болды, Нефи халқының қалың жұрты Жомарт жерінде орналасқан, ғибадатхананың айналасына жиналды; міне олар өз ара таңданды да таң қалды және орын алған ұлы да таңғажайып өзгерісті бір‑біріне көрсетіп жатты.
2 Міне олар тағы оның өлімінің белгісі берілген осы Иса Мәсіх туралы айтып жатты.
3 Міне дәл солай болды, олар осылайша өзара бір‑бірімен сөйлесіп жатқан кезде, оларға көктен келген секілді бір дауыс естілді; міне олар жан‑жағына қарады, өйткені олар естіген дауысты түсінбеді; ал бұл дауыс қатал да қатты да емес еді; соған қарамастан, бұл жай дауыс болғанымен, оны естіген адамдардың жүрегіне қатты әсер етті, сондықтан бұл олардың денесін дүр сілкіндірмеген бірде‑бір мүше болмады; иә, бұл олардың жанын тесіп өтіп, жүректерін күйдірді.
4 Міне дәл солай болды, олар дауысты тағы естіді, бірақ олар оны түсінбеді.
5 Міне олар дауысты қайтадан үшінші рет естіді және оны есту үшін құлақтарын түрді; ал олардың көздері оның дыбысы шыққан жаққа қадалды да көкке үңіле қарады.
6 Ал міне, олар дауысты үшінші рет естігеннен түсінді; міне ол оларға былай деп айтты:
7 Міне, менің сүйікті Ұлым, ризамын мен оған, Мен өз есімімді кімде ұлықтадым, – оны тыңдаңдар.
8 Міне дәл солай болды, осыны түсінген олар тағы да көкке қарады; міне, олар көктен түсіп келе жатқан Адамды көрді; міне ол ақ киімге оранған болатын; міне ол төмен түсті де олардың ортасына келіп тұрды; міне бүкіл жұрттың көзі соған қарай бұрылды да олардың тіпті бір‑біріне ауыздарын ашуға да батылы жетпеді және мұның не екенін түсінбеді, өйткені олар өздеріне көрінгенді періште деп ойлады.
9 Міне дәл солай болды, ол қолын созды және халыққа сөйлеп, былай деді:
10 Біліп қойыңдар, Мен Иса Мәсіхпін, пайғамбарлар оның осы әлемге келетінін куәлік еткен.
11 Міне мен осы әлемнің нұры да өмірімін; міне мен Әкемнің маған берген ащы тостағанынан іштім және осы әлемнің күнәларын мойныма алып, Әкемді дәріптедім, онда мен Әкемнің еркіне барлық жағынан басынан бастап төзе білдім.
12 Міне дәл солай болды, Иса осы сөздерді айтқан кезде, бүкіл жұрт жерге құлады; өйткені олар Мәсіхтің көкке көтерілгеннен кейін оларға көрінетіні туралы алдын ала олардың арасында пайғамбарлық берілгенін есіне түсірді.
13 Міне дәл солай болды, Жаратқан Ие оларға былай деді:
14 Тұрыңдар да, маған келіңдер, сонда сендер қолдарыңды бүйірлеріме қоя аласыңдар және сонда сендер менің қолдарым мен аяғымдағы шегелердің ізін сезесіңдер, сонда Мен Исраилдің Құдайы және бүкіл жер бетінің Құдайы екенімді және осы дүниенің күнәлары үшін өлтірілгенімді білесіңдер.
15 Міне дәл солай болды, жұрт алға шығып, қолдарын оның бүйіріне қойды және оның қолдары мен оның аяғындағы шегелердің ізін сезінді; міне олар бірінен соң бірі алға шығып, барлығы көтеріліп, өз көздерімен көріп және өз қолдарымен ұстағанша, осылай істеді және олар бұл келеді деп пайғамбарлар жазған сол Құдай екенін шынымен біліп, куәлік етті.
16 Міне олардың барлығы көтеріліп және көздері жетіп куә болған кезде, олар бір ауыздан айқайлап, былай деді:
17 Осана! Құдіретті Құдайдың есімі мадақталсын! Міне олар Исаның аяғына жығылып, оған ғибадат етті.
18 Міне дәл солай болды, ол Нефиге сөйледі (өйткені Нефи жиналған жұрттың арасында еді) және оған шығуды бұйырды.
19 Міне Нефи орнынан тұрып, алға шықты да, Жаратқан Иенің алдында тағзым етіп, оның аяғынан сүйді.
20 Міне Жаратқан Ие оған тұруды бұйырды. Міне ол орнынан көтерілді де оның алдына келіп тұрды.
21 Міне Жаратқан Ие оған былай деді: Мен көкке қайта көтерілген кезімде, осы халықты су рәсімінен өткізуің үшін саған билік беремін.
22 Міне Жаратқан Ие тағы басқаларды да шақырып, оларға да солай деді; міне ол оларға су рәсімін өткізетін билік берді. Міне ол оларға былай деді: Су рәсімін мына тәртіппен өткізіңдер; және араларыңда ешқандай айтыс‑тартыс болмасын.
23 Сендерге шындығын айтамын, кім сендердің сөздерің арқылы күнәсі үшін тәубеге келер болса және менің атыммен су рәсімінен өтуді қалайтын болса, сендер оларды осылай су рәсімінен өткізіңдер – Міне, сендер төмен түсесіңдер және суда тұрасыңдар да менің атыммен оларды су рәсімінен өткізесіңдер.
24 Ал енді міне, сендердің айтатын сөздер мынау, олардың атын атап былай дейсіңдер:
25 Маған Иса Мәсіхтің берген билігіне ие бола, мен сені Әкенің, Ұлдың және Киелі Рухтың атымен су рәсімінен өткіземін. Әумин.
26 Міне содан кейін оларды суға батырасың және қайтадан судан шығарасың.
27 Міне осылайша Менің атыммен су рәсімінен өткізесіңдер; өйткені міне, сендерге шындығын айтамын: Әке мен Ұл және Киелі Рух біртұтас; міне Мен Әкемдемін, Әкем Менде, Әкем екеуміз біртұтаспыз.
28 Міне мен сендерге өсиет еткендей, осылайша су рәсімінен өткізесіңдер. Міне осыған дейін болғандай араларыңда дау‑дамай болмайды; сондай‑ақ осыған дейін болғандай, менің ілімімнің ережелері жөнінде сендердің араларыңда ешқандай дау‑дамай болмайды.
29 Өйткені шындықты, шындықты, мен сендерге айтамын, кімде дау‑дамай бар болса, ол менен емес, ол дау‑дамайдың атасы және адамдардың жүрегін олардың арасында қаһарлы дауға итермелейтін шайтаннан.
30 Міне, бұл менің ілімім емес, адамдардың жүрегін бір‑біріне қарсы ашуға итермелеу; керісінше міне, менің ілімім – мұндай нәрселерді тоқтату керек.
31 Міне, мен сендерге шындығын айтамын, мен сендерге өз ілімімді жария етемін.
32 Бұл менің ілімім және бұл Әкемнің маған берген ілімі; міне мен Әкем туралы куәлік етемін, ал Әкем мен туралы және Киелі Рух Әкем және мен туралы куәлік етеді; әрі мен куәлік етемін, Әкем барлық жердегі барлық адамдарға тәубеге келіп, маған сенуін өсиет етті.
33 Міне маған сенім артып су рәсімінен өткендер құтқарылады, Құдай Патшалығының мұрагерлері де солар.
34 Ал маған сенбейтін және су рәсімінен өтпегендердің барлығы қарғысқа ұшырайды.
35 Шындықты, шындықты, мен сендерге айтамын, бұл менің ілімім және мен куәлік етемін, бұл Әкеден; маған сенетіндердің бәрі Әкеге де сенеді; міне сонда Әкем оған мен туралы куәлік етеді, өйткені ол оған Киелі Рух және от арқылы келеді.
36 Міне осылайша Әкем мен туралы куәлік етеді, ал Киелі Рух оған Әкем және мен туралы куәлік етеді; өйткені Әкем және мен және Киелі Рух біртұтас.
37 Міне сендерге тағы да айтарым, сендер тәубеге келіңдер және кішкентай сәбидей болыңдар да менің атыммен су рәсімінен өтіңдер, әйтпесе сендер оны ешбір жолмен ала алмайсыңдар.
38 Міне сендерге тағы да айтарым, сендер тәубеге келіңдер де менің атыммен су рәсімінен өтіп, кішкентай бала сияқты болуларың керек, әйтпесе Құдай Патшалығын мұра ете алмайсыңдар.
39 Шындықты, шындықты, мен сендерге айтамын, бұл менің ілімім және соған сүйенетін әркім, менің іргетасымның үстінде тұрғаны әрі оны тозақ қақпасы жеңе алмайды.
40 Ал кімде‑кім осыдан азды‑көпті уағыздаса және оны менің тәлімім ретінде бекітетін болса, ол зұлымнан келеді және менің іргетасымның үстінде орнатылмаған; керісінше ол құмды іргетаста салынған, ал тозақтың есіктері топан су басып, әрі жел соққан кезде оларды қабылдау үшін ашық тұрады.
41 Сондықтан осы халыққа барыңдар да, мен айтқан сөздерді жердің түкпір‑түкпіріне дейін жеткізіңдер.