Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 29


29‑шы тарау

Мормон кітабының пайда болуы — бұл Жаратқан Иенің Исраилді жинап, өзінің келісімдерін орындауға кіріскенінің белгісі. Соңғы күндерде оның беретін аяндары мен сыйларынан бас тартқандар қарғысқа ұшырайды. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 34—35 жж.

Ал енді, менің сендерге айтарым, Жаратқан Ие өз даналығымен орынды деп тапқан кезде, бұл сөздер оның сөзіне сәйкес өзге ұлттарға жетеді, сонда сендер Әкенің Исраил балаларымен жасасқан келісімін білесіңдер, олардың мұрагерлік жерлеріне оралуына қатысты қазірдің өзінде орындала бастады.

Міне сендер қасиетті пайғамбарлар айтқан Жаратқан Иенің сөздерінің барлығы орындалатынын біліңдер; ал сендерге Жаратқан Ие Исраил балаларына келуін кейінге қалдырып жатыр деп айтудың қажеті жоқ.

Міне сендер жүректеріңде айтылған сөздерді бос сөз деп жүректеріңе елестетудің қажеті жоқ, өйткені міне, Жаратқан Ие өз халқы Исраил үйімен ол жасасқан келісімін есіне алады.

Міне сендер осы сөздердің араларыңда орындалып жатқанын көрген кезде, сонда Жаратқан Иенің істерінен бас тартудың қажеті болмайды, өйткені оның әділдігінің семсері оның оң қолында; ал міне, сол күні, егер сендер оның істеріне жоққа шығаратын болсаңдар, оның семсері көп ұзамай сендерге жететіндей қылып, істейді ол.

Кім Жаратқан Иенің істерінен бас тартқан болса қасіретке қалады; иә, кім Мәсіх пен оның істерін жоққа шығарған болса қасіретке қалады!

Иә, кім Жаратқан Иенің аяндарын жоққа шығаратын және Жаратқан Ие аянмен немесе пайғамбарлықпен немесе сыйлықтармен немесе тілдермен немесе сауықтырумен немесе Киелі Рухтың күшімен әрекет етпейді деп айтатынға қасірет!

Иә, сол күні пайда табу үшін Иса Мәсіхтің ешқандай керемет жасауы мүмкін емес деп айтатынға қасірет!; өйткені мұны істеген сол Мәсіхтің сөзіне сай, рақым көрмеген өлімнің ұлына ұқсайды!

Иә, бұдан былай сендерге яһудилерді немесе Исраил үйінің тамтығына ысқырудың немесе мысқылдаудың немесе мазақ етудің қажеті жоқ; өйткені міне, Жаратқан Ие олармен жасасқан келісімін есіне алды және ол оларға берген антына сай әрекет етеді.

Сондықтан сендер оның Исраил үйімен жасасқан келісімін орындап, үкімін жүзеге асырмас үшін, Жаратқан Иенің оң қолын солға бұра аламын деп ойламаңдар.