Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 27


27‑ші тарау

Иса оларға Шіркеуді Оның атымен атауды бұйырады. Оның миссиясы мен өтеу құрбандығы Оның Інжілін құрайды. Адамдарға Киелі Рух арқылы дәріптелу үшін тәубеге келіп, су рәсімінен өту өсиет етілді. Олар Иса сияқты болуы керек. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 34—35 жж.

Міне дәл солай болды, Исаның шәкірттері жолға шығып, Исаның атымен су рәсімінен өткізіп, әрі өздері естіген және көрген нәрселерін уағыздап жатты, дәл солай болды, шәкірттер бірге жиналды да құдіретті дұға мен оразада бірікті.

Иса оларға тағы да өзін көрсетті, өйткені олар Әкеге оның атынан дұға етті; міне Иса келіп, олардың ортасына тұрды да, оларға былай деді: Менің сендерге не беруімді қалайсыңдар?

Міне олар оған былай деді: Жаратқан Ие, бұл шіркеуді қалай атайтынымызды бізге айтуыңды қалаймыз; өйткені бұл мәселеге қатысты халық арасында.дау‑дамай бар.

Міне Жаратқан Ие оларға былай деді: Шындығын, шындығын сендерге айтамын, осыған қатысты халық неге күңкілдейді де дауласады?

Олар менің атым болып табылатын Мәсіхтің атын қабылдауларың керек деп жазылған жазбаларды оқымады ма? Өйткені соңғы күні сендер осы есіммен аталасыңдар;

Ал кім менің атымды қабылдап, соңына дейін шыдаса, сол соңғы күні құтқарылады.

Сондықтан не істесеңдер де, менің атымнан істейсіңдер; сондықтан сендер шіркеуді менің атыммен атайтын боласыңдар; міне сендер Әкемді менің атыммен шақырасыңдар, сонда ол мен үшін шіркеуге батасын беретін болады.

Ал егер ол менің атыммен аталмаған болса, қалайша ол менің шіркеуім болып табылады? Өйткені егер шіркеу Мұсаның атымен аталса, ол Мұсаның шіркеуі болады; немесе егер ол адамның атымен аталса, онда ол адамның шіркеуі болады; бірақ егер ол менің атыммен аталса, онда ол менің шіркеуім, егер олар менің Інжілімде бекітілген болса.

Шындығын сендерге айтамын, менің Інжілімде бекітілгенсіңдер; сондықтан нені атасаңдар да, менің атыммен атайсыңдар; сондықтан егер сендер Әкеге, яғни шіркеуге дұға етсеңдер, егер ол менің атымнан болса, Әке сендерді естиді;

10 Ал егер шіркеу менің Інжілімде бекітілген болса, онда Әкем онда өзінің істерін көрсететін болады.

11 Бірақ егер ол менің Інжілімде бекітілмесе және адамдардың істерінде немесе шайтанның істерінде бекітілген болса, сендерге шындығын айтамын, олар өз істеріне біраз уақыт қуанышқа бөленеді, әрі көп ұзамай ақыры да келеді және олар шабылып, отқа тасталады, одан қайтып оралмайды.

12 Өйткені олардың істері оларға ілеседі, өйткені олар өз істері үшін шабылатын болады; сондықтан сендерге айтқанымды есте сақтаңдар.

13 Міне, мен сендерге өзімнің Інжілімді бердім және мен сендерге берген Інжіл осы — Мен Әкемнің еркін орындау үшін әлемге келдім, өйткені мені Әкем жіберді.

14 Міне Әкем мені айқышта көтерілуім үшін жіберді; міне осыдан кейін мен барлық адамдарды өзіме тарту үшін айқышта көтерілдім, ал адамдар мені қөтергені сияқты, дәл солай Әкем адамдарды көтеретін болады, менің алдымда тұрып, олар істері жақсы ма, әлде жаман ба, үкімін алатын болады.

15 Міне осы себепті мен көтерілдім; сондықтан мен Әкенің құдіреті бойынша барлық адамдарды өзіме тартамын, сонда олар өз істеріне сай үкімін алатын болады.

16 Міне бұл орындалды, кімде-кім тәубеге келіп, менің атымнан су рәсімінен өткен қанағаттанады; ал егер ол ақыр соңына дейін шыдаса, міне, мен әлемге үкім шығару үшін қайта тірілетін күні Әкемнің алдына оны жазықсыз етіп көрсетемін.

17 Ал ол соңына дейін шыдамаған, шабылып, отқа тасталады, ол жерден Әкенің әділдігіне байланысты қайтып орала алмайды.

18 Міне оның адам баласына берген сөзі осы. Ал осы себепті ол өзінің берген сөздерін орындайды және ол өтірік айтпайды, керісінше ол өзінің барлық сөздерін орындайды.

19 Оның патшалығына ешқандай арам нәрсе кіре алмайды; сондықтан да сенімі мен барлық күнәлары үшін тәубеге келген және соңына дейін адал болып, киімдерін менің қаныма жуғандардан басқа ештеңе оның патшалығына кірмейді.

20 Енді міне, өсиет осы: Тәубе етіңдер, жердің барлық шеттері, міне маған келіңдер де, Менің атыммен су рәсімінен өтіңдер, сонда сендер Киелі Рухтың қабылдауымен киелі боласыңдар, соңғы күні менің алдымда пәк таза боласыңдар.

21 Шындығын, шындығын, сендерге айтамын, бұл менің інжілім; міне сендер менің шіркеуімде не істеу керектігін білесіңдер; өйткені менің істеген істерімді көрген сендер де істейсіңдер; өйткені сол менің істегенімді көргендерің дәл солай істеулерің керек;

22 Сондықтан, егер осы нәрселерді істесеңдер, бақыттысыңдар, өйткені соңғы күні қайта көтерілетін боласыңдар.

23 Сендер тыйым салынған нәрселерден басқа, көргендерің мен білгендеріңді жазыңдар.

24 Осы халықтың өткені қалай жазылған болса, тұра солай алдағы істерін де жазып ал.

25 Міне, бұл халыққа жазылған және жазылатын кітаптар бойынша үкім шығарылатын болады, өйткені олардың істері адамдарға белгілі болады.

26 Ал міне, бәрі де Әкеден жазылған; сондықтан әлемге жазылған кітаптар бойынша үкім шығарылатын болады.

27 Мен сендерге әділ шешім шығаратындықтан, сендер осы халыққа әділ төрелік ететіндеріңді біліңдер. Олай болса, сендер қандай адам болуың керек? Сендерге шындығын айтамын, дәл мен сияқты.

28 Ал енді мен Әкеме барамын. Ал сендерге шындығын айтамын: Менің атымнан Әкемнен не сұрасаңдар да, сендерге беріледі.

29 Сондықтан, сұраңдар, сонда сендерге беріледі; қағыңдар, сонда ол сендерге ашылады; өйткені сол сұрай берген алады; ал, қағып тұрғанға, ол ашылады.

30 Ал енді, міне, менің сендер үшін де, осы ұрпақ үшін де қуанышым зор, тіпті шексіз; иә, сендердің және осы ұрпақтың арқасында Әке де, барлық қасиетті періштелер де қуанады, өйткені олардың ешқайсысы жоғалған жоқ.

31 Міне, мен сендердің түсінгендеріңді қалаймын; өйткені мен қазір өмір сүріп жатқан осы ұрпақты айтып отырмын; ал олардың ешқайсысы жоғалмайды; міне оларда мен қуанышқа толымын.

32 Бірақ міне, осы ұрпақтан шыққан төртінші ұрпақ үшін қайғырамын, өйткені құрдымға айдап әкетілген ұлын сияқты, оларды да ол тұтқынның астына салып айдап әкететін болады; себебі олар мені алтын мен күміске сатады, сондай‑ақ оларды күйе жейтін, әрі оған ұрылар кіріп, ұрлап кететін нәрсеге сататын болады. Ал сол күні мен оларға келемін, яғни олардың істерін өз бастарына түсіріп, зиярат етемін.

33 Міне дәл солай болады, Иса осы сөздерін аяқтағаннан кейін шәкірттеріне былай деді: Тар қақпадан кіріңдер; өйткені өмірге апаратын қақпа да, жол да тар, ал соны біразы ғана табады; бірақ өлімге апаратынның қақпасы да кең, жолы да даңғыл және онда ешкім жұмыс істей алмайтын түн келгенге дейін көбі оны бойлай жүріп өтеді.