Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 6


6‑шы тарау

Нефиліктер өркендеуде. Мақтаншақтық, байлық және таптық айырмашылықтар туындайды. Шіркеу келіспеушіліктен ыдырады. Шайтан адамдарды ашық көтеріліске жетелейді. Көптеген пайғамбарлар тәубе етуді жариялайды және олар өлтірілді. Олардың қанішерлері үкіметті басып алуды көздейді. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 26–30 жж.

Міне дәл солай болды, жиырма алтыншы жылы бүкіл Нефи халқы өз жерлеріне қайтып оралды: әр адам өз отбасымен, өз отарлары мен өз табындарымен, өз жылқылары мен өздерінің ірі қара малдарымен және оларға тиесілі барлық нәрселерімен.

Міне дәл солай болды, олар бар азық‑түліктерін жеп қойған жоқ еді; сондықтан олар өздерімен бірге жемегендерінің бәрін, өздерінің барлық түрдегі астық тұқымдарын, өздерінің алтындарын да, өздерінің күмістері мен барлық асыл бұйымдарын да алып, олар өз жерлеріне және өз иеліктеріне қайтып оралды, солтүстік пен оңтүстікке, солтүстіктегі елі мен оңтүстіктегі еліне.

Міне олар ел тыныштығын сақтау үшін келісім жасасқан және Ламандықтар болып қалғысы келген қарақшылар өздерінің еңбектерімен өмір сүру мүмкіндігін алуы үшін, олардың санына қарай жерлер берді; міне осылайша олар бүкіл елде тыныштық орнатты.

Міне олар қайтадан өркендеп дамыды және ұлғая бастады; жиырма алтыншы мен жиырма жетінші жыл да өтті және сол жерде қатаң тәртіп болды; әрі олар өздерінің заңдарын әділдік пен әділеттілікке сай қалыптастырды.

Ал енді бүкіл елде халықтың тұрақты өркендеуіне кедергі болатын ештеңе жоқ еді, олар күнәға батпағанда.

Міне енді Гидгиддони мен төреші Лаконеус және елде осы ұлы тыныштықты орнатқан сол көсемдер болды.

Міне дәл солай болды, онда жаңадан көптеген қалалар салынды және көптеген ескі қалалар қалпына келтірілді.

Міне онда қаладан қалаға, құрлықтан құрлыққа және бір жерден екінші жерге апаратын көптеген үлкен жолдар салынды және көптеген жолдар жасалды.

Міне осылайша жиырма сегізінші жыл өтті және халық тыныштыққа кенелді.

10 Бірақ дәл солай болды, жиырма тоғызыншы жылы халық арасында біраз дау‑дамайлар бола бастады; ал кейбір адамдар өздерінің асқан байлығына мақтан тұтып және мақтаншақтық деңгейіне дейін көтерілді, иә, тіпті қатты қуғын‑сүргінге ұшырады;

11 Өйткені бұл елде көптеген саудагерлер, сонымен қатар көптеген заңгерлер мен көптеген қызметшілер де болды.

12 Ал адамдар әл‑ауқаты мен білім алу мүмкіндігіне қарай дәрежелері бойынша бөліне бастады; иә, кейбіреулері кедейлігінен надан болса, кейбіреулері байлығының арқасында үлкен білім алды.

13 Кейбіреулер өздерін мақтан тұтады, ал басқалары кішіпейілділікті танытады; кейбіреулер қиянатқа қиянатпен жауап берді, ал басқалары қорлау мен қуғын‑сүргінге және түрлі азаптарға ұшырады және теріс бұрылмады және жауап қайтармады, керісінше Құдайдың алдында кішіпейіл болып, тәубе етті.

14 Міне осылайша бүкіл елде үлкен теңсіздік пайда болды, соның салдарынан шіркеу ыдырай бастады; иә, осылайша, отызыншы жылы бүкіл елде шіркеу ыдырап кетті шынайы сенімге бет бұрған бірнеше ламандықтарды қоспағанда; міне олар одан тайынбады, өйткені олар берік және табанды да мызғымас және Иеміздің өсиеттерін орындауға бар ынта‑жігерімен дайын болды.

15 Енді халықтың осы зұлымдығының себепкері болған мынау: Шайтанның құдіреті күшті еді, халықты әртүрлі зұлымдыққа итермелеу үшін, және оларды мақтан тұту үшін оларды билік пен күшке ұмтылуға, әрі байлық пен дүниенің бос әуре‑сарсаңына итермелейтін.

16 Міне осылайша шайтан адамдардың жүрегін әр түрлі зұлымдық жасауға итермеледі; сондықтан олар бірнеше жыл ғана бейбіт өмір сүрді.

17 Міне, осылайша, отызыншы жылдың басында, халық ұзақ уақыт бойы шайтанның азғыруына бой алдырған кезде, ол оларды қайда апарғысы келсе, сол жерге апарды және соның қалауы бойынша кез келген зұлымдықты жасады — міне осылайша, осы отызыншы жылдың басында олар қорқынышты зұлымдық жағдайында болды.

18 Енді олар білмей күнә жасамады, өйткені олар өздеріне қатысты Құдайдың еркін білетін, өйткені бұл оларға үйретілген болатын; сондықтан олар Құдайға біле тұра қарсы шықты.

19 Міне енді бұл Лаконеустың ұлы Лаконеустың тұсында болды, өйткені Лаконеус сол жылы әкесінің орнын басып, халықты билеген болатын.

20 Міне көктегі рухтың жетелеуімен жіберілген адамдар пайда бола бастады, бүкіл елде халықтың арасында тұрып, адамдардың күнәлары мен заңсыздықтары туралы батылдықпен уағыздап, куәлік етті әрі оларға Жаратқан Иенің өз халқы үшін төлейтін өтемі туралы немесе басқаша айтқанда, Мәсіхтің қайта тірілуі туралы куәлік етті; міне олар оның өлімі мен азаптары туралы батылдықпен куәлік етті.

21 Енді онда бұл туралы куәлік еткендерге қатты ашуланған көптеген адамдар болды; ал сол ашуланғандар — бас төрешілер мен бұрынғы бас діни қызметкерлер мен заңгерлер; иә, сол заңгерлердің бәрі мұндай жайттар куәлік еткендерге ашуланды.

22 Ал енді құзырлы заңгердің де, төрешінің де, бас діни қызметкердің де ешкімді өлім жазасына кесуге құқығы жоқ еді, тек олардың үкіміне ел әміршісінің қолы қойылған болмаса.

23 Енді міне онда, Мәсіх туралы нәрселерді куәлік еткендердің көпшілігі батылдықпен куәлік етті, оларды төрешілер ұстап алды да жасырын түрде өлтірді, сондықтан олардың өлімі туралы хабар сол елдің билеушісіне олар өлгеннен кейін ғана жеткен.

24 Енді міне, бұл елдің әміршісінің рұқсатынсыз кез келген адамды өлім жазасына кесу сол елдің заңдарына қайшы еді.

25 Сондықтан Жаратқан Иенің пайғамбарларын заңға сәйкес емес өлім жазасына кескен осы төрешілердің үстінен Зараһемла жеріне, сол жердің әміршісіне шағым түсті.

26 Енді дәл солай болды, сол халық берген заңға сәйкес қылмыстары үшін сотталу үшін олар тұтқынға алынды және төрешінің алдына әкелінді.

27 Енді дәл солай болды, сол төрешілердің достары да, туыстары да көп болды; Ал қалғандары, иә, тіпті заңгерлер мен бас діни қызметкерлердің барлығы дерлік жиналып, заң бойынша сотталуға тиісті сол төрешілердің туыстарымен бірігіп кетті.

28 Міне олар бір‑бірімен келісім жасасты, иә, тіпті олар ежелгі уақытта жасаған келісімде де, бұл келісім барлық әділдікке қарсы біріктіру үшін шайтан арқылы берілген және бекітілген болатын.

29 Сондықтан олар Жаратқан Иенің халқына қарсы бірікті және оларды жою үшін, әрі кісі өлтірген кінәлілерді заңға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс әділдіктің қолынан босату үшін келісім жасасқан болатын.

30 Міне олар өз елінің заңын және құқықтарын елемеді; әрі олар елге ендігі еркіндікті болғызбай, керісінше патшаларға бағынышты ету үшін, әміршіні жоюға және сол елге патша тағайындау туралы өзара келісімге келді.