Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 16


16‑шы тарау

Иса Исраилдің басқа да жоғалған қойларына барады. Соңғы күндері Інжіл өзге ұлттарға ал содан кейін Исраил үйіне тарайтын болады. Жаратқан Иенің халқы Сионды Ол қалпына келтірген кезде өз көзімен көретін болады. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 34 ж.

Алсендерге мен шындығын, шындығын айтамын, менің басқа қойларым бар, олар не осы жерден, не Иерусалим жерінен де емес, не сол мен қызмет етуге барған жердің айналасындағы ешбір бөлігінен де емес.

Өйткені сол мен айтып отырғандар – сол менің дауысымды әлі естімегендер; сондай‑ақ мен өзімді оларға ешқашан танытқан емеспін.

Бірақ мен Әкемнің өсиетін алдым: Мен оларға барамын, міне олар даусымды естіп таниды, сонда біртұтас отар мен бір бағушы болуы үшін менің қойларымның қатарына қосылады; сондықтан мен оларға өзімді көрсетуге барамын.

Ал осы айтқандарымды мен кеткеннен кейін жазуларыңды бұйырамын, Иерусалимдегі халқым, мені көрген және қызметімде менімен бірге болғандар осылай болса, Әкемнен Киелі Рух арқылы сендер туралы білім алуын менің атымнан сұрамаңдар, міне сондай‑ақ олар білмейтін басқа тайпалар туралы да, сендер жазған осы айтылғандар сақталып, өзге ұлттарға ашылатын болады, осылайша сол өзге ұлттардың толықтығы арқылы, олардың тұқымының қалдығы, сол сенімсіздігінен жер бетінде бытырап кеткендер, жиналатын болып немесе мені, олардың Өтемшісін танып білу үшін жеткізілетін болады.

Ал содан кейін мен оларды жердің төрт бөлігінен жинайтын боламын; міне сонда Мен Әкемнің бүкіл Исраил халқымен жасасқан келісімін орындаймын.

Міне мен және Әкем туралы оларға куәлік ететін Киелі Рух арқылы маған сенген өзге ұлттар бақытты.

Міне, олар маған сенгендіктен, – дейді Әке, әрі сендердің сенімсіздіктеріңнің кесірінен, уа, Исраил үйі, соңғы күні ақиқат өзге ұлттарға жететін болады, сонда осы нәрселердің толықтығы оларға белгілі болады.

Бірақ, — дейді Әке, — сенбейтін өзге ұлттарға қасірет, өйткені осыған қарамастан, олар жер бетіне шығып, менің Исраил үйінен шыққан халқымды бытыратып жіберді; ал сол Исраил үйінен шыққан менің халқым олардың арасынан қуылды және аяқ астына тапталды;

Міне Әкемнің өзге ұлттарға жасаған мейірімінің, сондай‑ақ Әкемнің Исраил үйінен шыққан менің халқыма шығарған үкімдеріне байланысты, шындығын, шындығын, мен сендерге айтамын, осының бәрінен кейін мен Исраил үйінен шыққан халқым соққыға жығылып, азап шегіп және өлтіріліп әрі олардың ортасынан қуылып, оларға жеккөрінішті болып, олардың арасында ысқырық пен жалаң сөзге айналуына себепкер болдым.

10 Міне менің сендерге мынаны айтуымды Әкем былай деп өсиет етіп отыр: Сол күні өзге ұлттар менің інжіліме қарсы күнә жасайтын және менің інжілімнің толықтығын қабылдамайтын болады әрі олар жүректерінің мақтанышында барлық халықтардың және бүкіл жер бетіндегі барлық адамдардан жоғары көтерілетін болады және әр түрлі өтіріктерге, алдауларға және бұзақылыққа, екіжүзділікке, кісі өлтіруге, дін басыларының айла‑амалдарына, азғындық пен жасырын жиіркенішті істерге толы болады; егер олар осының бәрін істеп, менің інжілімнің толықтығын жоққа шығаратын болса, міне, — дейді Әке, — мен олардан өзімнің Інжілімнің толықтығын тартып аламын.

11 Міне сонда мен өз халқыммен жасасқан келісімімді есіме аламын, Уа, Исраил үйі, мен оларға інжілімді жеткізетін боламын.

12 Ал мен саған, Уа, Исраил үйі, өзге ұлттардың сендерге билік жүргізе алмайтынын көрсетемін. бірақ мен сендермен жасасқан келісімімді есіме аламын, Уа, Исраил үйі, сонда сендер менің інжілімнің толықтығын танып білетін боласыңдар.

13 Ал егер өзге ұлттар тәубеге келіп және маған қайтып оралатын болса, – дейді Әке, – міне, олар менің халқымның қатарына қосылатын болады, Уа, Исраил үйі.

14 Міне мен Исраил үйіне жататын халқымның арасынан өтіп, оларды таптауға жол бермеймін, – дейді Әкем.

15 Бірақ егер олар маған бет бұрып әрі дауысыма құлақ аспаса, мен олардың азапқа тартамын, иә, мен өз халқымды азапқа тартамын, Уа, Исраил үйі, олар солардың арасынан өтіп, оларды таптап өтетін болады, олар күшін жоғалтқан тұз сияқты болады, бұл енді қуылып кетуден және менің халқымның табанының астында тапталудан басқа ештеңеге жарамайтын болып қалады, уа, Исраил үйі.

16 Шындығын, шындығын, мен сендерге айтамын, осылай Әкем маған осы жерді осы халыққа мұра етіп беруімді бұйырды.

17 Сонда Ишая пайғамбардың мына айтылған сөздері орындалатын болады:

18 Сенің күзетшілер дауыстарын көтеріп; олар бір дауыста ән шырқайды; өйткені олар Жаратқан Ие Сионды қайта қалпына келтіргенде, олар өз көздерімен көреді.

19 Қуанышқа бөленіңдер, бірге ән шырқаңдар, Иерусалимнің қаңырап бос қалған жерлері; өйткені Жаратқан Ие өз халқын жұбатып, Иерусалимді өтеп алды.

20 Жаратқан Ие өзінің киелі қолын бүкіл халықтардың көз алдында ашты; міне жердің барша түкпірлері Құдайдың құтқаруын көреді.