21‑ші тарау
Мормон кітабы пайда болған кезде Исраил жиналатын болады. Өзге Ұлттар Америкада азат халқы ретінде орнығатын болады. Олар сенім артып, әрі мойынсұнсатын болса, құтқарылатын болады; әйтпесе олар алыстатылады және жойылатын болады. Исраил Жаңа Иерусалимді тұрғызады және жоғалған тайпалар қайтып оралатын болады. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 34 ж.
1 Міне мен сендерге шындықты айтамын, мен сендерге белгі беремін, сонда сендер осының болатын уақытын білетін боласыңдар, сонда мен өз халқымды олардың көптен бері ыдырап кеткен жерінен жинап алып, Уа, Исраил үйі, олардың арасында Өзімнің Сионымды қайтадан орнататын боламын.
2 Міне, мен сендерге белгі ретінде беретін нәрсе осы, өйткені сендерге шындығын айтамын, мен сендерге айтып отырған және бұдан былай да өз басымнан хабарлайтын нәрселер, сондай‑ақ Әкеден сендерге берілетін Киелі Рухтың күші арқылы өзге ұлттарға белгілі болады, осылайша олар осы халық – Жақып әулетінің тамтығы және олар осыған байланысты солар арқылы бытырап кететін менің халқым туралы білетін болады.
3 Шындықты, шындықты, сендерге мен айтамын, бұл нәрселер Әкеден оларға белгілі болған кезде, олардан сендерге Әке арқылы жететін болады.
4 Өйткені бұл олардың осы жерде орнығуы Әкенің даналығы және Әкенің құдіреті арқылы азат халық ретінде қалыптасуы, осылайша бұл нәрселер олардан ұрпақтарыңның тамтығына өтіп, Әкенің өз халқымен жасасқан келісімі орындалауы үшін, Уа, Исраил үйі;
5 Сондықтан, сол істер мен болашақта араларыңда жасалатын істер кезінде, зұлымдықтың кесірінен имансыздықта туып өскен сендердің ұрпаққа, өзге ұлттар арқылы келетін болады.
6 Өйткені бұл Әкенің қалауы бойынша өзге ұлттардан келуі керек, осылайша ол өзінің құдіретін Өзге Ұлттарға көрсете алады, осы себепті Өзге Ұлттар жүректерін қатал етпесе, олар тәубеге келіп, маған келіп, менің атыммен су рәсімінен өтіп, әрі менің ілімімнің ақиқат негіздерін біліп, Уа, Исраил үйі, олар менің халқымның қатарында болуы үшін.
7 Міне осы нәрселер орындалған кезде, сенің ұрпағың осы нәрселерді біле бастайды—бұл оларға белгі болып танылады, осылайша олар Әкенің жұмысы Құдайға тиесілі Исраил үйіне жататын халықпен жасаған келісімін әлдеқашан орындауға кіріскенін білетін болады.
8 Ал сол күн келген кезде, патшалар да ауыздарын жабатын болады; өйткені олар өздеріне айтылмаған нәрсені көретін болады; әрі еш естімегендерін білетін болады.
9 Өйткені сол күні Әкем мен үшін бір істі жасайды, бұл олардың арасында ұлы да ғажайып іс орын алады; міне оларға адам айтқан болса да, олардың арасында оған сенбейтіндер де болады.
10 Бірақ міне, менің қызметшімнің өмірі менің қолымда болады. Сондықтан олар оған зиян тигізбейді, бірақ олардың кесірінен ол бетер бұзылған. Сонда да мен оны сауықтырамын, өйткені мен оларға менің даналығым шайтанның айла‑шарғысынан да мықты екенін көрсетемін.
11 Сондықтан кім менің сөздеріме, яғни Әкесі Өзге Ұлттарға жеткізуді бұйыратын және оларды Өзге Ұлттарға жеткізу үшін оған күш берген мен Иса Мәсіхтің сөздеріне сенбейтін болса, (Мұса айтқандай орындалады) олар менің халқымның, яғни олар менің халқымның арасынан келісімге келгендер арасынан жоққа шығарылатын болады.
12 Міне Жақыптың тамтығы болған халқым Өзге Ұлттардың арасында болады, иә, олардың арасында орман аңдарының арасындағы арыстандай және қойлардың арасындағы жас арыстандай боласыңдар, егер ол арасынан өтер болса, таптап, әрі жыртып тастайды, міне ешкім құтқара алмайды.
13 Олардың қолы жауларыңның үстінен көтеріледі және жауларың түгел жойылатын болады.
14 Иә, Өзге Ұлттар тәубеге келер болмаса, қасіретке ұшырайды; өйткені сол күні, — дейді Әке, — сенің ортаңдағы жылқыларыңды құртып, күймелеріңді қирататын боламын.
15 Міне сенің жеріңдегі қалаларды талқандаймын және қорғандарыңның барлығын қирататын боламын.
16 Мен сенің жеріңнен сиқырлық істеріңді құртамын, сенде бұдан былай сәуегелдер болмайды.
17 Мен сенің ойылған мүсіндерің мен сенің тұрған бейнелеріңді де жоямын, бұдан былай өз қолдарыңның істеріне табынбайтын боласыңдар;
18 Ал мен сенің ортаңдағы арамданған тамырларды жұлып тастаймын; сондай‑ақ сенің қалаларыңды да қиратамын.
19 Міне дәл солай болады, барлық жалғандық да, арамдық та, көреалмаушылық та, бақталастық та, дін басшыларының арам пиғылдары мен азғындық та тоқтатылатын болады.
20 Өйткені бұл орындалады, – дейді Әке, сол күні кімде-кім тәубе етпесе және менің сүйікті Ұлыма келмейтін болса, Уа, Исраил үйі, мен оларды халқымның арасынан жоямын.
21 Міне бұл туралы олар ешқашан естімеген өзге ұлттарға істеген секілді, мен оларды ашу‑ызаға кенеліп, лайықты жазаларын тартқызамын.
22 Бірақ егер олар тәубеге келіп, әрі сөздеріме құлақ асатын болса, мен олардың арасында өз шіркеуімді орнататын боламын, ал олар келісімге келіп, мен оларға осы жерді мұра ретінде берген Жақыптың тамтығының қатарына кіретін болады.
23 Міне олар менің халқыма, Жақыптың тамтығына және Исраил үйінен келетіндердің барлығына да, Жаңа Иерусалим деп аталатын қаланы салуға көмектесетін болады.
24 Міне содан кейін олар менің халқыма көмектесетін болады, сол бүкіл жер бетінде бытырап кеткендер Жаңа Иерусалимге жиналатын болады.
25 Міне сонда олардың арасына көктің күші түседі; мен де солардың ортасында боламын.
26 Содан кейін Әкенің жұмысы сол күні басталады, яғни осы Інжіл осы халықтың тамтығы арасында уағыздалатын кезде басталады. Сендерге шындығын айтамын, сол күні менің бытырап кеткен барлық халқымның арасында Әкемнің жұмысы басталады, иә, яғни, Әке Иерусалимнен алып шыққан жоғалған тайпалардың арасында.
27 Иә, олар Әкемді менің атыммен шақыру үшін, олардың маған келетін жолын дайындау үшін, Әкемнің жұмысы менің бытырап кеткен барлық халқымның арасында басталатын болады.
28 Иә, міне содан кейін Әке барлық халықтар арасында өз халқын олардың өз мұрагерлік жеріндегі үйге жиналуы мүмкін жол дайындайтын жұмысты бастайды.
29 Міне олар барлық ұлттардың арасынан шығады; ал сендер қашып жүгірмей, асықпай шығатын боласыңдар; өйткені мен олардың алдында жүретін боламын, дейді Әке, әрі мен оларды қорғайтын боламын.