Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 3


3‑ші тарау

Гадиантон көсемі Гиддианхи, Лаконеус пен Нефиліктерге беріліңдер және, жерлеріңнен бас тартыңдар деп талап етеді. Лаконеус Гидгиддониды әскерлердің бас қолбасшысы етіп тағайындайды. Нефиліктер өздерін қорғау үшін Зараһемла мен Молшылықта жиналады. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 16–18 жж.

Міне енді дәл солай болды, Мәсіх келгеннен кейін он алтыншы жылы ел жетекшісі Лаконеус, осы қарақшылар тобының көсемі мен жетекшісінен жолдау хатын алды; ал онда мына сөздер жазылған болатын, былай деп:

Лаконеус, сол елдің құрметтісі және бас әміршісі, міне, мен саған осы жолдау хатын жазып отырмын және мен сенің табандылығың үшін саған ерекше мақтау айтамын, сондай‑ақ сендер өз құқығым мен еркіндігім деп есептейтін нәрселерді сақтаудағы халқыңның қайсарлығы үшін де; иә, сендер құдайдың қолынан қолдау тапқандай берік тұрасыңдар, өз бостандығың мен өз меншігіңді және өз еліңді қорғауда немесе соны, оны не деп атасаңдар да.

Ал бұл маған өкінішті болып көрінді, құрметті Лаконеус, менің қолбасшылығымдағы көптеген ержүрек адамдарға қарсы тұра аламын деп ойлайтындай, сен тым ақымақ әрі атаққұмарсың, олар қазір, дәл осы уақытта, толықтай қаруланып: «Нефиліктерге шабуыл жаса және оларды жой» деген сөздерді асыға күтуде.

Ал мен, олардың жеңілмейтін рухын біле отырып, оларды шайқас даласында сынап көрдім және сендер оларға жасаған көптеген зұлымдықтарың үшін олардың сендерге деген мәңгілік өшпенділігін білемін, сондықтан, егер олар сендерге қарсы шығатын болса, сендерді мүлде жойып жіберген болар еді.

Сондықтан мен осы жолдау хатын өз қолыммен мөрлеп, сендердің амандықтарыңды ойлап, жаздым, өйткені сендердің дұрыс деп сенетін нәрсеге берік болғандарың үшін және майдан даласындағы асыл рухтарың үшін.

Сондықтан мен саған жазып отырмын, олар сендерге семсермен шабуыл жасап, бастарыңа қиянат әкелгеннің орнына, мен сендерге қалаларыңды, жерлерің мен дүние‑мүліктеріңді осы халқыма тапсыруларыңды қалаймын.

Немесе басқа сөзбен айтқанда, өздеріңді бізге тапсырыңдар және бізбен бірігіңдер әрі біздің құпия істерімізбен таныс болыңдар, міне біз сияқты болу үшін бізбен бауырлас болыңдар — құлдарымыз емес, керісінше біздің бауырымыз және біздегі бар заттың серіктестері.

Міне, мен сендерге ант етемін, егер сендер осыны істесеңдер, ант етемін, сендер жойылмайсыңдар; бірақ егер осыны істемесеңдер, мен сендерге ант етемін, келесі айда әскерлеріме сендерге қарсы аттануға бұйрық беремін және олар қолдарын тоқтатпайды, әрі аямайды, керісінше олар сендерді қырып – жояды және демдерің біткенше, сендерді семсер жалмайтын болады.

Ал міне, мен Гиддианхи, мен Гадиантонның осы құпия қоғамынның жетекшісімін; мен бұл қоғамды және оның істерін жақсы деп санаймын; ал олар ежелден келеді әрі олар бізге мұра болып қалған.

10 Міне мен бұл жолдау хатын саған жазып отырмын, Лаконеус, әрі сендер өз жерлерің мен өз дүние‑мүліктеріңді қан төкпей тапсырасыңдар деп үміттенемін, сонда сенің зұлымдығың үшін сенен бөлініп кеткен менің осы халқым өздерінің құқықтары мен билігін қалпына келтіре алады, өйткені сен олардың билік ету құқығынан айырдың, ал егер сендер мұны істемесеңдер, мен олардың күнәлары үшін кек аламын. Мен Гиддианхи.

11 Міне дәл солай болды, Лаконеус бұл жолдау хатын алған кезде, ол Гиддианхидің Нефиліктердің жерін иеленуді талап еткен дөрекілігі үшін қатты таң қалды, сондай‑ақ халықты қорқытып, әрі зұлым және жиіркенішті қарақшыларға ізін суытып, өз – өздеріне зиян келтіргеннен басқа, Нефиліктерден еш зиян көрмегендерге келтірілген зиян үшін кек алуға уәде берді.

12 Енді міне, бұл билеуші Лаконеус әділ адам болған және оны қарақшының талабы мен қоқан‑лоққысы қорқыту мүмкін емес еді; сондықтан ол қарақшылардың қолбасшысы Гиддианхидің жолдау хатына құлақ аспады, бірақ қарақшылар өздеріне қарсы шыққан кезде өз халқына Жаратқан Иеден күш‑қуат сұрап жалбарыныңдар деп бұйырды.

13 Иә, ол бүкіл халық арасында өздерінің әйелдері мен өздерінің балаларын және өздерінің отарлары мен өз табындарын және олардың өз жерінен басқа барлық мүлкін бір орынға жинасын деп жарлық жіберді.

14 Міне ол олардың айналасына бекіністер салынсын, ал олардың күші өте зор болсын деп бұйырды. Міне ол Нефиліктердің де, Ламандықтардың да әскерін немесе Нефиліктердің қатарында болғандардың барлығын оларды күзету үшін және күндіз‑түні қарақшылардан қорғау үшін күзетшілер етіп қойылсын деп бұйырды.

15 Иә, ол оларға былай деді: Жаратқан Ие тірі, егер сендер барлық заңсыздықтарың үшін өкініп және Жаратқан Иеге жалбарынбасаңдар, сендер сол Гадиантондық қарақшылардың қолынан ешқашан құтыла алмайсыңдар.

16 Лаконеустің сөздері мен пайғамбарлықтары соншалықты ұлы және керемет болды, бүкіл халықтың қорқынышын тудырды; міне олар Лаконеустың сөздеріне сай әрекет ету үшін бар күш‑жігерін жұмсады.

17 Міне дәл солай болды, Лаконеус сол қарақшылар шөл даладан оларға қарсы шабуыл жасаған кезде, Нефиліктердің барлық әскерлеріне бұйрық беретін бас қолбасшыларды тағайындады.

18 Енді барлық бас қолбасшылардың ішіндегі ең бастысы және Нефиліктердің барлық әскерлерінің ұлы қолбасшысы тағайындалды, оның есімі Гидгиддони болатын.

19 Ал енді Нефиліктердің арасында аян және пайғамбарлық рухы бар біреуді (олардың зұлымдық кезінен басқа) бас қолбасшылар етіп тағайындау дәстүрі болды; сондықтан сол Гидгиддони олардың арасындағы ұлы пайғамбар, сонымен қатар бас төреші болған.

20 Енді халық Гидгиддониге былай деді: Жаратқан Иеге жалбарын, бізге тауға шығуға және шөл далаға баруға рұқсат бер, сонда біз қарақшылардың үстінен түсейік те оларды өз жерлерінде қырып салайық.

21 Бірақ Гидгиддони оларға былай деді: Жаратқан Ие тыйым салады; өйткені егер біз оларға қарсы шығатын болсақ, Жаратқан Ие бізді олардың қолына тапсыратын болады; сондықтан біз өз жеріміздің қақ ортасында дайындаламыз да барлық әскерлерімізді бірге жинаймыз және біз оларға қарсы шықпаймыз, керісінше олар бізге қарсы шабуыл жасағанша күтеміз; өйткені Жаратқан Ие тірі, егер біз осылай істесек, ол оларды біздің қолымызға тапсыратын болады.

22 Міне дәл солай болды, он жетінші жылы, сол жылдың соңында, Лаконеустың жарлығы бүкіл жер бетіне тарады, міне олар өздерінің жылқылары мен өздерінің күймелерін және өздерінің өгіздері мен өздерінің барлық отарлары мен табындарын, әрі өздерінің астықтары мен өздерінің барлық дүние‑мүлкін алып, олардың барлығы жиналу керек деп белгіленген жерге өздерін жауларынан қорғану үшін мыңдап, он мыңдап жолға шықты.

23 Ал белгіленген жер Зараһемла жері және Зараһемла елі мен Молшылық жердің арасындағы жер, иә, Молшылық жер мен қаңырап бос жатқан жердің арасындағы шекарасына дейін.

24 Міне осы елде Нефиліктер деп аталатын мыңдаған адамдар бірге жиналды. Енді Лаконеус оларды оңтүстіктегі елде бірге жиналуын бұйырды, солтүстіктегі жердегі үлкен қарғысқа байланысты.

25 Міне олар өздерінің жауларына қарсы бекінді; әрі олар бір елде және бір топта қоныстанды және олар Лаконеустың айтқан сөздерінен қорыққаны сонша, олар өздерінің барлық күнәларына өкінді; міне олар өздерінің Құдайлары Жаратқан Иеге сиынып, олардың жаулары шайқасқа түсетін уақытта құтқаруын сұрап дұға етті.

26 Ал олар жауларының кесірінен қатты қайғырды. Міне Гидгиддони оларға соғыс қаруының барлық түрін жасауды және оның нұсқауларын орындай отырып, сауыт‑саймандары мен үлкенді‑кішілі қалқандарының мықты болуын бұйырды.