Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 28


28‑ші тарау

Он екі шәкірттің тоғызы, олар өлген кезде Мәсіхтің Патшалығында мұраға ие болуды қалайды және уәдесін алады. Нефиліктердің үшеуі Иса қайта келгенге дейін жер бетінде қалу үшін өлімнің үстінен билік алғысы келеді және ол беріледі. Олардың табиғи тәні өзгерді және айтуға тыйым салынған нәрселерді көреді, ал қазір адамдар арасында қызмет етуде. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін. 34—35 жж.

Міне дәл солай болды, Иса осы сөздерді айтып болған кезде, Ол шәкірттеріне бірінен соң бірі сөйлеп, былай деді: Мен Әкеге барған кейін, менен не қалайсыңдар?

Міне олардың үшеуінен басқасының барлығы былай деді: Біз адам жасына дейін өмір сүргеннен кейін, сен бізді шақырған қызметіміздің аяқталуын және сенің Патшалығыңа тезірек жетуімізді қалаймыз.

Міне ол оларға былай деді: Сендер менен осыны қалағандарың үшін бақыттысыңдар; сондықтан сендер жетпіс екі жасқа толғаннан кейін, менің патшалығыма келесіңдер және сендер менімен бірге тыныштық табасыңдар.

Міне олармен сөйлесіп болған соң, ол басқа үшеуіне бұрылып, оларға былай деді: Мен Әкеге кеткеннен кейін, сендерге не істеуімді қалайсыңдар?

Міне олар жүректерінде қайғыға батты, өйткені олар оған қалағандарын айтуға батылы жетпеді.

Ал ол оларға былай деді: Міне, мен сендердің ойларыңды білемін, сендер яһудилер мені көтермес бұрын, менің қызметімде қасымда болған сүйіктім Жоханның менен қалағанын қаладыңдар.

Сондықтан сендер одан да бақыттысыңдар, өйткені сендер ешқашан өлімді татып көрмейсіңдер; бірақ сендер Әкенің адам балаларына жасаған барлық істерін көру үшін өмір сүресіңдер, тіпті сол, Әкемнің еркі бойынша бәрі орындалмас бұрын, Мен көктегі күштермен бірге даңқыма бөленіп келген кезімде.

Ал сендер өлімнің азабын ешқашан көрмейсіңдер; бірақ мен өз ұлылығыммен келгенімде, сендер көздеріңді ашып‑жұмғанша өлімнен өлмейтіндікке өтесіңдер; міне сонда сендер Әкемнің Патшалығында батаға бөленесіңдер.

Міне тағы да айтарым, сендер тән болмысындағы өмірде, азап шекпейсіңдер, бұл дүниеде күнәларынан басқа қайғы‑қасірет болмайды; ал мұның бәрін сендер менен сұраған нәрсе үшін істеймін, өйткені сендер дүние тұрақтап тұрған кезде, адамдардың жанын маған әкелуді қаладыңдар.

10 Міне осы себепті сендер қуанышқа кенелесіңдер және сендер Әкемнің Патшалығында отыратын боласыңдар; иә, Әкем маған зор қуаныш сыйлағанындай, сендер де қуанышқа толасыңдар; міне сендер Мен сияқты боласыңдар, Мен де Әкем сияқтымын; ал Әкем екеуіміз біртұтаспыз.

11 Ал Киелі Рух Әкем екеуіміз туралы куәлік етеді; Ал Мен арқылы Әкем адам баласына Киелі Рухты береді.

12 Міне дәл солай болды, Иса осы сөздерді айтқан кезде, ол тек қалуы тиіс үшеуінен басқасының әрқайсысына саусағымен қолын тигізді де, ол кетіп қалды.

13 Ал міне, аспан ашылып, олар көкке көтеріліп, әрі айтып жеткізуге мүмкін емес нәрселерді көрді және естіді.

14 Міне оларға айтуға тыйым салынды; сондай‑ақ оларға көргендері мен естігендерін айта алатын билік те берілген жоқ;

15 Міне олар денеде ме, әлде денеден тыс па, олар айта алмады; өйткені бұл оларға Құдайдың істерін көре алатындай, осы тәндік денеден өлмейтін күйге ауысқандары сияқты көрінді.

16 Бірақ дәл солай болды, олар қайтадан жер бетінде қызмет етті; соған қарамастан олар өздеріне көкте берілген өсиетке сәйкестігін және көрген нәрселер туралы айтқан жоқ болатын.

17 Ал енді, олар сол өзгерген күннен бастап, олар ажалды ма әлде өлмейтін ба, мен білмеймін;

18 Бірақ мен мұны берілген жазбалар бойынша білемін — олар жер бетін шаралап, бүкіл халыққа қызмет етті және олардың уағыздарына сенетіндердің барлығын шіркеуге біріктірді; су рәсімінен өткізді және су рәсімінен өткендердің барлығы Киелі Рухты қабылдады.

19 Ал шіркеуге жатпайтындар оларды түрмеге тастады. Ал түрмелер оларды ұстай алмады, өйткені олар екіге қақ бөлініп қалды.

20 Міне олар жер қойнауына да тасталды; бірақ олар жерді Құдай сөзімен ұрды, сондықтан олар Оның құдіретімен жер қойнауынан босатылды; сондықтан олар оларды ұстап тұратын жеткілікті мөлшердегі орларды қазу мүмкін болмады.

21 Міне олар үш рет пешке тасталды, бірақ ешқандай зиян келмеді.

22 Міне олар екі рет жабайы аңдардың ініне тасталды; міне, олар аңдармен бала емшектегі қозымен ойнағандай ойнады, бірақ ешқандай зиян көрмеді.

23 Міне дәл солай болды, осылайша олар бүкіл Нефи халқының арасында жүріп, жер бетіндегі барлық адамдарға Мәсіхтің Інжілін уағыздады; ал олар Жаратқан Иеге бет бұрды және Мәсіхтің шіркеуіне қосылды, осылайша сол ұрпақтың адамдары Исаның сөзіне сәйкес батаға ие болды.

24 Ал енді мен, Мормон, осы нәрселер туралы біраз уақытқа дейін сөзімді аяқтаймын.

25 Міне, мен ешқашан өлімді татып көрмегендердің есімдерін жазғалы тұрған едім, бірақ Құдай тыйым салды; сондықтан мен оларды жазбаймын, өйткені олар әлемнен жасырылған.

26 Бірақ міне, мен оларды көрдім, олар маған қызмет етті.

27 Міне, олар өзге ұлттардың арасында болады, ал өзге ұлттар оларды білмейді.

28 Олар сондай‑ақ яһудилердің арасында болады, ал яһудилер оларды білмейді.

29 Міне бұл орындалды, Жаратқан Ие өзінің даналығымен орынды деп тапқанда, олар Исраилдің барлық бытырап кеткен руларына және барлық ұлттарға да, тайпаларға да, тілдерге де, халықтарға да қызмет ететін болады, олар Исаға көптеген жандарды әкеледі, осылайша олардың тілектері орындалады, ал бұл олардағы Құдайдың сендіретін күші бар болғандықтан.

30 Міне олар Құдайдың періштелері сияқты, ал егер олар Әкеге Исаның атымен дұға етсе, олар өздеріне жақсы сияқты көрінетін кез келген адамға өздерін көрсете алады.

31 Сондықтан, барлық адамдар міндетті түрде Мәсіхтің сот тақтасының алдына тұруы керек, сол ұлы және келер күннің алдында, олар арқылы үлкен және керемет істер жасалатын болады.

32 Иә, тіпті өзге ұлттардың арасында да сол қиямет күніне дейін олар жасаған ұлы және керемет іс жасалатын болады.

33 Міне егер сендерде Мәсіхтің барлық керемет істері туралы баяндайтын барлық жазбалар болған болса, Мәсіхтің сөздері бойынша, бұл нәрселер міндетті түрде келуі керек екенін білер едіңдер.

34 Ал Исаның сөздеріне құлақ аспайтындарға, сондай‑ақ ол таңдап, олардың арасына жібергендерге де қасірет; өйткені кім Исаның сөздерін және ол жібергендердің сөздерін қабылдамаса, оны қабылдамайды; міне сондықтан ол оларды соңғы күні қабылдамайды;

35 Ал олар үшін дүниеге келмегені жақсы еді. Адамдардың аяғымен тапталған сол ренжіген Құдайдың әділдігінен құтылып, құтқарылу арқылы құтыла аламыз деп ойлайсыңдар ма?

36 Ал енді мен Жаратқан Ие таңдап алғандарды айтқанымда, иә, яғни көкке көтерілген үшеуі туралы, мен олардың өлімнен өлместікке тазартылғанын білмедім,

37 Бірақ міне, мен осыны жазған кезден бері, мен Жаратқан Иеден сұрадым, ол маған олардың денелеріне өзгеріс болуы керек екенін, әйтпесе олар өлімнің дәмін татуы керек екенін ашты;

38 Сондықтан олар өлімнің дәмін татпауы үшін олардың денелерінде өзгеріс орын алды, сонда олар азапты немесе қайғы‑қасіретті бастан кешірмейді, тек әлемнің күнәлары болмаса.

39 Енді бұл өзгеріс соңғы күні болатын өзгеріске тең емес еді; бірақ олардың бойындағы өзгеріс керемет болды, шайтан оларға билік ете алмады, ол оларды азғыра алмады; міне олар тәнінде қасиетті болып, олар әулиеге айналды, ал жер бетіндегі күштер оларды ұстап тұра алмады.

40 Міне осы күйінде олар Мәсіхтің қиямет сот күніне дейін қалуы керек болды; ал сол күні олар үлкен өзгеріске ұшырайды, ал енді сыртқа шықпай, көкте Құдаймен бірге мәңгі тұру үшін Әкенің Патшалығына қабылданады.