Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 20


20‑шы тарау

Иса ғажайып түрде нан мен шарапты қамтамасыз етеді және тағы да адамдарға діни ант рәсімін таратады. Жақыптың тамтығы өздерінің Құдайы Жаратқан Иені танып біледі және Американы мұра етеді. Иса Мұса сияқты пайғамбар, ал Нефиліктер – пайғамбарлардың балалары. Жаратқан Иенің қалған халқы Иерусалимге жиналатын болады. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 34 ж.

Міне дәл солай болды, ол жұртқа дұға етуді тоқтатуды бұйырды, сондай‑ақ шәкірттеріне де. Міне ол оларға жүректерімен дұға етуді тоқтатпауларын бұйырды.

Міне ол оларға орындарынан тұрып, аяқтарына тұруды бұйырды. Міне олар орындарынан тұрып, аяқтарына тұрды.

Міне дәл солай болды, ол қайтадан нанды сындырды да батасын беріп, шәкірттеріне жеуге берді.

Міне олар жеп болған соң, ол оларға нанды сындырып, жұртқа таратып беруді бұйырды.

Міне олар жұртқа таратып болғаннан соң, Иса оларға шарапты да берді және оларға оны жұртқа таратып беруді бұйырды.

Ал енді онда шәкірттердің немесе халықтың әкелген наны да, шарапы да болған жоқ;

Бірақ ол шынымен де оларға жеуге нан және ішуге шарап та берді.

Міне ол оларға былай деді: Мына нанды жеген, менің тәнімнен өзінің жаны үшін жейді; ал мына шарапты ішетін менің қанымнан өзінің жаны үшін ішеді; міне оның жаны ешқашан аштыққа да шөлге де ұшырамайды, бірақ қанық болады.

Енді жұрттың бәрі ішіп‑жеп болған соң, міне олар Рухқа қанықты; міне олар бірауыздан айқайлап, өздері көрген де естіген де Исаны мадақтады.

10 Міне дәл солай болды, олардың барлығы Исаны мадақтап болғаннан соң, ол оларға былай деді: Міне, мен енді Исраил үйінің тамтығы болып табылатын осы халыққа қатысты Әкемнің маған бұйырған өсиетін аяқтаймын.

11 Естеріңде ме менің сендерге айтқаным және, міне Ишаяның сөздері орындалған кезде айтқаным, міне, олар жазылған және олар сендердің алдыңда, сондықтан зерттеңдер оларды –

12 Міне сендерге мен шындығын шындығын айтамын, олар орындалған кезде, Әкенің Өз халқымен жасасқан келісімі орындалады, уа, Исраил үйі.

13 Міне сонда жер бетіне бытырап кететін тамтықтар шығыс пен батыстан да, оңтүстік пен солтүстіктен де жиналатын болады; міне олар өздерін өтеп алған Құдайлары Жаратқан Иені танып білетін болады.

14 Міне Әкем маған осы жерді сендерге мұра етіп беруімді бұйырды.

15 Міне мен сендерге айтамын, егер өзге ұлттар менің халқымды бытыратып жібергеннен кейін, олар алатын батасына тәубеге келер болмаса,

16 Сонда сендер, Жақып әулетінің тамтығы, солардың арасына аттаныңдар; міне сендер олардың арасында боласыңдар, олар көп болады; ал сендер олардың арасында орман аңдарының арасындағы арыстандай және қойлардың арасындағы жас арыстандай боласыңдар, егер ол арасынан өтер болса, таптап, әрі жыртып тастайды, міне ешкім құтқара алмайды.

17 Сенің қолың жауларыңның үстінен көтеріледі және жауларың түгел жойылатын болады.

18 Міне адам бауларын қырманға жинағанындай, мен де өз халқымды жинап аламын.

19 Өйткені мен Әкеммен келісім жасасқан халқымды, иә, мүйізіңді темір, ал тұяғыңды жез етемін. Міне сен көптеген халықтарды қырып‑жоясың, ал Мен олардың табысын Жаратқан Иеге, ал олардың байлығын бүкіл жер бетінің Иесіне арнаймын. Міне, осыны істеп жатқан Менмін.

20 Міне бұл орындалады, сол күні менің әділдігімнің семсері олардың үстіне ілінетін болады, — дейді Әке; ал егер олар тәубесіне келмесе, бұл олардың басына түседі, ‑ дейді Әке, иә, яғни өзге ұлттардан шыққан барлық халықтардың да басына.

21 Міне бұл орындалады, Уа, Исраил үйі, мен өз халқымды бекітемін.

22 Ал міне, мен сенің әкең Жақыппен жасасқан келісімімді орындау үшін осы елде осы халықты орнатамын; міне ол Жаңа Иерусалим болады. Ал көктің күштері осы халықтың ортасында болады. Иә, мен де сендердің орталарыңда боламын.

23 Міне, Мұса айтқан сол адам менмін, айтып: Құдайларың Жаратқан Ие сендерге бауырларыңның арасынан мен сияқты пайғамбарды шығарады. Оның сендерге не айтса да, барлығын да тыңдаңдар. Міне дәл солай болады, сол пайғамбарды тыңдамаған әрбір жан халқының ішінен алыстатылатын болады.

24 Сендерге шындығын айтамын, иә, Самуилден бастап, одан кейінгі пайғамбарлардың барлығы да, сөйлегендердің бәрі де, мен туралы куәлік етті.

25 Ал міне, сендер пайғамбарлардың балаларысыңдар; міне сендер Исраил үйіненсіңдер; ал сендер, Әкеңнің ата‑бабаларыңмен жасасқан келісімінен, Ыбырайымға: Міне сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады деген.

26 Әкем мені алдымен сендер үшін тірілтіп алып, сендердің әрқайсысыңды зұлымдықтарыңнан қайтарып, жарылқау мақсатында сендерге жіберді; ал өйткені бұл сендер келісімнің балалары болғандықтарыңнан;

27 Міне сендер бата алған соң, Әке Ыбырайыммен жасасқан келісімін орындап, былай деді: Сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттар батаға ие болады, өйткені мен арқылы өзге ұлттардың үстіне Киелі Рух төгіледі, ал бұл уа, Исраил үйі, менің халқым бытырап кеткенше, өзге ұлттарға берілген бұл бата оларды барлығының үстінен мықты қылады.

28 Ал олар осы жердің халқына қасірет болады. Соған қарамастан, олар менің Інжілімнің толықтығын алған кезде, сонда, егер олар маған қарсы жүректерін қатайтатын болса, мен олардың күнәларын өз бастарына қайтарамын, ‑ дейді Әке.

29 Міне мен өз халқыммен жасасқан келісімімді есіме аламын; ал мен олармен келісім жасасқанмын, мен оларды өз қалауым бойынша жинаймын, сонда мен оларды өз уақытымда жинап аламын, мен оларға ата‑бабаларының жерін, яғни Иерусалим жерін, яғни оларға мәңгілік уәде етілген жерді қайтадан өздеріне қайтарып беремін, дейді Әке.

30 Міне дәл солай болды, менің Інжілімнің толықтығы оларға уағыздалатын уақыт келеді;

31 Міне олар менің Құдайдың Ұлы Иса Мәсіх екендігіме сеніп, әрі менің атымнан Әкеге дұға ететін болады.

32 Сол кезде олардың күзетшілері дауыстарын көтеріп, бірге ән шырқайтын болады; өйткені олар өз көздерімен көретін болады.

33 Сонда Әке оларды қайтадан жинайды және оларға Иерусалимді олардың мұрагерлік жері ретінде беретін болады.

34 Сонда олар шаттыққа бөленеді: Ей, Иерусалимнің қаңырап бос қалған жерлері, бірігіп ән шырқаңдар; өйткені Әке өз халқын жұбатып, Иерусалимды ол өтеп алды.

35 Әке барлық халықтардың көз алдында өзінің киелі қолын жайды; міне жердің барлық шетінде Әкенің құтқаруын көретін болады; ал Әке мен Мен бірміз.

36 Міне сонда сол жазылған нәрсе орындалады: Оян, қайта оян және күшіңді жина, уа, Сион; Уа, Иерусалим, киелі қала, әдемі киімдеріңді киіңдер, өйткені бұдан былай саған сүндеттелмегендер мен арамдар кірмейді.

37 Шаңды сілкіп таста, тұр, отыр, Уа, Иерусалим; Уа, Сионның тұтқын қызы, мойныңдағы шынжырдан құтыл.

38 Өйткені Жаратқан Ие мынаны айтады: Сендер өздеріңді бекерге саттыңдар, ал сендер ақшасыз өтелетін боласыңдар.

39 Сендерге шындығын шындығын айтамын, халқым менің атымды білетін болады; иә, сол күні олар, сол сөйлейтін мен екенімді білетін болады.

40 Міне содан олар былай дейді: Таулардың үстінде өздеріне ізгі хабарды жеткізген, тыныштықты жариялаушының аяғы қандай керемет; оларға ізгі хабарды жеткізіп, құтқарылуды жариялайтын; Сионға: Сенің Құдайың патшалық етеді деп!

41 Міне сонда айқай естілетін болады: Кетіңдер, кетіңдер, ол жерден шығыңдар, арамдыққа жататын нәрсеге жоламаңдар; оның ортасынан кетіңдер; сендер, Жаратқан Иенің киелі кемесін алып жүретіндер, адал болыңдар.

42 Өйткені сендер қашып жүгірмей, асықпай шығатын боласыңдар; өйткені Жаратқан Ие сенің алдыңда жүретін болады, ал Исраилдің Құдайы артыңнан жүріп қорғайтын болады.

43 Міне, менің қызметшім парасаттылық танытатын болады; ол асқақтайды және дәріптеледі әрі дәрежесі жоғары көтерілетін болады.

44 Оған қарап көпшілік аң‑таң болды: оның ұсқыны кез келген адамнан гөрі соншалықты бұзылған, оның түр‑тұрпаты да адам ұлдарынан да бетер бұзылған.

45 Осылайша ол көптеген халықтарды қайран қалдырады; оның алдында патшалар да ауыздарын жабатын болады, өйткені олар өздеріне айтылмаған нәрсені көретін болады; әрі еш естімегендерін білетін болады.

46 Иә, мен сендерге шындығын шындығын айтамын: Мұның бәрі дәл Әкемнің маған бұйырғанындай, міндетті түрде орындалады. Сонда Әкенің өз халқымен жасасқан бұл келісім орындалады; ал сонда менің халқым Иерусалимде қайтадан қоныстанатын болады және бұл олардың мұрагерлік жеріне айналады.