Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 7


7‑ші тарау

Бас төреші өлтірілді, үкімет жойылды, ал халық ру‑тайпаға бөлінеді. Мәсіхке қарсы Жақып құпия одақтың патшасы болады. Нефи тәубеге келуді және Мәсіхке сенуді уағыздайды. Періштелер оған күн сайын қызмет етеді, ал ол өз бауырын өліден қайта тірілтеді. Көбшілігі тәубеге келеді және су рәсімінен өтеді. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 30–33 жж.

Енді міне, мен сендерге олардың бұл жерге патша тағайындамағанын көрсетемін; бірақ дәл осы жылы, иә, отызыншы жылы, олар сол сот орнын кұртты, иә, сол елдің бас төресін өлтірді.

Ал халық бір‑біріне қарсы шықты; міне олар бірінен‑бірі тайпаларға бөлінді, әр адам өз отбасына, туған‑туыстарына және достарына қарай бөлінді; осылайша олар сол елдің үкіметін жойды.

Ал әр тайпа өзіне басшы немесе көсем тағайындады; міне осылайша олар тайпаларға және тайпалардың көсемдеріне айналды.

Ал енді, міне, олардың арасында үлкен отбасылы және туыстары мен достары жоқ болған бірде‑бір адам болған жоқ; сондықтан олардың тайпалары өте көп болды.

Енді мұның бәрі орындалды, ал олардың арасында соғыс әлі болған жоқ; міне осы зұлымдықтың бәрі халықтың басына келді, өйткені олар шайтанның билігіне берілді.

Ал үкіметтің ережелері жойылды, сол пайғамбарларды өлтіргендердің достары мен туыстарының жасырын бірлестігінен.

Міне олар елде үлкен алауыздық тудырды, сондықтан халықтың әділ бөлігінің барлығы дерлік зұлымдыққа айналды.

Міне осылайша халықтың басым бөлігі, ит қайта оралар өзінің құсығына немесе шошқа қайтып оралар аунайтын батпағына демекші, өздерінің әділдігінен бас тартқанына алты жыл да өтпеді.

Енді халыққа осындай үлкен зұлымдық әкелген осы жасырын бірлестік, бірге жиналып өздерін басқаратын адамды тағайындады да, оны Жақып деп атады.

10 Міне олар оны өз патшасы етіп атады; сондықтан ол осы зұлым топтың патшасына айналды; ал ол Иса туралы куәлік еткен пайғамбарларға қарсы дауыс көтерген көсемдердің бірі болған.

11 Міне дәл солай болды, олар бір‑бірімен біріккен халық тайпалары сияқты саны жағынан мықты емес еді, олардың көсемдері өз заңдарын әрқайсысы өз тайпасына сәйкес бекіткені болмаса; соған қарамастан олар жау болды; олар тақуа халық болмағанымен, олар үкіметті жою туралы келісім жасасқандарды жек көріп, біртұтас болды.

12 Сондықтан Жақып олардың жауларының өздерінен де көп екенін көріп, міне ол зұлым топтың патшасы болғандықтан, ол өз халқына сол елдің солтүстік бөлігіне қашып, жолдан тайғандар оларға қосылғанша (өйткені ол қарсылық білдірушілер көп болады деп оларға жағымпазданды) және олар халықтың тайпаларымен күресуге жеткілікті күшке жеткенше сол жерде патшалық құруды бұйырды; міне олар солай істеді.

13 Міне олардың кетуі соншалықты тез болды, халықтың қолы жетпес бұрын олар кетіп үлгерді, кедергі жасау мүмкін емес еді. Міне осылайша отызыншы жыл аяқталды; Нефи халқының істері осылай болды.

14 Міне дәл солай болды, отыз бірінші жылы олар тайпаларға бөлінді, әр адам өз отбасына, туған‑туыстарына, достарына сәйкес; соған қарамастан, олар бір‑бірімен соғыспайтындығы туралы келісімге келді; бірақ олар өздерінің заңдары мен басқару тәсілі жағынан біртұтас емес еді, өйткені олар өздерінің басшылары мен көшбасшылары болған адамдардың санасына сай құрылған болатын. Бірақ олар өте қатаң заңдарды бекітті, соған сәйкес бір тайпа екінші тайпаға қол сұғуға болмайды, осылайша олар елде белгілі бір деңгейде тыныштыққа ие болды; соған қарамастан олардың жүректері өздерінің Құдайлары Жаратқан Иеден бас тартты, олар пайғамбарларды таспен атқылап, оларды өз орталарынан қуып шықты.

15 Міне дәл солай болды, періштелер келіп, сондай‑ақ Жаратқан Иенің дауысы естіген Нефи сондықтан періштелерді көріп, куә болды, сондықтан періштелерді көріп, куә болған және Мәсіхтің қызметін танып‑білу үшін оған берілген құдіретке ие болды, сондай‑ақ олардың әділдіктен өздерінің зұлымдық пен жиіркенішті істеріне сондай тез оралуының куәгері болған;

16 Сондықтан олардың жүректерінің қаталдығына және ақылдарының соқырлығына қайғырып – сол жылы олардың арасына шығып, Иеміз Иса Мәсіхке сену арқылы тәубеге келу және күнәлардың кешірілуі туралы батылдықпен куәгерлік ете бастады.

17 Міне ол оларға көп тәлім берді; ал олардың барлығын жазу мүмкін емес және олардың бір бөлігі жеткіліксіз болатын еді, сондықтан олар бұл кітапта жазылмаған. Ал Нефи құдіретпен және зор билікпен тәлім берді.

18 Міне дәл солай болды, олар оған ашуланды, өйткені оның олардан гөрі үлкен күшке ие болғанына, өйткені оның сөздеріне сенбеу мүмкін емес еді, өйткені оның Жаратқан Ие Иса Мәсіхке деген сенімінің зор болғаны сонша, періштелер оған күн сайын қызмет етті.

19 Міне Иса Мәсіхтің атымен ол жындар мен арам рухтарды қуды; тіпті ол өз бауырын да өлімнен тірілтіп алды, халық оны таспен атқылап, әрі азапқа салып өлтіргеннен кейін.

20 Міне халық мұны көрді және оған куә болды, сондай‑ақ олар оның құдіретіне ашуланды; міне ол Исаның атынан халықтың көз алдында тағы да көптеген кереметтер жасады.

21 Міне дәл солай болды, отыз бірінші жыл өтті, ал Жаратқан Иеге бет бұрғандардың саны шамалы еді; бірақ дінге бет бұрғандардың көпшілігі халыққа олар сенген Иса Мәсіхте болған Құдайдың құдіреті мен Рухы келгенін шын мәнінде білдірді.

22 Ал жын‑перілері қуылып шығарылып және аурулары мен дерттерінен айығып кеткен барлық адамдар, оларға Құдайдың Рухы әсер еткенін шын мәнінде халыққа куәлік етті; міне олар да белгілер көрсетіп, халық арасында кейбір кереметтер жасады.

23 Осылайша отыз екінші жыл да өтті. Ал Нефи отыз үшінші жылдың басында халықты шақырды; міне ол оларға тәубеге келуді және күнәлардан арылуды уағыздады.

24 Ал енді мен сендердің де естеріңе салғым келеді, тәубеге келгендердің арасында су рәсімінен өтпеген бірде‑бір адам болмаған емес.

25 Сондықтан, онда осы қызметке Нефи тағайындаған ер адамдар болды, осылайша оларға келгендердің барлығы су рәсімінен өтеді, ал бұл олардың Құдайдың алдында және халық алдында тәубеге келіп және күнәлары үшін кешірім алғанына куә мен растау іспетті.

26 Міне осы жылдың басында тәубеге келу үшін су рәсімінен өткендер көп болды және осылайша жылдың басым бөлігі өтіп кетті.