Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 25


25‑ші тарау

Екінші Келуде тәкаппарлар мен зұлымдар сабан іспетті өртенетін болады. Ілияс сол ұлы да қорқынышты күннің алдында қайтып оралатын болады. Малахи 4-пен салыстыр. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 34 ж.

1 Өйткені, міне, лаулап жанған пешке ұқсас күн туады; иә, міне тәкаппарлар мен зұлымдық жасаушылардың барлығы сабан іспетті болады; ал келер күн оларды өртеп жібереді, — дейді Әскербасы Жаратқан Ие, — ол олардың тамырын да, бұтағын да қалдырмайды.

2 Бірақ менің есімімді қастерлейтін сендерге, Әділдіктің Ұлы өзінің сауықтыру қанаттарымен шипа болып, қайта тіріледі; сонда сендер қорадан шығып, торпақтардай болып өсетін боласыңдар.

3 Міне сендер зұлымдарды таптайсыңдар; өйткені мен мұны істеген күні олар табандарыңның астындағы күлге айналатын болады, – дейді Әскербасы Жаратқан Ие.

4 Менің қызметшім Мұсаның заңын есте сақтаңдар — оны Мен Хориб тауында бүкіл Исраил үшін жарлықтар мен үкімдермен бірге оған өсиет еткен болатынмын.

5 Міне Жаратқан Иенің ұлы да қорқынышты ұлы күні келер алдында сендерге мен Ілияс пайғамбарды жіберемін.

6 Міне мен келіп, жерді қарғысқа ұшыратпауым үшін, ол әкелердің жүрегін балаларына, балалардың жүрегін олардың әкелеріне бұрады.