Киелі жазбалар
3‑ші Нефи 1


Үшінші Нефи

Нефи кітабы
Хеламанның ұлы болған, Нефидің ұлы.

Хеламан Алманың ұлы болған Алманың ұлы Хеламанның ұлы еді, ол Яһудилердің патшасы Седекияның билігінің бірінші жылында Иерусалимнен шыққан Лехидің ұлы болған Нефидің ұрпағы еді.

1‑ші тарау

Хеламанның ұлы болған Нефи, сол елден кетеді, ал оның ұлы Нефи жазбаларды жүргізеді. Белгілер мен ғажайыптардың көптігіне қарамастан, зұлымдар әділдерді өлтіруді жоспарлайды. Мәсіхтің туған түні келеді. Белгі беріледі және жаңа жұлдыз пайда болады. Өтірік пен алдау көбейеді және Гадиантонның қарақшылары көпті қырып салады. Шамамен Мәсіх туғаннан кейін 1–4 жж.

Міне енді, дәл солай болды, тоқсан бірінші жыл өтіп, Лехидің Иерусалимнен шығып кеткенінен бері алты жүз жыл болды; міне бұл Лаконеус сол елдің бас төрешісі әрі ел билеушісі болған дәл сол жылы болды.

Міне Хеламанның ұлы Нефи, Зараһемла елінен кетіп, оның үлкен ұлы болған ұлы Нефиге мыс парақтары мен сақталған барлық жазбаларды және Лехи Иерусалимнен кеткеннен кейін қасиетті болып сақталған нәрселердің барлығын аманат етіп тапсырды.

Содан кейін ол елден кетіп қалды және оның қайда кеткенін еш бір адам білмейді; ал оның орнына оның ұлы Нефи жазбаларды, иә, осы халықтың жазбасын жүргізді.

Міне дәл солай болды, тоқсан екінші жылдың басында, міне, пайғамбарлардың пайғамбарлықтары толығымен орындала бастады; өйткені халық арасында одан да зор белгілер мен кереметтер пайда бола бастады.

Бірақ онда кейбіреулер Ламандық Самуил айтқан сөздер орындалатын уақыт өтті деп айта бастағандар болды.

Олар өз бауырларын келекелей бастап, былай деді: Міне, уақыт өтті, Самуилдің айтқандары орындалмады; сондықтан қуаныштарың да, оған деген сенімдерің де бекер болды.

Міне дәл солай болды, олар бүкіл елде үлкен бүлік шығарды; ал иман келтірген халық сол айтылған нәрселер орындалмай қалуы мүмкін деп, қатты қайғыра бастады.

Ал енді, сенімдерінің бекер болмағанын білу үшін олар сол күнді және сол түнді әрі түн болмағандай бір күнге айналатын сол күнді, табандылық танытып бақылап отырды.

Енді дәл солай болды, имансыздар белгілеген бір күн болды, егер Самуил пайғамбар көрсеткен белгі орындалмаса, сол дәстүрлерге иман келтіргендердің барлығы өлімге кесілетін болды.

10 Міне дәл солай болды, Нефидің ұлы Нефи өз халқының істеген осы зұлымдығын көрген кезде, оның жүрегі қатты қайғыға батты.

11 Міне дәл солай болды, ол шығып, жерге тағзым етті де, әрі өз халқы үшін, иә, олар ата‑бабаларының дәстүріне сенгендіктен жойылуға жақын болғандықтан Құдайына қатты жалбарынды.

12 Міне дәл солай болды, ол күні бойы Жаратқан Иеге жалбарынды; ал міне, оған Жаратқан Иенің даусы естіліп, былай деді:

13 Басыңды көтер де жігерлен; өйткені міне, уақыт таяп қалды, және осы түнде белгі беріледі, ал ертең мен осы дүниеге келемін, ал ертеңгі күні мен қасиетті пайғамбарларымның аузынан айтқан сөздерімнің бәрін орындайтынымды әлемге көрсету үшін осы дүниеге келемін.

14 Міне, мен адам баласына дүние жаратылғаннан бері ашқан барлық нәрселерді орындау үшін және Әке мен Ұлдың еркін орындау үшін өз халқыма келе жатырмын — Әкенің маған бола және Ұлдың тәніме бола. Ал міне, уақыт таяп қалды және осы түнде белгі беріледі.

15 Міне дәл солай болды, Нефиге айтылған сөздер айтылғанына сәйкес орындалды; өйткені күн батқаннан кейін қараңғы түспеді; міне адамдар таңғала бастады, өйткені түн келгенде қараңғы түспеді.

16 Ал онда пайғамбарлардың сөздеріне сенбегендер көп болды, жерге құлап, өлгендей болғандар, өйткені олар пайғамбарлардың сөздеріне иман келтіргендер үшін құрған ұлы қырып‑жою жоспарының бұзылғанын білді; өйткені берілген белгі әлдеқашан келіп жетті.

17 Олар Құдай Ұлының жақын арада пайда болуы керек екенін түсіне бастады; иә, бүкіл жер бетіндегі, батыстан шығысқа дейін, сондай – ақ солтүстік жері мен оңтүстік жеріндегі барлық халықтың қатты таңғалғандары сонша, олар жерге құлады.

18 Өйткені олар пайғамбарлардың бұл туралы көп жылдар бойы куәлік еткенін және берілген белгінің әлдеқашан келіп қалғанын білді; міне олар өздерінің заңсыздықтары мен өздерінің имансыздықтары үшін қорқа бастады.

19 Міне дәл солай болды, сол түні қараңғы түспеді, бірақ түскі мезгіл сияқты жарық болды. Міне дәл солай болды, таңертең күн өз реті бойынша қайтадан көтерілді; міне олар бұл күннің Жаратқан Иенің дүниеге келетінін, берілген белгі арқылы білді.

20 Міне бұл, иә, әр нәрседе, барлық жағынан, пайғамбарлардың сөзіне сай орындалды.

21 Міне дәл солай болды, айтылған сөзге сәйкес жаңа жұлдыз пайда болды.

22 Міне дәл солай болды, осы уақыттан бастап шайтан арқылы адамдар арасында өтірік сөздер тарай бастады, олардың жүректерін қасарыстырып, олар өздері көрген белгілер мен ғажайыптарға сенбеу үшін; бірақ бұл өтірік пен алдауларға қарамастан, халықтың көпшілігі иманына келіп, Жаратқан Иеге бет бұрды.

23 Міне, дәл солай болды, Нефи халықтың және басқа да көпшіліктің арасында жүріп, тәубеге келу арқылы су рәсімінен өткізді, онда күнәлардың ұлы кешірілімі болды. Міне осылайша елде халық арасында қайтадан тыныштық орнады.

24 Міне онда Мұсаның заңын сақтау енді жөн емес екенін жазбалар арқылы дәлелдеуге тырысып, кейбіреулердің уағыздай бастағаны болмаса, ешқандай дау – дамайлар болған жоқ. Міне осы нәрседе олар жазбаларды түсінбегендіктен қателесті.

25 Бірақ міне дәл солай болды, олар көп ұзамай дінге бет бұрды, өздерінің болмысындағы қателіктеріне көз жеткізді, өйткені оларға бұл заңның әлі орындалмағанын және ол барлық жағынан орындалуы керек екені белгілі болды; иә, оның барлығы орындалмайынша, бірде‑бір әрпі, тіпті бір кішкентай сызығы да күшінен айырылмайды; сондықтан да олар сол жылы өздерінің қателіктерін түсінді және өз қателіктерін мойындады.

26 Міне осылайша барлық қасиетті пайғамбарлардың пайғамбарлық сөздері бойынша жүзеге асқан белгілердің арқасында адамдарға қуанышты хабар әкелген тоқсан екінші жыл өтті.

27 Міне дәл солай болды, Тоқсан үшінші жыл да бейбіт түрде өтті, тек тауларда мекендеген Гадиантон қарақшылары елге шабуыл жасағанынан басқа; өйткені олардың бекіністері мен жасырын орындары соншалықты күшті болғандықтан, адамдар оларды жеңе алмады; сондықтан олар көп кісі өлтірді және халық арасында көп қырғын жасады.

28 Міне дәл солай болды, тоқсан төртінші жылы олар айтарлықтай өсе бастады, өйткені Нефиліктердің қарсы шыққандары көп болғандықтан, оларға қашып кетті, бұл сол елде қалған Нефиліктерді қатты қайғыртты.

29 Міне онда Ламандықтардың қатты қайғыратын себебі де болды; өйткені, олардың өсіп, жасы ұлғайған балалары көп болды, жыл өткен сайын күшейе түсті және кейбір зорамдықтардың өтіріктері мен мақтаныш сөздерінің жетегіне еріп, сол Гадиантон қарақшыларына қосылды.

30 Міне осылайша Ламандықтар да дәл осылай жапа шекті және өскелең ұрпақтың зұлымдығынан олардың сенімі мен әділдігі әлсірей бастады.