Киелі жазбалар
Хеламан 9


9‑шы тарау

Хабаршылар сот орнында бас төрешіні өлі күйінде тапты. Олар абақтыға қамалады және кейін босатылады. Шабыт арқылы Нефи Сеантумды өлтіруші ретінде анықтайды. Кейбіреулер Нефиді пайғамбар ретінде қабылдайды. Шамамен 23–21 ж. Иса Мәс. дейін.

Міне енді дәл солай болды, Нефи осы сөздерді айтқан кезде, олардың арасында болған кейбір ер адамдар сот төріне қарай жүгірді; иә, яғни жүгіріп кеткен бес адам болды және олар жүгіріп бара жатып, өзара сөйлесті:

Міне, енді біз бұл адамның пайғамбар екенін және Құдай оған бізге осындай таңғажайып нәрселерді пайғамбарлық етуді бұйырғанын анық білетін боламыз. Міне, біз оның бұйырғанына сенбейміз; иә, біз оның пайғамбар екеніне сенбейміз; соған қарамастан, егер оның бас төреші туралы айтқан бұл сөзі рас болса, ол өлді дегені, онда оның айтқан қалған сөздерінің рас екеніне сенетін боламыз.

Міне дәл солай болды, олар бар күшін салып жүгірді және сот төрінің орнына келіп жетті; ал міне, бас төреші жерге құлап қалған және ол өз қанына сіңіп жатқан еді.

Ал енді міне, олар мұны көрген кезде қатты таңданғаны соншалық, олар жерге құлады; өйткені олар Нефидің бас төреші туралы айтқан сөздеріне сенбеген еді.

Бірақ енді олар мұны көрген кезде, сенді және Нефидің айтқан барлық үкімдері халыққа тиіп кете ме деп қорқып қалды; сондықтан олар қалтырап кетті және жерге құлады.

Енді төрешіні өлтірілгеннен кейін бірден — оны бауыры оны жасырын түрде пышақтап тастады да қашып жөнелді, ал қызметшілер жүгіріп барып, халыққа айтты, олардың арасында адам өлтіру айқайын көтеріп;

Ал міне, халық сот төріне келіп жиналды, ал міне, олар жерге құлаған әлгі бес адамды көріп таң қалды.

Ал енді міне, Нефидің бағында жиналған қалың жұрт туралы халық ештеңе білмеді; сондықтан олар өзара: «Бұлар — төрешіні өлтіргендер, ал Құдай оларды бізден қашып құтыла алмағандай етіп өлтірді», — деді.

Міне дәл солай болды, олар оларды бас салды да оларды байлап, әрі оларды зынданға тастады. Міне төреші өлтірілді және өлтіргендер ұсталды және зынданға тасталды деген хабар барлық жерге жіберілді.

10 Міне дәл солай болды, келесі күні өлген ұлы бас төрешіні жерлеу кезінде халық аза тұту және ораза ұстау үшін жиналды.

11 Сонымен қатар Нефидің бағында болған және оның сөздерін естіген төрешілер де жерлеуге жиналды.

12 Міне дәл солай болды, олар халық арасынан сұрастырып, былай деді: Бас төреші өлді ме, жоқ па деп сұрауға жіберілген әлгі бес адам қайда? Олар былай деп жауап берді және былай деді: Сендер жібердік деп жүрген әлгі бесеуі туралы білмейміз; бірақ бес кісі өлтіруші бар, біз зынданға тастаған.

13 Міне дәл солай болды, төрешілер олардың әкелуін қалады; міне олар әкелінді, ал міне, олар әлгі жіберілген бесеуі болып шықты; міне, төрешілер олардан осы мәселеге қатысты білу үшін сұрастырды, ал олар істегендерінің бәрін айтып берді, былай деп:

14 Біз жүгіріп бардық та сот төріне келіп жеттік және Нефи куәлік еткендей, біз бәрін көрген кезде, таңырқағанымыз сонша, біз жерге құладық; ал біз таңырқауымыздан айыққанымызда, міне олар бізді зынданға тастады.

15 Ал енді бұл өлтірілген адамға келетін болсақ, мұны кім жасағанын білмейміз; міне біз осыны ғана білеміз, біз жүгіріп және сендердің қалауларың бойынша келіп жеттік және міне, Нефидің сөздері бойынша, ол өлді.

16 Міне енді дәл солай болды, төрешілер бұл мәселені халыққа түсіндірді және Нефиге қарсы айқайлап, былай деді: Міне, біз білеміз бұл Нефи төрешіні өлтіру үшін біреумен келіскен болуы керек, сонда ол бізді өз сеніміне айналдырып, әрі өзін ұлы адам, Құдайдың таңдаулысы және пайғамбары етіп көтеру үшін мұны бізге хабардар етуі мүмкін.

17 Енді міне, біз бұл адамды анықтаймыз және ол өз кінәсін мойындайтын болады және бізге мына төрешіні шынымен кім өлтірді сол мәлім болады.

18 Міне дәл солай болды, әлгі бесеуі жерленген күні бостатылды. Соған қарамастан, олар Нефиге қарсы айтқан сөздері бойынша төрешілерді айыптады және олармен бірінен соң бірі айтысқаны соншалықты, олар оларды масқара етті.

19 Соған қарамастан олар Нефийді ұстап алып, байлап, көпшіліктің алдына әкелді, міне олар оны айыптау үшін, содан кейін өлім жазасына кесу үшін оны әртүрлі әдістермен сұрақ астына алды,

20 Былай деп оған: Сен сыбайлассың; ол адам кім, мына қылмысты істеген? Енді бізге айт және өз кінәңді мойында; айт: Міне, мынау ақша; міне егер сен бізге айтар болсаң және онымен жасасқан келісіміңді мойындасаң, саған сенің өміріңді де сылаймыз.

21 Бірақ Нефи оларға былай деді: Уа, ақымақтар, жүректерінде сүндеттелмегендер, соқырлар мен қасарысқан халық, сендердің Құдайларың Жаратқан Ие күнәларыңның осы жолында жүрулеріңе қанша уақыт шыдайтынын білесіңдер ме?

22 Уа, егер сендер тәубеге келмесеңдер, осы уақытта сендерді күтіп тұрған сол ұлы қырғын жойқынға байланысты айқайлау мен жоқтауды бастаңдар.

23 Міне, сендер мен бір адаммен бас төрешіміз Сизорамды өлтіру туралы келісімге келдім дейсіңдер. Бірақ міне, менің сендерге айтарым, бұл менің сендерге бұл туралы білулерің үшін куәлік еткендіктен болды; иә, тіпті мен сендердің араларыңдағы зұлымдық пен жиіркенішті істерді білгенімді сендерге куәлік етемін.

24 Міне мен мұны істегендіктен, мен бір адаммен осылай істеуге келіскенімді айтасыңдар; иә, мен сендерге осы белгіні көрсеткенім үшін, сендер маған ашуландыңдар және менің өмірімді құртуды көздеп отырсыңдар.

25 Ал енді міне, мен сендерге тағы бір белгіні көрсетемін, сонда осымен мені құртқыларың келе ме, соны көремін.

26 Ал енді, менің сендерге айтарым: Сеантумның үйіне барыңдар, ол Сизорамның бауыры, міне оған айтыңдар:

27 Осы халыққа қатысты көптеген зұлымдық туралы пайғамбарлық ететін жалған пайғамбар Нефи сенің бауырың Сизорамды өлтіру үшін сенімен келісім жасады ма?

28 Ал міне, ол сендерге: «Жоқ», — дейді.

29 Ал сендер оған былай деңдер: Сен өз бауырыңды өлтірдің бе?

30 Міне ол не айтарын білмей, қорқып тұрып қалады. Міне, ол сендердің алдында мойындамайды және ол таң қалғандай әрекет етеді; соған қарамастан, ол сендерге өзінің кінәсіз екенін жариялайды.

31 Бірақ міне, сендер оны тексеріңдер, сонда оның шапанының етегінен қан табасыңдар.

32 Мұны көргенде, сендер мынаны айтасыңдар: Бұл қан қайдан келді? Бұл сенің бауырыңның қаны екенін білмейміз бе?

33 Міне сонда ол қалшылдап және оның басына өлім келген сияқты бозарып кетеді.

34 Сонда сендер былай дейсіңдер: Сенің жүзіңе түскен мына қорқыныш пен бозарудың кесірінен, міне, біз сенің кінәлі екеніңді білеміз.

35 Сонда оны бұдан да зор қорқыныш басады; міне сонда ол сендердің алдыларыңда мойындайды және оны өлтіргенін ол бұдан былай жоққа шығармайды.

36 Сонда ол сендерге былай дейтін болады, мен, Нефи, маған Құдайдың құдіреті арқылы берілгеннен басқа, бұл мәселеге қатысты ештеңе білмеймін. Міне сонда менің адал адам екенімді және сендерге Құдайдан жіберілгенімді білетін боласыңдар.

37 Міне дәл солай болды, олар Нефидің айтқанындай, барды және солай істеді. Ал міне, оның айтқан сөздері рас болып шықты; өйткені, осы сөздерге сәйкес, ол жоққа шығарды; сондай-ақ, осы сөздерге сәйкес, ол мойындады.

38 Ал ол дәл сол қанішердің өзі екенін дәлелдеу үшін әкелінді, сондықтан әлгі бесеуі босатылды, сонымен қатар Нефи де болды.

39 Міне онда Нефидің сөздеріне сенген біраз нефиліктер де болды; сондай-ақ әлгі бесеуінің куәлігінің арқасында кейбір сенгендер де болды, өйткені олар зынданда болған кезде дінге бет бұрған болатын.

40 Міне енді халық арасында Нефиді пайғамбар деп айтатындар болды.

41 Міне онда: Міне, ол құдай, өйткені ол құдай болмаса, ол барлық нәрсені біле алмас еді ‑ деген басқалар да болды. Міне, ол бізге жүрегіміздегі ойларды айтты, сонымен қатар басқа да нәрселерді айтты, тіпті біздің бас төрешіміздің нағыз қанішерін де білуге ​​​​мүмкіндік берді.