Киелі жазбалар
Хеламан 4


4-ші тарау

Жолдан тайған нефиліктер мен ламандықтар күш біріктіріп, Зараһемла жерін басып алады. Нефиліктер өз зұлымдықтарының кесірінен сәтсіздікке ұшырайды. Шіркеу азып-тозып, адамдар ламандықтар сияқты әлсірей бастайды. Шамамен 38–30 ж Иса Мәс. дейін.

1 Міне енді дәл солай болды, елу төртінші жылы шіркеуде көптеген келіспеушіліктер болды, сонымен қатар халық арасында дау-дамай да болды, соның салдарынан көп қантөгіс болды.

2 Ал бүлікшілер бөлігі өлтірілді және сол жерден қуылды, міне олар ламандықтардың патшасына барды.

3 Міне дәл солай болды, олар ламандықтарды нефиліктерге қарсы соғысуға итермелеуге тырысты; бірақ міне, ламандықтар соншалықты қатты қорықты с, олар сол ожолдан тайғандар сөздеріне құлақ аспады.

4 Бірақ міне дәл солай болды, бұл төрешілер билігінің елу алтыншы жылында болды, онда нефиліктерден ламандықтарға қарай бет бұрған жолдан тайғандар пайда болды; ал олар басқалармен бірге оларды нефиліктерге қарсы ашуға итермеледі; міне олардың барлығы сол жылы соғысқа дайындалды.

5 Міне елу жетінші жылы олар нефиліктерге қарсы шайқасқа аттанды және олар өлім ісін бастады; иә, соншалық, төрешілер билігінің елу сегізінші жылында олар Зараһемла жерін иемденді; иә, сонымен қатар барлық жерлерді де, тіпті Молшылық жерінің жанындағы жерге дейін.

6 Міне нефиліктер мен Морониһахтың әскерлері тіпті сол Молшылық жеріне айдалды.

7 Міне олар сол жерде ламандықтарға қарсы теңіздің батысынан шығысына дейін бекініс жасады; бұл нефиліктер үшін бір күндік жол, олар өздерінің солтүстік елін қорғау үшін бекіністерін бекітіп, әскерлерін орналастырған шепте.

8 Міне осылайша, сол нефиліктердің арасынан шыққан жолдандар ламандықтардың үлкен әскерінің көмегімен оңтүстік жеріндегі нефиліктердің барлық иеліктерін басып алды. Міне мұның бәрі төрешілер билігінің елу сегізінші және тоғызыншы жылдары болды.

9 Міне дәл солай болды, төрешілер билігінің алпысыншы жылында Морониһах өзінің әскерлерімен жеңіске жетіп, жердің көп бөлігін басып алды; иә, олар ламандықтардың қолына түскен көптеген қалаларды қайтарып алды.

10 Міне дәл солай болды, төрешілер билігінің алпыс бірінші жылында олар тіпті өздерінің бүкіл иелігінің жартысын да сәтті қайтарып алдыі.

11 Енді, олардың арасында болған зұлымдықтар мен жиіркенішті істер болмағанда, нефиліктердің осы үлкен шығын мен олардың арасында болған үлкен қырғын болмас еді; иә, бұл өздерін Құдайдың шіркеуіне жататынын мойындайтындардың арасында да болды.

12 Міне бұл олардың жүректерінің асқақтығынан, шамадан тыс байлығынан, иә, бұл олардың кедейлерге қысым жасауынан, аштан тамақты, жалаңаштан киімін айыруынан, және кішіпейіл бауырластарының бетінен қағып, қасиетті нәрсені келемеждеді, пайғамбарлық пен аянның рухын теріске шығарып, өлтіріп, тонап, өтірік айтып, ұрлық жасап, неке адалдығын бұзып, үлкен дау-дамайды тудырды және Нефи еліне, ламандықтарға кетіп қалғанның кесірінен болды—

13 Міне олардың осы зор зұлымдығы мен олардың өз күштерімен мақтанғандықтан, олар өз күшінде қалды; сондықтан олар өсіп–өркендей алмады, керісінше азап шегтіжәне соққыға жығылды әрі олар өз жерлерінің барлығына дерлік иелік етуден айырылғанға дейін, Ламандықтардың алдында қуылды.

14 Бірақ міне, Морониһах адамдарға олардың заңсыздықтары үшін көп нәрсені уағыздады, сондай–ақ Хеламанның ұлдары болған Нефи мен Лехи де халыққа көп нәрсені уағыздады; иә, міне олардың заңсыздықтары туралы көп нәрсені пайғамбарлық етті және олар өздерінің күнәларына тәубе етпесе, оларға не болатынын айтты.

15 Міне дәл солай болды, олар тәубесіне келді және олар тәубе еткен сайын, олар өркендей бастады.

16 Өйткені Морониһах олардың тәубеге келгенін көрген кезде, оларды бір жерден екінші жерге, қаладан қалаға алып жүруге бел буды, тіпті олар өз меншігінің жартысы мен барлық жерінің жартысын қайтарып алғанға дейін.

17 Міне осылайша төрешілер билігінің алпыс бірінші жылы аяқталды.

18 Міне дәл солай болды, Морониһах төрешілер билігінің алпыс екінші жылында ламандықтардың үстінен билік жүргізе алмады.

19 Сондықтан олар өз жерлерінің қалған бөлігін иемдену ниетінен бас тартты, өйткені ламандықтардың саны соншалықты көп болғандықтан, нефиліктердің оларға бұдан былай билік етуі мүмкіндігі болмады; сондықтан Морониһах өзінің барлық әскерін өзі басып алған жерлерін қорғауға жұмсады.

20 Міне дәл солай болды, ламандықтардың саны көп болғандықтан нефиліктер жеңіліп, тапталып және өлтіріліп, жойылып кете ме деп қатты қорықты.

21 Иә, олар Алманың пайғамбарлықтарын, сондай-ақ Мосияның сөздерін естеріне түсіре бастады; міне олар өздерінің қатыгез халық болғанын және Құдайдың өсиеттеріне немқұрайлы қарағандарын қарағандарын көрді.

22 Міне олар Мосияның заңдарын өзгертіп немесе Жаратқан Ие оған халыққа беруді бұйырғанын өз аяқтарымен таптағандарын; міне олар өздерінің заңдарының бұзылғанын және олар зұлым халыққа айналғанын көрді, сондықтан олар ламандықтар сияқты зұлым болып кеткен.

23 Міне олардың зұлымдығынан шіркеу құлдырай бастады; ал олар пайғамбарлық рух пен аян рухына деген сенімдерін жоғалта бастады; Құдайдың үкімдері олардың басына төнді.

24 Міне олар өздерінің бауырлары ламандықтар сияқты әлсірегенін және Жаратқан Иенің Рухы оларды бұдан былай қорғай алмайтынын көрді; иә, ол олардан бас тартты, өйткені Жаратқан Иенің Рухы арам ғибадатханаларда мекендемейді.

25 Сондықтан Жаратқан Ие өзінің ғажайып және теңдесі жоқ құдіретімен оларды қорғауды тоқтатты, өйткені олар сенімсіздік пен қорқынышты зұлымдық жағдайына түсті; міне олар ламандықтардың өздерінен әлдеқайда көп екенін және олар өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге берік болмаса, олар міндетті түрде өлетініні көрді.

26 Өйткені, міне, олар ламандықтардың күші өздерінің күшісияқты зор екенін көрді, тіпті адам адамға қарсы. Міне осылайша олар үлкен күнәға батты; иә, олар өздерінің күнәлары үшін бар болғаны бірнеше жылдың ішінде қатты әлсіреп қалды.