6-шы тарау
Әділ ламандықтар зұлым нефиліктерге уағыздайды. Екі халық та бейбітшілік пен молшылық дәуірінде өркендеуде. Люцифер, күнәнің көзі, зұлым адамдар мен Гадиантон қарақшыларының жүректерін кісі өлтіру мен зұлымдыққа итермелейді. Қарақшылар Нефи үкіметін басып алады. Шамамен 29–23 ж. Иса Мәс. дейін.
1 Міне дәл солай болды, төрешілер билігінің алпыс екінші жылы аяқталған кезде, осының бәрі орын алды және ламандықтардың басым бөлігі неғұрлым көп болса, әділ халыққа айналды, сондықтан олардың әділдігі нефиліктердікінен асып түсті, өйткені олардың беріктігі мен олардың сенімі берік болды.
2 Міне енді, нефиліктердің көпшілігі қасарысқан және тәубесіне келмейтін сондай зұлым болып кеткен, сондықтан олар Құдайдың сөзінен және олардың арасына келген барлық уағыздау мен пайғамбарлықтарды жоққа шығарды.
3 Соған қарамастан, шіркеу халқы ламандықтардың дінге келуіне байланысты, иә, олардың арасында негізі қаланған Құдай шіркеуінің арқасында үлкен қуанышқа кенелді. Міне олар бір-бірімен достық қарым-қатынаста араласып және өзара қуанып әрі үлкен қуанышқа кенелді.
4 Міне дәл солай болды, Ламандықтардың көпшілігі Зараһемла жеріне келіп түсті, сондай‑ақ нефи халқына өздерінің дінге келу жолын жария етті және оларды сенімге және тәубеге келуге шақырды.
5 Иә, міне көбі Құдайдың және Тоқтының кішіпейіл ізбасары болып, олардың көпшілігін кішіпейілділіктің тереңдігіне жетелеу үшінаса зор күш пен билікке ие болып уағыздады.
6 Міне дәл солай болды, ламандықтардың көбі солтүстікке қарай кетті; сондай-ақ Нефи мен Лехи де халыққа уағыздау үшін солтүстіктегі жерге аттанды. Міне осылайша алпыс үшінші жыл аяқталды.
7 Міне, бүкіл жерде тыныштық орнады, сондықтан нефиліктер, бұл нефиліктердің немесе ламандықтардың арасында болсын, өздері қалаған жердің кез келген бөлігінде еркін жүрді.
8 Міне дәл солай болды, ламандықтар да ламандықтардың арасында немесе нефиліктердің арасында болсын, сол өздері қалаған жағына еркін жүріп отырды; міне осылайша олар бір-бірімен еркін қарым-қатынаста болды, сатып алу-сату және өз қалаулары бойынша пайда табу үшін.
9 Міне дәл солай болды, ламандықтар да, нефиліктер де, олар қатты байып кетті; міне оңтүстікт пен солтүстіктің екеуінде де олардың алтыны да күмісі де асыл металдардың барлық түрі де өте көп болды.
10 Енді оңтүстік жері Лехи деп аталды, ал солтүстіктегі жер Седекияхтың ұлынан кейін Мулек деп аталды; өйткені Жаратқан Ие Мүлекті солтүстік жеріне, ал Лехиді оңтүстік жеріне әкелген болатын.
11 Міне, осы екі елде де көп алтын, күміс және әр түрлі асыл кендер бар еді; сондай-ақ онда кез келген түрін өңдеп, оны тазартатын шебер жұмысшылар да болды; міне осылайша олар байыды.
12 Олар солтүстікте де, оңтүстікте де астықты молынан өсірді; міне олар солтүстікте де, оңтүстікте де өсіп–өніп өркендеді. Міне олар сол елде көбейді және күшейді. Міне олар көптеген отарлар мен табындарды, иә, көптеген бордақыларды өсірді.
13 Міне, олардың әйелдері өздерінің жалаңаштығын жабу үшін еңбек етіп, иірді және әр түрлі маталарды, жұқа тоқылған зығыр маталар мен әр түрлі маталарды жасап шығарды. Міне осылайша алпыс төртінші жыл тыныштықта өтті.
14 Алпыс бесінші жылы олар да зор қуаныш пен тыныштыққа кенелді, иә, болашаққа қатысты көптеген уағыздар мен көптеген пайғамбарлықтар болды. Міне, осылайша алпыс бесінші жыл да өтті.
15 Міне дәл солай болды, төрешілер билігінің алпыс алтыншы жылында, міне, Сезорам сот төрінде отырған кезде, белгісіз біреудің қолынан өлді. Міне дәл солай болды, сол жылы оның орнына халық тағайындаған оның ұлы да өлтірілді. Міне осылайша төрешілер билігінің алпыс бірінші жылы аяқталды.
16 Міне алпыс жетінші жылдың басында халық қайтадан шектен тыс зұлымдық таныта бастады.
17 Міне, Жаратқан Ие оларға дүниенің байлығын ұзақ уақыт бойы жарылқағаны сонша, олар қаһарға да, соғысқа да, қантөгіске де ұшыраған жоқ болатын; сондықтан олар өздерінің жүректерін байлыққа бұра бастады; иә, олар өздерін бірінен бірі жоғарылату үшін пайда табуға ұмтыла бастады; сондықтан олар пайда табу мақсатында жасырын кісі өлтіру мен талан-таражға салуды және тонауды бастады.
18 Ал енді міне, бұл кісі өлтірушілер мен тонаушылар Кишкүмен мен Гадиантон құрған топ болатын. Міне енді тіпті нефиліктердің арасында да Гадиантон тобына жататын көптеген мүшелері болды. Бірақ міне, олардың саны ламандықтардың ең зұлым бөлігінің арасында көбірек болды. Міне олар Гадиантонның қарақшылары мен қанішерлері деп аталды.
19 Міне олар бас төреші Сезорам мен оның ұлын сот төрінің орындығында өлтірді; міне, олар табылмады.
20 Міне дәл солай болды, ламандықтар олардың арасында қарақшылар бар екенін білген кезде, қатты қайғырды; міне оларды жер бетінен жою үшін олар қолдарынан келгеннің бәрін қолданды.
21 Бірақ, міне, шайтан нефиліктердің көп бөлігінің жүректерін қоздырды, сондықтан олар сол қарақшылар тобына қосылды және кез келген қиын жағдайда бір-бірін қорғап, сақтайтыны туралы келісімдер мен анттарын жасады, осылайша олар өлтіріп және тонап және ұрлағаны үшін жапа шекпеуі үшін.
22 Міне дәл солай болды, олардың белгілері, иә, олардың құпия белгілері және жасырын сөздері болды; міне бұл олар келісімге келген бауырласты ажырата білу үшін, сонда бауырласы қандай да бір зұлымдық істесе де, ол бауырласынан, сондай-ақ осы келісімді қабылдаған оның тобына жататындардан да зардап шекпеуі үшін.
23 Міне осылайша олар өз елінің заңдарына және өз Құдайының заңдарына қайшы келіп, кісі өлтіріп және тонап және ұрлап әрі азғындық пен түрлі зұлымдықтар жасай алды.
24 Ал олардың тобынан кім болса да, олардың зұлымдықтары мен жиіркенішті істерін әлемге ашатын болса, ол сотқа тартылды, өз елінің заңдары бойынша емес, бірақ олардың Гадиантон мен Кишкумен берген зұлымдықтың заңдары бойынша.
25 Енді міне, дәл осы құпия анттар мен келісімдерге қатысты Алма ұлына тапсырған болатын, олар осы әлемге жетіп, халықты құрдымға апаратын себепке айналмауы үшін.
26 Енді міне, Еламанға берілген жазбалардан бұл құпия анттар мен келісімдер Гадиантонға белгісіз еді; бірақ міне, оларды Гадиантонның жүрегіне біздің алғашқы ата-анамызды тыйым салынған жемістен дәм татуға азғырған сол бір жаратылыс орнатқан болатын.
27 Иә, інісі Әбілді өлтірсе, әлемге танылмай қалады деп Қабылмен сөз байласып жүрген сол бір жаратылыс. Міне сол кезден бастап ол Қабылмен және оның ізбасарларымен сөз байласты.
28 Сондай-ақ, аспанға жететіндей биік мұнара тұрғызуды халықтың жүрегіне орнатқан да дәл осы жаратылыстың өзі. Міне сол мұнарадан осы жерге келген адамдарды айдап әкелген де сол бір жаратылыс еді; ол халықты толығымен жойылып, мәңгілік тозаққа сүйреп апарғанға дейін бүкіл жер бетіне түнек пен жиіркенішті істерді таратқан.
29 Иә, Гадиантонның жүрегіне түнек пен жасырын түрде өлтіру ісін әлі де жалғастыруға тырысқан да дәл сол жаратылыс; міне бұл сол адам бас болмысынан бастап қазіргі уақытқа дейін тудырып келеді.
30 Ал міне, ол барлық күнәнің көзі болып табылады. Міне, ол түнек пен жасырын кісі өлтіру істерін жалғастыруда және өздерінің қастандықтары мен өздерінің анттарын және өздерінің келісімдері мен өздерінің жан түршігерлік зұлым жоспарларын, адам балаларының жүректерін қаншалықты игере алатынына байланысты, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.
31 Ал енді міне, ол нефиліктердің жүрегін мықтап басып алды; иә, соншалықты олар шектен тыс зұлымға айналды; иә, олардың көпшілігі әділдік жолынан тайды және Құдайдың өсиеттерін аяққа таптады және өз жолдарына бұрылды, әрі өздерінің алтын-күмістерінен өздеріне пұттарды тұрғызды.
32 Міне дәл солай болды, осы заңсыздықтардың барлығы оларға бірнеше жылдың ішінде келді, сондықтан олардың көп бөлігі Нефи халқына төрешілер билігінің алпыс жетінші жылында келді.
33 Міне олар алпыс сегізінші жылы да әділдердің зор қайғысы мен зарына, өздерінің заңсыздықтарын арттырды.
34 Міне осылайша біз нефиліктердің сенімсіздікте азғындап, зұлымдық пен жиіркенішті істерде өсе бастағанын көреміз, ал ламандықтар өз Құдайын танып-білуде соншалықты өсе бастады; иә, олар оның жарлықтары мен өсиеттерін орындай бастады және оның алдында адал және әділдікте жүрді.
35 Міне осылайша біз Жаратқан Иенің Рухы олардың зұлымдығы мен жүректерінің қаталдығынан нефиліктерден алыстай бастағанын көреміз.
36 Міне осылайша біз Жаратқан Иенің ламандықтарға өзінің Рухын төге бастағанын көреміз, өйткені олар оның сөздеріне оңай сенуге бейім және дайын болғандықтан.
37 Міне дәл солай болды, Ламандықтар Гадиантонның қарақшылар тобын қудалады; міне олар өздерінің ең зұлым бөлігінің арасында Құдай сөзін уағыздады, сондықтан бұл қарақшылар тобы ламандықтардың арасынан толығымен жойылды.
38 Міне дәл солай болды, екінші жағынан, олар нефиліктердің бүкіл жерін басып алғанша және олардың істеріне сеніп және олардың олжаларына қатысып және олармен жасырын өлтірулер мен одақтарда бірігуге бейім болғанша, әрі нефиттердің бүкіл жерін жаулап алғанша, нефиліктер олардың ең зұлым бөлігінен, бастап оларды нығайтып, қолдап отырды.
39 Міне осылайша олар үкіметтің барлық билігіне ие болды, осылайша олар Құдайдың кедей, момын және кішіпейіл ізбасарларын аяққа таптап, ұрып-соғып, азаптап, олардан бас тартты.
40 Міне осылайша біз олардың қорқынышты күйде болғанын және мәңгі жойылып кетуге пісіп-жетілгенін көреміз.
41 Міне осылайша Нефи халқына төрешілердің билігінің алпыс сегізінші жылы аяқталды.