Ламандық Самуилдің нефиліктерге айтқан пайғамбарлығы.
13‑тен 15‑ге дейінгі тараулардан тұрады.
13‑ші тарау
Ламандық Самуил Нефиліктер тәубеге келмесе, олардың жойылатыны туралы пайғамбарлық етеді. Олар да, олардың байлықтары қарғысқа ұшырайды. Олар пайғамбарларды жоққа шығарып, таспен атқылайды, олар жын-перілердің қоршауында және күнә жасаудан бақыт іздейді. Шамамен 6 ж. Иса Мәс. дейін.
1 Міне дәл солай болды, сексен алтыншы жылы, Нефилктер әлі де зұлымдықта қала береді, иә, зор зұлымдықта, сол уақытта Ламандықтар Мұсаның заңы бойынша Құдайдың өсиеттерін бұлжытпай орындады.
2 Міне дәл солай болды, сол жылы Ламандық Самуил Зараһемла жеріне келді және халыққа уағыздай бастады. Міне дәл солай болды, ол көптеген күндер халыққа тәубеге келуді уағыздады, олар оны қуып шықты, ал ол өз жеріне қайтып оралмақ болды.
3 Бірақ міне, оған Жаратқан Иенің даусы естілді, ол қайта оралып, әрі жүрегіне не келетінін халыққа пайғамбарлық етуі керек болды.
4 Міне дәл солай болды, олар оның қалаға кіруіне рұқсат бермеді; Сондықтан ол барып, оның қабырғасына көтерілді де, қолын созып, әрі қатты дауыстап айқайлады да, Жаратқан Ие оның жүрегіне салған барлық нәрселерді халыққа пайғамбарлық етті.
5 Міне ол оларға былай деді: біліп қойыңдар, мен, Самуил, Ламандықпын, Жаратқан Иенің жүрегіме салған сөздерін айтамын; міне, ол менің жүрегіме осы халықтың үстінен әділдіктің қылышы ілініп тұрғанын айтуды салды; міне төрт жүз жыл да өтпей, әділдіктің қылышы осы халықтың үстіне түседі.
6 Иә, бұл халықты ауыр күйреу күтіп тұр және бұл міндетті түрде осы халыққа келеді, міне бұл халықты тәубе ету мен Жаратқан Ие Иса Мәсіхке деген сенімнен басқа ештеңе құтқара алмайды, ол міндетті түрде осы дүниеге келеді және көп азап шегеді және өз халқы үшін өлтіріледі.
7 Ал міне, Жаратқан Иенің періштесі мұны маған айтты және ол менің жаныма қуанышты хабар әкелді. Ал міне, сендер қуанышты хабар алу үшін, мен осыны сендерге де хабарлау үшін жіберілдім; бірақ міне сендер мені қабылдағыларың келмейді.
8 Сондықтан Жаратқан Ие былай дейді: Нефи халқының жүректерінің қаталдығына байланысты, егер олар тәубеге келмесе, мен олардан сөзімді тартып аламын және мен олардан Рухымды алып тастаймын, әрі оларға бұдан былай төзбеймін, ал олардың бауырларының жүректерін оларға қарсы бұрамын.
9 Міне мен оларды ұрып-соғуға себепкер болмас бұрын төрт жүз жыл да өтпейді; иә, мен оларға семсермен және ашаршылықпен әрі індетпен барамын.
10 Иә, мен оларға қаһарлы қаһарыммен барамын, ал жауларыңның төртінші ұрпақтары сендердің түбегейлі құрып кеткендеріңді көру үшін өмір сүретін болады; ал егер тәубе етпесеңдер, бұл міндетті түрде орындалады, — дейді Жаратқан Ие. Ал сол төртінші ұрпақ сендерді құртатын болады.
11 Ал егер сендер тәубеге келіп, Құдайларың Жаратқан Иеге қайтатын болсаңдар, мен ашуымды қайтарамын, — дейді Жаратқан Ие; иә, — дейді Жаратқан Ие, — сол тәубеге келген және маған бет бұрған бақытты, бірақ сол тәубе етпегенге қасірет.
12 Иә, осы ұлы қала Зараһемлаға қасірет; міне енді, бұл дәл сол әділдердің арқасында құтқарылады; иә, сол ұлы қала қасіретке қалды, өйткені мен олардың көп екенін көріп тұрмын, — дейді Жаратқан Ие, иә, тіпті осы ұлы қаланың басым бөлігі де маған қарсы өз жүректерін қасарыстырады, — дейді Жаратқан Ие.
13 Бірақ тәубеге келгендер бақытты, өйткені мен оларды аяймын. Біліп қойыңдар, егер осы ұлы қаладағы әділдер болмаса, мен көктен от түсіріп, оны жоюды бұйырар едім.
14 Бірақ міне, бұл әділдердің игілігі үшін аман қалды. Бірақ міне, уақыт келе жатыр, — дейді Жаратқан Ие, — сендер араларыңнан әділдерді қуып шыққан кезде, жойылуға пісіп жетілесіңдер; иә, осы ұлы қала ондағы зұлымдық пен жиіркенішті істері үшін қасіретке айналды.
15 Иә, Гедеон қаласы қасіретке қаласың, оның бойындағы зұлымдықтар мен жиіркенішті істерден.
16 Иә, Нефиліктердің иелігіндегі жер бетіндегі барлық қалаларға қасірет, олардың бойындағы зұлымдықтары мен жиіркенішті істерінен.
17 Міне, жер бетіне қарғыс келеді, — дейді Әскербасы Иесі, — осы жер бетіндегі адамдардың кесірінен, иә, олардың зұлымдықтары мен олардың жиіркенішті істерінен.
18 Міне дәл солай болды, дейді Әскербасы Иесі, иә, біздің ұлы және шынайы Құдайымыз, кімде-кім жер бетінде қазынаны жасырса, осы жердің үлкен қарғысы салдарынан оларды енді таба алмайды, егер ол әділ адам болып, оны Жаратқан Иенің алдында жасырмаса.
19 Өйткені мен, — дейді Жаратқан Ие, — олардың қазыналарын маған жасырғанын қалаймын; міне мен үшін қазынасын жасырмағандарға лағынет; өйткені әділдерден басқа ешкім өз қазынасын маған жасырмайды; ал сол өзінің қазынасын маған жасырмаған болса, ол да, қазына да қарғысқа ұшырайды және ешкім оны жердің қарғысына байланысты өтей алмайды.
20 Міне олар қазыналарын жасыратын күн келеді, өйткені олар өз жүректерін байлыққа арнайды; ал олар өздерінің байлығына жүректерін арнағандықтан, міне олар жауларының алдынан қашқанда, қазыналарын жасыратын болады; өйткені олар оларды маған жасырмағандықтан, олар да, қазыналары да қарғысқа ұшырайды; әрі сол күні олар соққыға жығылатын болады, — дейді Жаратқан Ие.
21 Міне, осы ұлы қаланың халқы, менің сөздеріме құлақ асыңдар; иә, Жаратқан Иенің айтқан сөздеріне құлақ салыңдар; өйткені сол байлықтарың үшін қарғысқа ұшырайсыңдар, сондай-ақ байлықтарың да қарғысқа ұшырайды, өйткені сендер соған жүректеріңді арнадыңдар және сендерге оларды берген соның сөздеріне құлақ аспадыңдар.
22 Сендер Құдайларың Жаратқан Иенің сендерге берген батасын еске алмайсыңдар, бірақ Құдайларың Жаратқан Иеге олар үшін шүкіршілік етпей, байлықтарыңды үнемі есте сақтайсыңдар; иә, жүректерің Жаратқан Иеге ынталы емес, бірақ олар үлкен тәкаппарлыққа, мақтаншақтыққа, зор құмарлыққа, ашу-ызаға, көреалмаушылыққа, дау-дамайға, зұлымдыққа, қуғын-сүргін мен кісі өлтіруге және әртүрлі заңсыздықтарға толы.
23 Осы себепті Құдай Жаратқан Ие осы жерді, сондай-ақ сендердің байлықтарыңды қарғысқа ұшыратуды бұйырды, міне бұл сендердің зұлымдықтарыңның кесірінен.
24 Иә, бұл халық қасіретке ұшырайды, осы уақыт келгендіктен, сендердің пайғамбарларды қуып және оларды келекет етіп және тас лақтырып, әрі оларды өлтіріп, тіпті ежелгі замандағыдай, оларға әр түрлі зұлымдық жасайтын кезде.
25 Ал енді сендер сөйлеген кезде, сендер: Егер біздің күндеріміз бұрынғы ата-бабаларымыздың заманында өмір сүрген болсақ, біз пайғамбарларды өлтірмес едік; біз оларды таспен ұрмас едік және қуып жібермейтін едік, деп айтасыңдар.
26 Міне, сендер олардан да жамансыңдар; өйткені Жаратқан Ие қалай тірі болса, егер араларыңа пайғамбар келіп, күнәларың мен зұлымдықтарың туралы куәлік етіп, Жаратқан Иенің сөзін уағыздаса, оған ашуланып, қуып шығасыңдар және оны жоюдың түрлі жолдарын іздейсіңдер; иә, сен оны жалған пайғамбар, ол күнәһар және шайтаннан деп айтасыңдар, өйткені ол сендердің істеріңнің зұлымдығына куәлік етті.
27 Бірақ міне, егер араларыңа бір адам келіп және былай деп айтса: Осылай істе, міне мұнда заңсыздық жоқ; солай істе, сонда сендер зардап шекпейсіңдер; иә, ол былай дейді: Өз жүректеріңнің мақтанышында еріп жүріңдер; иә, өз көздеріңнің мақтанышында еріп жүріңдер, әрі жүректерің не қаласа соны істеңдер — ал егер араларыңа бір адам келіп, әрі осыны айтса, сендер оны қабылдайсыңдар және оны пайғамбар деп айтасыңдар.
28 Иә, сендер оны көтересіңдер де, оған өз мал-мүліктеріңнің бір бөлігін бересіңдер; сендер оған өз алтындарың мен өз күмістеріңнің бір бөлігін бересіңдер және сендер оған қымбат киім кигізесіңдер; міне өйткені ол сендерге ұнамды сөздер айтып, әрі ол бәрі жақсы деп айтады, сонда сендер одан кінә таппайсыңдар.
29 Уа, сендер зұлым және азғын ұрпақ; сендер қасарысқан және сендер, тоң мойынды қыңыр адамдар, Жаратқан Ие сендерге қашанға дейін шыдайды деп ойлайсыңдар? Иә, қашанға дейін ақымақ әрі соқыр жетекшілердің жетегінде жүре бересіңдер? Иә, қашанға дейін жарықтан гөрі түнекті таңдайсыңдар?
30 Иә, міне, сендерге Жаратқан Иенің қаһары әлдеқашан лаулап тұр; міне, ол сендердің зұлымдықтарың үшін осы жерді қарғысқа ұшыратты.
31 Ал енді, ол сендердің байлықтарыңды қарғайтын уақыт келеді, сонда олар қол жетпестей болады, міне сендер оларды сақтай алмайсыңдар; ал кедейлік күндеріңде оларға иелік ете алмайсыңдар.
32 Міне кедейлік күндеріңде Жаратқан Иеге жалбарынатын боласыңдар; сендер бекер жылайсыңдар, өйткені қасірет қазірдің өзінде сендерді басып алды, міне сендердің өлімдерің сөзсіз; ал сонда сендер сол күні жылайсыңдар және еңірейсіңдер, — дейді Әлемнің Иесі Жаратқан Ие. Міне сонда сендер жоқтап, былай дейтін боласыңдар:
33 Уа, мен тәубеге келіп және пайғамбарларды өлтірмей, міне оларды таспен ұрып және қуып жібермесем ғой! Иә, сол күні мынаны айтасыңдар: Уа сонда біздің бізге байлығымызды берген күн есімізде болса ғой, міне сонда олар қол жетпестей болмас еді, ал біз олардан айырылып қалмас едік; өйткені біздің байлығымыз бізден ғайып болды.
34 Ал енді, біз мұнда құрал қойсақ, міне ол ертеңгі күні онда жоқ; міне, біз шайқасқа іздеген сол күні семсеріміз бізден тартып алынды.
35 Иә, біз қазыналарымызды жасырдық, ал осы жер қарғысқа ұшырағандықтан, олар бізге қолжетімді емес.
36 Уа Жаратқан Иенің сөзі бізге жеткен күні тәубе етсек шіркін; міне, мына жер қарғысқа ұшырап, нәрсенің барлығы қол жетпес болып қалады, біз оларды ұстай алмаймыз.
37 Міне, бізді жын-перілер қоршап алған, иә, біздің жанымызды құртуға ұмтылған оның періштелері бізді қоршап алды. Міне, біздің күнәларымыз тым үлкен. Уа Жаратқан Ие, бізден өз қаһарыңды қайтара аласың ба? Міне сол күндердегі сендердің айтар сөздерің осындай болады.
38 Бірақ міне, сендердің сынақ күндерің өтті кетті; сендер құтқарылатын күніңді ақыры тым кеш болғанға дейін кешіктірдіңдер, міне сендердің өлімің сөзсіз; иә, өмірлеріңнің барлық күндерінде қол жеткізе алмаған нәрселерге ұмтылдыңдар; міне сендер бақытты зұлымдық жасау арқылы ұмтылдыңдар, бұл біздің ұлы және Мәңгілік басымызда бар әділдіктің табиғатына қайшы келеді.
39 Уа, сендер, жер бетіндегі адамдар, егер сендер менің сөздеріме құлақ түрсеңдер ғой! Міне сендер тәубеге келіп және құтқарылу үшін, мен Жаратқан Иенің қаһары сендерден қайтсын деп мінажат етемін.