Киелі жазбалар
Хеламан 7


Хеламан ұлы Нефидің пайғамбарлығы. —Құдай Нефи халқына зұлымдықтары үшін өкінбесе, оларға қаһарын төгіп баратынын және оларды толығымен жойып жіберетінін айтып қорқытады. Құдай Нефи халқын індетпен жазалайды; олар тәубеге келіп, оған бет бұрады. Ламандық Самуил нефиліктерге пайғамбарлық етеді.

7‑ден16‑ге дейінгі тараулардан тұрады.

7‑ші тарау

Солтүстікте қабылданбаған Нефи Зараһемлаға қайтып оралады. Ол өзінің бақша мұнарасында дұға етеді, содан кейін халықты тәубеге келуді шақырады немесе олар қаза табады. Шамамен 23–21ж. Иса Мәс. дейін.

Міне енді дәл солай болды, Нефиліктердің халқына төрешілер билігінің алпыс тоғызыншы жылында, Хеламан ұлы Нефи солтүстіктен Зараһемла жеріне қайтып оралды.

Өйткені ол солтүстік жерінде болған адамдардың арасында болды, әрі оларға Құдай сөзін уағыздады және оларға көп нәрсені пайғамбарлық етті.

Міне олар оның барлық сөздерінен бас тартты, сондықтан ол олардың арасында қала алмады, бірақ өзінің туған жеріне қайтып оралды.

Міне адамдардың осындай қорқынышты зұлымдық жағдайында және Гадиантон қарақшылары жердің күші мен билігін тартып алып, сот орындарын толтырып жатқанын, Құдайдың өсиеттерін теріске шығарғанын және оның алдында сәл болса да адалдық танытпағанын, адам баласына әділеттілік көрсетпегенін көрді;

Әділдердің олардың әділдігі үшін айыптады; кінәлілер мен зұлымдардың олардың ақшалары үшін жазасыз қалуына жол берді; міне оның үстіне олар дүниенің пайдасы мен атақ-даңқын алуы үшін үкімет басында лауазымдарды атқарды, міне, оның үстіне неке адалдығын бұзуға, ұрлық жасауға, өлтіруге және өз қалаулары бойынша әрекет етуді жеңілдету үшін олар өз еріктеріне сай билік етті және іске асырды.

Енді бұл үлкен зұлымдық нефиліктерге бірнеше жылдың ішінде келді; міне мұның бәрін көргенде, оның кеудесіндегі жүрегі қайғыға толды және ол жанының шыдамас азабында айқай салды:

Уа, егер мен менің әкем Нефи Иерусалим жерінен алғаш шыққан күндерінде өмір сүреген болсам, онда уәде етілген жерде онымен бірге қуанатын едім; ол кезде оның халқы тәлім алуда жеңіл болды, Құдайдың өсиеттерін ұстануға берік және зұлымдыққа бейім болудан баяу болды; әрі олар Жаратқан Иенің сөздеріне құлақ асуға асық болды.

Иә, егер менің күндерім сол күндерде болған болса, онда менің жаным бауырларымның әділдігіне қуанған болар еді.

Бірақ, міне, осы күндері менің күндерім екенін және бауырларымның зұлымдығы үшін жаным қайғыға толы болатыны маған жүктелді.

10 Ал міне, енді дәл солай болды, ол Нефи бағында орналасқан мұнарада болды, ол Зараһемла қаласындағы басты базарға апаратын жолдың бойында орналасқан болатын; сондықтан Нефи өз бағында орналасқан мұнарада тағзым етті, бұл мұнара да негізгі жол өтетін бақ қақпасына жақын орналасқан болатын.

11 Міне дәл солай болды, кейбір адамдар өтіп бара жатып, мұнараның үстінде Құдайға жанын төгіп жатқан Нефиді көрді; міне олар жүгіріп барды да өздері көргендерін халыққа айтып берді, ал халықтың зұлымдығынан осындай аза тұтудың себебін білу үшін ағылып қалың жұрт жиналды.

12 Міне енді, Нефи орнынан тұрған кезде жиналып қалған қалың жұртты көрді.

13 Міне дәл солай болды, ол аузын ашып, оларға былай деді: Міне, сендер неге жиналдыңдар? Сендердің заңсыздықтарыңды айтуым үшін ба?

14 Иә, өйткені мен жанымды Құдайыма төгу үшін мұнарама көтерілдім, сендердің зұлымдықтарың үшін жүрегімнің ауыр қайғысынан!

15 Менің қайғы-қасіретім мен жоқтауыма байланысты сендер жиналып және таңданасыңдар; иә, және сендердің таңдануларыңа үлкен қажеттілік бар; иә, таңдануларың керек, өйткені сендердің жүректеріңді шайтан мықтап иемденіп алған, сендер соған берілгенсіңдер.

16 Иә, жаныңды мәңгілік қасірет пен шексіз қайғы-қасіретке тастағысы келетін біреудің арбауына қалай көндіңдер?

17 Уа, тәубе етіп, тәубеге келіңдер! Неліктен өлулерің керек? Бет бұрыңдар, өз Құдайларың Жаратқан Иеге бет бұрыңдар! Неліктен ол сендерді тастап кетті?

18 Бұл жүректеріңнің қаталдығынан; иә, сендер ізгі бағушының даусына құлақ аспайсыңдар; иә, сендер оны өздеріңе қарсы қаһарына итермеледіңдер.

19 Ал міне, тәубеге келмесеңдер, сендерді жинаудың орнына, міне, ол сендерді бытыратып жібереді, сендер ит пен жабайы аңдарға жем боласыңдар.

20 Уа, сендер Құдайыңды қалай ұмыттыңдар, ол сендерді жеткізген сол күнді?

21 Бірақ, міне, бұл пайда табу, адамдардың мақтауына ие болу үшін, иә, әрі сендер алтын мен күміске ие болуларың үшін. Міне жүректеріңді байлық пен мына бос дүниеге бұрдыңдар, сол үшін өлтіріп және тонап және ұрлап әрі көршіңе қарсы жалған куәлік етесіңдер, сондай‑ақ әр түрлі заңсыздықтар жасайсыңдар.

22 Міне, осы себепті тәубеге келмейтін болсаңдар қайғы бастарыңа түседі. Егер тәубеге келмесеңдер, мына ұлы қала және біздің иеліктегі жердің төңірегіндегі үлкен қалалардың барлығы басып алынып, оларда сендерге орын болмайды; өйткені Жаратқан Ие сендерге жауларыңа қарсы тұру үшін бұрынғыдай күш-қуат бермейді.

23 Өйткені міне, Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен күнәларына өкініп, сөздеріме құлақ асатындардан басқа, бірі екіншісінен артық зұлымдарға өз күшімді көрсетпеймін. Енді біліп қойыңдар, бауырларым, тәубеге келмесеңдер, Ламандықтардың өздеріңнен гөрі жақсырақ болатынын түсінгендеріңді қалаймын.

24 Міне, олар сендерден әлдеқайда әділ, өйткені олар сендер алған зор білімге қарсы күнә жасаған емес; сондықтан Жаратқан Ие оларға мейірімділік танытады; иә, егер сендер тәубеге келмей мүлде жойылатын кездеріңде, ол олардың күндерін ұзартады және олардың тұқымын көбейтетін болады.

25 Иә, араларыңда орын алған сол үлкен жиіркенішті істерің үшін сендерге қасірет; ал сендер соған қосылдыңдар, иә, сол Гадиантон құрған құпия топқа!

26 Иә, сендердің жүректеріңе еніп кеткен менмендіктеріңнің кесірінен сендер қасірет келеді, ол сендерді асқан байлықтарыңның арқасында жақсылықтан да жоғары көтерді!

27 Иә, зұлымдықтарың мен жиіркенішті істерің үшін сендерге қасірет!

28 Міне егер тәубеге келмесеңдер, құритын боласыңдар; иә, тіпті жерлерің де сендерден тартып алынатын болады, ал сендер жер бетінен құрдымға кетесіңдер.

29 Міне, мен мұның бәрі болады деп өзімнен айтпаймын, өйткені мен бұл нәрселерді өзімнен білмеймін; бірақ міне, мен бұл нәрселердің шындық екенін білемін, өйткені Жаратқан Ие оларды маған мәлім етті, сондықтан мен олардың болатынына куәлік етемін.