2-ші тарау
Хеламанның ұлы Хеламан бас сот төрешісі болып тағайындалады. Гадиантон Кишкүмен тобына жетекшілік етеді. Хеламанның қызметшісі Кишкүменді өлтіреді, ал Гадиантон тобы шөл далаға қашады. Шамамен 50–49 ж. Иса Мәс. дейін.
1 Міне дәл солай болды, төрешілер билігінің қырық екінші жылында, Морониһах нефиліктер мен ламандықтар арасында қайтадан бейбітшілік орнатқаннан кейін, міне, сот төрін толтыратын ешкім болмады; сондықтан халық арасында сот төрін кім толтыру керектігі жөнінде қайтадан дау басталды.
2 Міне дәл солай болды, Хеламанның ұлы Хеламан халықтың дауысы бойынша сот төрін толтыруға тағайындалды.
3 Бірақ міне, Пахоранды өлтірген Кишкумен Хеламанды да құртуды күткен еді; міне оның зұлымдығын ешкім білмесін деп онымен келісімге келген тобы оны қолдады.
4 Өйткені талай сөздің шебері Гедиантон деген бар еді, сондай-ақ өз кәсібі бойынша кісі өлтіру мен тонаудың жасырын жұмысын жүргізуген болатын; сондықтан ол Кишкүмен тобына жетекші болды.
5 Сондықтан ол оларға, сондай-ақ Кишкүменге жағымпазданып, егер олар оны сот төріне тағайындайтын болса, ол өз тобындағы адамдарға халық арасында билік пен беделге ие болуды қамтамасыз етемін деді; сондықтан Кишкүмен Хеламанды жоймақ болды.
6 Міне дәл солай болды, ол Хеламанды өлтіру үшін сот төріне қарай беттеген кезде, міне, Хеламанның қызметшілерінің бірі түнде сыртқа шығып, киімін ауыстырып, бұл топтың Хеламанды жою үшін жасаған жоспарларын білген болатын,
7 Міне дәл солай болды, ол Кишкүменге жолықты және ол оған белгі берді; сондықтан Кишкумен оған өзі қалауын білдірді, Хеламанды өлтіру үшін оны сот төріне апаруын қалады.
8 Міне Хеламанның қызметшісі Кишкүменнің бүкіл жан-дүниесін және оның мақсаты кісі өлтіру болғанын, сондай-ақ барлық оның тобына жататындардың мақсаты өлтіру, тонау және билікке ие болу болғанын білген кезде, (міне бұл олардың жасырын жоспары және олардың одақтығы еді) Хеламанның қызметшісі Кишкүменге: «Жүріңдер, сот төріне барайық», – деді.
9 Енді бұл Кишкүменге қатты ұнады, өйткені ол өз жобасын жүзеге асыра аламын деп ойлады; бірақ Хеламанның қызметшісі, олар сот төріне қарай бара жатқанда, Кишкүменнің жүрегіне пышақ сұғып алды, солай оның үні шықпай өліп қалды. Міне ол жүгіріп барып, Хеламанға көрген-білгенін, не істегенін айтты.
10 Міне дәл солай болды, Хеламан сол қарақшылар мен жасырын кісі өлтірушілер тобын заң бойынша өлім жазасына кесу үшін жіберді.
11 Бірақ енді Гадиантон Кишкүменнің қайтып келмегенін білген кезде, ол өзін өлтіріп кете ме деп қорықты; сондықтан ол өз тобына оның соңынан еруді бұйырды. Міне олар сол жерден шөл далаға қарай жасырын жолмен қашып кетті; ал Хеламан оларды ұстап алуға жібергенде, олар еш жерден табылмады.
12 Міне бұл Гадиантон туралы бұдан былай көбірек айтылатын болады. Міне осылайша Нефи халқына төрешілердің билік еткен қырық бірінші жылы аяқталды.
13 Ал міне, осы кітаптың соңында сендер сол Гадиантонның Нефи халқын құлатуға, иә, дерлік толығымен жоюға жақын қалғанын көресіңдер.
14 Енді мен Хеламан кітабының соңын емес, керісінше Нефи кітабының соңын айтып отырмын, мен жазған барлық баяндауды содан алдым.