Хеламан кітабы
Нефиліктер туралы баяндау. Олардың соғыстары мен даулары және олардың келіспеушіліктері. Міне сондай-ақ көптеген қасиетті пайғамбарлардың Мәсіхтің келуіне дейінгі пайғамбарлықтары, сол Хеламанның ұлы болған Хеламанның жазбалары бойынша және сонымен қатар оның ұлдарының жазбаларына сәйкес, яғни Мәсіхтің келуіне дейін. Міне сондай-ақ Ламандықтардың көпшілігі дінге көшті. Олардың дінге келуі туралы баяндау. Хеламан мен оның ұлдарының жазбаларына сәйкес, Хеламан кітабы деп аталатын, яғни Мәсіхтің келуіне дейінгі Ламандықтардың әділдігі мен Нефиліктердің зұлымдығы және жиіркенішті істері туралы баяндау мен тағы басқа.
1-ші тарау
Екінші Пахоран бас төреші болады және оны Кишкумен өлтіреді. Пакумени бас төреші лауазымын иеленеді. Кориантумур ламандықтардың әскерін басқарады және Зараһемланы басып алады, Пакумениді өлтіреді. Морониһах ламандықтарды талқандап, Зараһемланы қайтарып алады, ал Кориантумур өлтірілді. Шамамен 52–50 ж. Иса Мәс. дейін.
1 Ал енді міне, дәл солай болды, Нефи халқы үстінен төрешілердің билік жүргізген қырқыншы жылының басында Нефи халқының арасында үлкен қиындықтар туындай бастады.
2 Міне енді, Пахоран өлді және бүкіл жер бетіндегілердің жолымен аттанды; сондықтан Пахоранның ұлдары болған бауырлар арасында сот төрінің кімге тиесілі екендігі туралы үлкен дау-дамай басталды.
3 Енді сот төріне таласатын, халықтың дауына себеп болған олардың есімдері мыналар: Пахоран, Паанки, Пакумени.
4 Енді бұлар Пахоранның барлық ұлдары емес (өйткені оның көп болғаны), бірақ төрелік орынға таласқан осылар еді; сол себепті олар халықтың үш жікке бөлінуін туғызды.
5 Соған қарамастан, міне дәл солай болды, Пахоран халықтың дауысы бойынша Нефи халқына бас төреші және билеуші болып тағайындалды.
6 Міне дәл солай болды, Пакумени сот орнын ала алмайтынын көрген кезде, ол халықтың даусына қосылды.
7 Бірақ, міне, Паанки және оның билеуші болуын қалайтын халықтың бір бөлігі қатты ашуланды; сондықтан ол өзінің бауырларына қарсы бүлік шығару үшін сол адамдарға жағымпазданбақ болды.
8 Міне дәл солай болды, ол мұны істемек болған кезде, міне, ол тұтқынға алынды және халықтың дауысы бойынша сотталды және өлім жазасына кесілді; өйткені ол бүлік шығарып, халықтың бостандығын жоюды көздеді.
9 Ал енді оның оларға билеуші болғанын қалайтын сол адамдар оның өлім жазасына кесілгенін көрген кезде, олар ашуланды, міне олар Пахоранның төрелік еткен орнына бір Кишкуменді жіберді, ал ол Пахоранды төрелік төрінде отырған кезінде өлтірді.
10 Міне Пахоранның қызметшілері оның соңынан қуды; бірақ, міне, Кишкүменнің жүгіргені соншалықты жылдам болғандықтан, оны ешкім қуып жете алмады.
11 Міне ол өзін жібергендерге барды да олардың барлығы бір келісімге отырды, иә, олар Кишкуменнің Пахоранды өлтіргенін ешкімге айтпауға өздерінің мәңгілік Жаратушысының атымен ант етті.
12 Сондықтан Кишкумен Нефи халқының арасында танылмаған, өйткені ол Пахоранды өлтірген кезде бетперде киген болатын. Ал Кишкүмен және онымен келісім жасасқан оның жасақшылары халық арасында араласып кетті, олардың барлығын ттаба алмайтындай етіп; бірақ табылғандардың барлығы өлім жазасына кесілді.
13 Енді міне, Пакумени халықтың дауысы бойынша ағасы Пахоранның орнына патшалық ету үшін халықтың бас төрешісі және басшысы болып тағайындалды; міне бұл оның құқығына сәйкес орындады. Мұның бәрі қырқыншы жылы төрешілер билігінде жүзеге асты және бұл аяқталды.
14 Міне дәл солай болды, төрешілер билігінің қырық бірінші жылында ламандықтар үлкен халық әскерін жинады, міне оларды семсерлермен және қылыштармен, садақтармен және жебелермен, бас киімдермен және кеуде сауыттарымен, сондай-ақ әр түрлі қалқандармен де қаруландырылды.
15 Міне олар нефиліктерге қарсы соғысу үшін қайтадан төмен түсті. Міне оларды Кориантумур есімді адам басқарды және ол Зараһемла ұрпағынан шыққан болатын; әрі ол нефиліктердің арасынанкеткен болатын; сондай‑ақ ол ірі бойлы жәнемықты адам еді.
16 Сондықтан Амморонның ұлы Тубалот есімді ламандықтардың патшасы, Кориантумурдың мықты адам болғандықтан өзінің күшімен, сондай-ақ зор даналығымен нефиліктерге қарсы тұра алады, осылайша оны сонда жіберу арқылы ол нефиліктердің үстінен билікке ие боламын деп ойлады.
17 Сондықтан ол олардың ашуын тудырды және ол өзінің әскерлерін жинады да ол олардың басшысы етіп Кориантумурды тағайындады әрі нефиліктерге қарсы соғысу үшін оларды Зараһемла жеріне аттандырды.
18 Міне дәл солай болды, үкіметтегі көптеген дау-дамайлар мен қиыншылықтардың салдарынан олар Зараһемла жерінде сақшылардың саны жеткіліксіз еді; өйткені олар ламандықтардың сол ұлы Зараһемла қаласына шабуыл жасау үшін олардың жерлерінің жүрегінекелуге батылы жетпейді деп ойлады.
19 Бірақ міне дәл солай болды, Кориантумур өзінің көптеген әскерінің басын бастады да қала тұрғындарына шабуыл жасады, міне олардың жорықтары сондай керемет жылдам болғандықтан, нефиліктер өз әскерлерін жинап үлгермеді.
20 Сондықтан Кориантумур қалаға кіре берістегі күзетті өлтіріп тастады да бүкіл әскерімен қалаға қарай бет алды, міне олар өздеріне қарсы шыққандардың барлығын өлтіргені сонша, олар бүкіл қаланы басып алды.
21 Міне дәл солай болды, бас төреші болған Пакумени Кориантумурдан тіпті қала қабырғаларына дейін қашып келді. Міне дәл солай болды, Кориантумур оны қабырғаға соққаны сонша, ол өліп қалды. Міне осылайша Пакуменидің күндері аяқталды.
22 Ал енді Кориантумур өзінің Зараһемла қаласын басып алғанын және нефиліктер олардан қашып жөнелгенін және өлгенін, сондай‑ақ тұтқынға алынып және абақтыға жабылғанын, міне ол сол бүкіл жердің ең мықты бекіністі өз қолына алғанын көрген ол, жүрегінде жігерленіп, сол бүкіл жерге қарсы аттанбақ болды.
23 Енді міне ол Зараһемла жерінде қалмады, бірақ ол үлкен әскермен, тіпті Молшылық қаласына қарай аттанды; өйткені ол өз жолын семсермен кесуге бел байлап, жердің солтүстік бөліктерін басып алу үшін жолға шықты.
24 Міне олардың ең үлкен күші жердің ортасында деп ойлағандықтан, ол кішігірім адамдар тобын қоспағанда, жиналуға уақыт берместен алға шықты; осылайша олар соларға шабуыл жасады және оларды жермен жексен етті.
25 Бірақ міне, Кориантумурдың сол жердің ортасы арқылы жүріп өткен жорығы көптеген нефиліктердің қырылғанына қарамастан, Морониһах олардың алдында үлкен артықшылыққа ие болды.
26 Міне енді, Морониһах ламандықтар бұл елдің ортасына басып кіруге батылы бармайды, бірақ олар бұрынғыдай шекараның төңірегіндегі қалаларға шабуыл жасайды деп ойлады; сондықтан Морониһах олардың күшті әскерлері шекарадағы жердің сол бөліктерін қорғасын деп бұйрық берген болатын.
27 Бірақ міне, ламандықтар оның қалауы бойынша қорықпады, бірақ олар сол жердің ортасына келді де, ең маңызды қала — Зараһемла қаласын басып алды, міне олар сол жердің ең маңызды бөліктерін басып өтіп жатты, халықты да, ерлерді де, әйелдер мен балаларды да үлкен қырғында өлтіріп, көптеген қалалар мен көптеген бекіністерді басып алып жатты.
28 Бірақ Морониһах мұны білген кезде, олар Молшылық жеріне келмес бұрын, олардың ажолын бөгеу үшін, ол дереу Лехиді әскерімен аттандырды.
29 Міне ол солай істеді; міне олар Молшылық жеріне келмей тұрып, ол олардың алдынан шықты және оларға қатты шайқас берді, осылайша олар Зараһемла жеріне қарай кері шегіне бастады.
30 Міне дәл солай болды, Морониһах олардың кері шегініп жатқанда олардың басы болып, оларға шайқас берді, сондықтан бұл қатты қанды шайқасқа айналды; иә, көбі өлтірілді және өлтірілгендердің арасында Кориантумур да табылды.
31 Ал енді, міне, Ламандықтар не солтүстікке, не оңтүстікке, не шығысқа, не батысқа шегіне алмады, өйткені оларды Нефиліктер жан-жақтан қоршап алды.
32 Міне Кориантумур Ламандықтарды Нефилікердің ортасына әкеп түсірді, осылайша олар Нефиліктердің билігіне түсті, міне оның өзі де өлтірілді, ал Ламандықтар Нефиліктердің қолына берілді.
33 Міне дәл солай болды, Морониһах Зараһемла қаласын қайтадан басып алды, ал тұтқынға алынған Ламандықтарға сол жерден тыныштықпен кетуді бұйырды.
34 Міне осылайша төрешілер билігінің қырық бірінші жылы аяқталды.