5-ші тарау
Нефи мен Лехи өздерін уағыздауға арнайды. Олардың есімдері оларды ата-бабаларының үлгісімен өмір сүруге шақырады. Мәсіх тәубеге келгендерді өтейді. Нефи мен Лехи көптің бетін дінге бұрады және түрмеге түсіп қалады, ал олардың жан-жағын от қоршап алады. Үш жүз адамды қараңғы бұлт басып алады. Жер сілкінеді, ал дауыс адамдарға тәубеге келуді бұйырады. Нефи мен Лехи періштелермен сөйлеседі, ал қалың жұрт отпен қоршалған. Шамамен 30 ж. Иса Мәс. дейін.
1 Міне дәл солай болды, дәл осы жылы, міне, Нефи сот төрін Сезорам есімді адамға тапсырды.
2 Өйткені олардың заңдары мен үкіметтері халықтың дауысымен бекітілгендіктен және жамандықты таңдағандар жақсылықты таңдағандардан көп болғанды, сондықтан олар жойылу үшін пісіп-жетілді, өйткені заңдар бұрмаланған.
3 Иә, міне бұл бәрі емес еді; олар қатыгез халық болатын, оларды заңмен де, әділдікпен де басқару мүмкін емес еді, сондықтан оларды құртудан басқа амал қалмады.
4 Міне дәл солай болды, Нефи олардың заңсыздықтарынан шаршаған болатын; міне ол сот төрінен бас тартты да, өмірінің қалған күндерінде Құдай сөзін уағыздауды өзіне жүктеді, сондай-ақ оның ағасы Лехи де өмірінің қалған күндерінде;
5 Өйткені олар олардың әкесі Хеламанның айтқан сөздерін есте сақтады. Міне, оның айтқан сөздері мыналар:
6 Міне, менің ұлдарым, менің тілерім сендер Құдайдың өсиеттерін орындауды ұмытпағандарыңды қалаймын және мен сендерден осы сөздерді халыққа жария етулеріңді тілеймін. Міне, мен сендерге Иерусалим жерінен шыққан тұнғыш ата-бабаларымыздың есімдерін бердім; ал мен мұны сендер өз есімдеріңді еске алған кезде, оларды еске түсірулерің үшін істедім; сондай-ақ оларды еске алсаңдар, олардың істерін еске аласыңдар; әрі олардың істерін еске алып, оның қалай айтылғанын және жазылғанын, олардың жақсы болғанын білетін боласыңдар.
7 Сондықтан, менің ұлдарым, жақсылық істегендеріңді қалаймын, яғни олар туралы айтылып та, жазылғандай да, сендер туралы да солай айтылсын және жазылсын.
8 Міне енді менің ұлдарым, міне, менің сендерге деген тағы біраз тілегім бар, атап айтқанда, бұл істерді мақтану үшін емес, өздеріңе көкте қазына жинау үшін істеулерің керек, иә, ол мәңгілік және ол өшпейді; иә, біздің ата-бабаларымызға берілген деп сенуге негіз бар мәңгілік өмірдің сол бағалы сыйына ие болуларың үшін.
9 Уа, есте сақтаңдар, ұлдарым, Бунямин патша өз халқына айтқан сөздерді есте сақтаңдар; иә, адамның құтқарылатын басқа жолы да, амалы да жоқ екенін есте сақтаңдар, тек келетін Иса Мәсіхтің өтеу қаны арқылы ғана; иә, ол бұл дүниені өтеп алуы үшін келетінін есте сақтаңдар.
10 Амулектің Аммониһах қаласында Зиезромға айтқан сөздерін де есте сақтаңдар; өйткені ол оған Жаратқан Ие міндетті түрде өз халқын құтқару үшін келетінін, бірақ ол олардың күнәларын өтеу үшін емес, оларды солардың күнәларынан өтеу үшін келетінін айтты.
11 Міне тәубеге келу арқылы оларды күнәларынан өтеу үшін оған Әкеден берілген құдірет бар; сондықтан ол тәубеге келудің шарттары туралы хабарлау үшін періштелерін жіберді, бұл Өтемшінің құдіретіне, олардың жанын құтқаруға әкеледі.
12 Міне енді, менің ұлдарым, есте сақтаңдар, өз іргетастарыңды Өтемшіміз — Құдай Ұлы — Мәсіхтің жартасында тұрғызуларың керек екенін есте сақтаңдар; сонда шайтан өзінің күшті желін, иә, өзінің жебе құйынын жіберген кезде, иә, оның барлық бұршағы мен ғаламат дауылы сендерді соққан кезде, оның сені қайғы-қасірет пен шексіз қасірет шығанағына сүйреп апаратын күші болмайды, өйткені сендер тасқа сүйенгенсіңдер, ол берік іргетасы болып табылады, ал адамдар сол іргетасқа сүйенетін болса, олар құламайды.
13 Міне дәл солай болды, Хеламан өз ұлдарына осы сөздермен тәлім берді; иә, ол оларға жазылмаған көп нәрселерді, сондай-ақ жазылған көп нәрселерді үйретті.
14 Міне олар оның сөздерін есте сақтады; сондықтан олар Құдайдың өсиеттерін орындап, Молшылық қаласынан бастап бүкіл Нефи халқына Құдай сөзін үйрету үшін аттанды;
15 Міне сол жерден Гид қаласына аттанды; ал Гид қаласынан Мулек қаласына;
16 Міне осылайша бір қаладан екінші қалаға дейін, олар оңтүстік жеріндегі барлық Нефи халқын аралап өткенше; ал одан ламандықтар арасына Зараһемла жеріне.
17 Міне дәл солай болды, олар бар күшін салып уағыздады, осылайша олар нефиліктерден өткен талай жолдан тайғандарды масқара етті, сондықтан олар алға шықты да күнәларын мойындады, әрі тәубеге келу үшін су рәсімінен өтті, міне олар соларға жасаған қателіктерін түзету үшін дереу нефиліктерге қайтып оралды.
18 Міне дәл солай болды, Нефи мен Лехи ламандықтарға соншалықты үлкен күш салып құдіреттілікпен уағыздады, өйткені оларға сөйлей алатын күш пен құдірет берілген болатын, сондай-ақ оларға не айту керектігі де берілді –
19 Сондықтан олар ламандықтарды қатты таң қалдырып, оларды сендірді, осылайша, Зараһемла жеріндегі және төңірегіндегі болған ламандықтардың сегіз мыңы тәубеге келіп, су рәсімінен өтті және ата-бабаларының дәстүрлерінің зұлымдығына көздерін жеткізді.
20 Міне дәл солай болды, Нефи мен Лехи сол жерден Нефи жеріне аттанды.
21 Міне дәл солай болды, оларды ламандықтардың әскері ұстап алды да зынданға жапты; иә, яғни Лимхидің қызметшілері Аммон мен оның бауырларын тастаған абақтыға.
22 Ал олар абақтыда көп күн бойы тамақсыз қалған соң, міне. олар оларды ұстап алып өлтіру үшін абақтыға барды.
23 Міне дәл солай болды, Нефи мен Лехи отқа оранғандай болды, тіпті олар өртеніп кетуден қорқып, оларға қолдарын жұмсауға да батылы жетпеді. Соған қарамастан Нефи мен Лехи күйіп-жанбады; міне олар оттың ортасында тұрғандай күйіп-жанбады.
24 Міне олардың жан-жағын от бағанасы қоршап тұрғанын және оның оларды күйдірмейтінін көрген кезде, олардың жүректері жігерленді.
25 Өйткені олар ламандықтардың оларға қолдарын жұмсауға дәрменсіз екенін көрді; олардың оларға жақындауға да батылы жетпеді, бірақ таңданыспен мылқау болғандай тұрып қалды.
26 Міне дәл солай болды, Нефи мен Лехи орнынан тұрып, оларға сөйлей бастады, былай деп: Қорықпаңдар, міне, бұл ғажайып нәрсені сендерге көрсеткен Құдай, бізді өлтіру үшін қолдарыңды бізге жұмсай алмайсыңдар деп осыны сендерге көрсетті.
27 Ал міне, олар осы сөздерді айтқанда, жер қатты сілкінді және зынданның қабырғалары жерге құлағалы тұрғандай қалтырап кетті; бірақ міне, олар құламады. Ал міне, сол кезде зынданда жолдан тайған ламандықтар мен нефиліктер болған еді.
28 Міне дәл солай болды, оларды қараңғы бұлт басты және қорқынышты терең үрей билеп алды.
29 Міне дәл солай болды, қараңғы бұлттың үстінде тұрғандай дауыс естілді, былай деп: Тәубеге келіңдер, тәубеге келіңдер және бұдан былай мен сендерге ізгі хабарды жариялау үшін жіберген қызметшілерімді құртуға ұмтылмаңдар.
30 Міне дәл солай болды, олар бұл дауысты естіп, бұл найзағайдың дауысы емес екенін, сондай-ақ үлкен дүбірлі шудың дауысы емес екенін байқады, бірақ міне, бұл сыбырлағандай мінсіз шыққан мінсіз жұмсақ дауыс еді және ол тіпті жанды тесіп өткендей болды.
31 Міне дауыстың жұмсақтығына қарамастан, жер қатты дірілдеп, абақтының қабырғалары жерге құлағалы тұрғандай, қайтадан шайқалды; ал енді, оларды жауып тұрған бұл түнек бұлты сейілмеді.
32 Ал міне, тағы да дауыс шықты, былай деп: Тәубеге келіңдер, тәубеге келіңдер, өйткені көктегі Патшалық жақын; ал енді менің қызметшілерімді бұдан былай құртуға тырыспаңдар. Міне дәл солай болды, міне жер тағы сілкінді, ал қабырғалар шайқалды.
33 Міне тағы да үшінші рет дауыс естілді және оларға адам айта алмайтын ғажап сөздерді айтты; міне қабырғалар қайтадан қалшылдады және жер жарылып кете жаздағандай сілкінді.
34 Міне дәл солай болды, ламандықтар өздерін жауып тұрған түнек бұлтынан қашып құтыла алмады; иә, олар тағы өздерін басып алған үрейден табанды болып қалды.
35 Енді олардың арасында тумысынан нефилік болған бір адам болған, ол Құдайдың шіркеуіне жататын, бірақ олардан бас тартқан болатын.
36 Міне дәл солай болды, ол бұрылды да, міне енді, ол түнек бұлттың арасынан Нефи мен Лехидің жүздерін көрді; ал міне, олардың жүзі періштелердің жүзіндей ерекше жарқырап тұрды. Міне ол олардың көкке көз тіккендерін көрді және олар өздері көрген қандай да бір тіршілік иесімен сөйлескендей немесе дауыстап сөйлегендей көрінді.
37 Міне дәл солай болды, сол кісі көпшілікке бұрылып, қараңдар деп айқайлады. Ал міне, оларға құдірет берілді, сонда олар бұрылып қарады; міне олар Нефи мен Лехидің жүзін көрді.
38 Міне олар әлгі адамға былай деді: Міне, мұның бәрі нені білдіреді және бұл адамдар кіммен сөйлесіп жатыр?
39 Енді ол кісінің есімі Әминадап болатын. Міне Әминадап оларға былай деді: Олар Құдайдың періштелерімен сөйлесіп жатыр.
40 Міне дәл солай болды, ламандықтар оған былай деді: Бізді жауып тұрған бұл түнек бұлтын сейілту үшін біз не істей аламыз?
41 Міне Әминадап оларға былай деді: Алма мен Амулек және Зезром арқылы сендерге тәлім берілген Мәсіхке сенбейінше, сендер тәубеге келіңдер және дауыстап жалбарыныңдар; міне осылай істесеңдер, түнек бұлты сейіліп, сендерді баспайды.
42 Міне дәл солай болды, бәрі жерді дүр сілкіндіргеннің даусына жалбарына бастады; иә, олар түнек бұлты сейілгенше жалбарынды.
43 Міне дәл солай болды, олар жан‑жағына назарын аударып қараған кезде, түнек бұлттың сейіліп, оларды бұдан былай басып тұрмағанын көрді, міне, олардың өздерін, иә, әр жанды от бағанасы қоршап алғанын көрді.
44 Олардың ортасында Нефи мен Лехи де болды; иә, олар қоршауға алынды; иә, олар жалындаған оттың ортасында болғандай болды, бірақ ол оларға зиян тигізбеді және зынданның қабырғаларын жаулап алмады;
45 Міне, Құдайдың Киелі Рухы көктен түсті және олардың жүректеріне енді және олар отқа толғандай болып, керемет сөздерді айта алды.
46 Міне дәл солай болды, оларға бір дауыс, иә, жағымды дауыс естілді, сыбырлағандай болып, былай дейді:
47 Тыныштық, тыныштық болсын сендерге, әлемнің негізін қалаған Менің сүйіктіме деген сенімдерің үшін.
48 Ал енді олар мұны естіген кезде, дауыстың қайдан шыққанын көргісі келгендей, жоғарыға қарады; міне, олар көктің ашылғанын көрді және періштелер көктен түсті және оларға қызмет етті.
49 Міне осы нәрселерді көрген және естіген үш жүзге жуық жан бар еді және оларға барыңдар және таңданбаңдар әрі оларға күмәндарың болмасын деп бұйрық берілді.
50 Міне дәл солай болды, олар барып, халыққа қызмет етті, естігендері мен көргендерінің барлық нәрселерді бүкіл аймақтарға жариялап отырды, сондықтан олар алған дәлелдердің ұлылығының арқасында ламандықтардың көпшілігі оларға сенім артты.
51 Міне бұған сенім артқандардың көпшілігі өздерінің әскери қаруларын және өздерінің өшпенділігі мен өз ата‑бабаларының дәстүрінен бас тартты.
52 Міне дәл солай болды, олар нефиліктерге өздерінің иелігіндегі жерлерді берді.