Киелі жазбалар
Хеламан 3


3-ші тарау

Көптеген нефиліктер солтүстікке қарай қоныс аударады. Олар цементтен үйлер тұрғызады және көптеген жазбалар жүргізеді. Он мыңдаған адам дінге бет бұрады және су рәсімінен өтеді. Құдайдың сөзі адамдарды құтқаруға жетелейді. Хеламан ұлы Нефи сот төрін толтырады. Шамамен 49-39 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне енді дәл солай болды, төрешілер билігінің қырық екінші жылында, Нефи халқының арасында, тек шіркеудегі азғдаған мақтаншақтықтан басқа ешқандай дау-дамай болған жоқ, ол адамдар арасында кішігірім келіспеушіліктер тудырды, бұл мәселелер қырық үшінші жылдың соңында шешіреттелді.

2 Қырық төртінші жылы халық арасында дау-дамай болған жоқ; қырық бесінші жылы да үлкен дау-дамай болған емес.

3 Міне дәл солай болды, қырық алтыншы жылы, иә, талай дау-дамай мен келіспеушіліктер көп болды, сондықтан Зараһемла жерінен кетіп, солтүстік жеріне қарай оны мұра ету үшін аттанғандар көп болды.

4 Міне олар өте үлкен қашықтықты жүріп өтті, осылайша олар үлкен су қоймалары мен көптеген өзендерге келіп жетті.

5 Иә, олар тіпті сол жердің түкпір-түкпіріне, бұрын сол жерді мұра етіп алған көптеген тұрғындардың арқасында, қирап қалмай, орманынан айырылмаған барлық жерге тарады.

6 Міне енді е орманнан басқа жердің бірде-бір бөлігі қаңырап бос қалған жоқ; бірақ бұрын осы жерді мекендеген халықтың үлкен күйреуіне байланысты ол қаңырап бос қалған деп аталды.

7 Міне сол жер бетіндегі орманның аздығына қарамастан көшіп келген адамдар цемент өңдеуде өте шебер болған; сондықтан олар өз үйлерін цементтен тұрғызды.

8 Міне дәл солай болды, олар көбейіді және тарады, оңтүстік жерінен солтүстікке қарай жылжыды және олар теңіздің оңтүстігінен солтүстікке қарай, теңіздің батысынан шығыс теңізіне дейін күллі жер бетінетарай бастады.

9 Міне солтүстік жеріндегі адамдар шатырларда және цементтен жасалған үйлерде тұрды, ал уақыт өте келе олардың үйлерін, иә, өздерінің қалалары мен өздерінің ғибадатханаларын және өздерінің синагогалары мен өздерінің қасиетті жерлерін, сондай–ақ өздерінің барлық түрлі құрылыстарын тұрғызатын ағаш болуы үшін, олар жер бетінде өскен әрбір ағаштың өсуіне жол берді.

10 Міне дәл солай болды, солтүстік жеріндегі ағаш тапшы болғандықтан, олар көбін кеме арқылы жөнелтіп отырды.

11 Міне осылайша олар солтүстік жеріндегі адамдарға ағаштан да, цементтен де көптеген қалалар салуға мүмкіндік берді.

12 Міне дәл солай болды, тумысынан ламандықтар болған Аммон халқының көпшілігі де сол жерге қарай аттанды.

13 Міне енді бұл халықтың көптеген өкілдерінің қолында сақталған бұл халықтың істері туралы көптеген жазбалар бар, олар өте ауқымды және соларға қатысты.

14 Бірақ міне, бұл осы халықтың істерінің жүзден бір бөлігі, иә, ламандықтар мен нефиліктер туралы баяндауды және олардың соғыстары мен дауларын және келіспеушіліктері мен олардың уағыздарын және олардың кеме тасымалдаулары мен олардың құрылыстарын және олардың ғибадатхана құрылыстарын, мәжілісханалары мен киелі жерлерін, әділдіктері мен зұлымдықтарын, кісі өлтірулері мен олардың тқарақшылығын және олардың талан-таражға түсуі мен әртүрлі жиіркенішті істерін және азғындықтарын бұл жұмыста қамту мүмкін емес.

15 Бірақ міне, мұнда барлық түрдегі кітаптар мен көптеген жазбалар бар және олар негізінде нефиліктердің қолында сақталған болатын.

16 Міне олар нефиліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа тапсырылып отырды, тіпті олар қылмыс жасап және өлтіріліп, талан-таражға түсіп және қуғын-сүргінге ұшырап, айдалып және қырылып, жер бетіне бытырап, сондай–ақ ламандықтармен араласып, олар енді нефиліктер деп аталмай зұлым және жабайы әрі қатыгез болып, иә, тіпті ламандықтарға айналғанша.

17 Міне енді мен өз баяндауыма қайта ораламын; сондықтан мен айтып отырған нәрсе Нефи халқы арасында үлкен қақтығыстар мен дүрбелеңдер және соғыстар мен келіспеушіліктер болғаннан кейін болды.

18 Міне осылайша төрешілер билігінің қырық бірінші жылы аяқталды;

19 Міне дәл солай болды, иә, тіпті қырық жетінші жылы да, қырық сегізінші жылы да жерде әлі де үлкен дау-дамай өз жалғасын тапты.

20 Соған қарамастан Хеламан сот төрін әділдікпен және әділеттікпен толтырды; иә, ол Құдайдың жарлықтарын, үкімдерін және өсиеттерін ұстанды; міне ол үнемі Құдайдың алдында дұрыс нәрсені істеді және ол әкесінің жолымен жүрді, осылайша ол сол жерде өркендеді.

21 Міне дәл солай болды, оның екі ұлы болды. Ол үлкеніне Нефидің атын, ал кішісіне Лехидің атын берді. Міне олар Жаратқан Иенің алдында ер жете бастады.

22 Міне дәл солай болды, Нефи халқына төрешілер билігінің қырық сегізінші жылдың соңында, нефи халқының арасындағы соғыстар мен жанжалдар біртіндеп тоқтай бастады.

23 Міне дәл солай болды, төрешілер билігінің қырық тоғызыншы жылы елде үздіксіз тыныштық орнады, қарақшы Гадиантон сол елдің неғұрлым қоныстанған бөліктерінде құрған құпия одақтарды қоспағанда, ол кезде бұл үкімет басында отырғандарға беймәлім болатын; сондықтан олар жер бетінен жойылған жоқ болатын.

24 Міне дәл солай болды, сол жылы Шіркеудің керемет өркендеп дамығаны сонша, шіркеуге мыңдаған адам қосылды және өкіну үшін су рәсімінен өтті.

25 Міне шіркеудің өркендеп дамуы соншалықты зор болды және халыққа көптеген баталар төгілді, тіпті бас діни қызметкерлер мен мұғалімдердің өздері де сондай таң қалды.

26 Міне дәл солай болды, Жаратқан Иенің ісі өркендеп, көптеген жандарды, иә, тіпті ондаған мыңдарды су рәсімінен өткізді және Құдайдың шіркеуіне біріктірді.

27 Осылайша, біз шын жүректен оның киелі есімін шақыратындардың барлығына Жаратқан Иенің мейірімді екенін көріп отырмыз.

28 Иә, осылайша біз көктің есігі баршаға, тіпті Құдайдың Ұлы Иса Мәсіхтің есіміне сенетіндерге де ашық екенін көреміз.

29 Иә, біз көреміз, кім қаласа да, Құдайдың тірі әрі күшті сөзіне сүйенеді, ол шайтанның барлық айла-шарғысын, тұзақтарын және айла-амалдарын жояды және Мәсіхтің адамын зұлымдарды жұтуға дайын азаптың мәңгілік тұңғиығы арқылы тура және тар жолға апарады.

30 Міне олардың жандары, иә, олардың өлмейтін жандары, Ыбырайыммен, Ысқақпен,Жақыппен жәнебіздің барлық қасиетті ата-бабаларымызбен бірге отыру үшін және енді бұдан былай қайта шықпау үшін көктегі Патшалықта Құдайдың оң жағына отырады.

31 Міне осы жылы Зараһемла жерінде және оның айналасындағы барлық аймақтарда, тіпті нефиліктердің иелігінде болған барлық жерде қуаныш жалғасын таптыы.

32 Міне дәл солай болды, қырық тоғызыншы жылдың қалған бөлігінде тыныштық пен зор қуаныш орнады; иә, сондай-ақ төрешілер билігінің елуінші жылында тұрақты тыныштық пен зор қуаныш болды.

33 Міне төрешілер билігінің елу бірінші жылында да тыныштық орнады, шіркеуге ене бастаған мақтаныш сезімін қоспағанда – Құдайдың шіркеуіне емес, бірақ өздерін Құдайдың шіркеуіне жатамын деп жариялаған адамдардың жүректерііне.

34 Міне олар мақтанышта асқақтап, көптеген бауырларын қудалай бастады. Енді бұл үлкен зұлымдыққа айналды, соның кесірінен халықтың қарапайым бөлігін үлкен қуғын-сүргінге ұшыратты және көптеген қасіреттерді бастан өткеруіне себеп болды.

35 Соған қарамастан олар ораза ұстады және жиі дұға етіп, өздерінің кішіпейілдіктерін одан сайын нығайтып,п Мәсіхке деген сенімдерінде нық та берік болып, өздерінің жандарын қуаныш пен жұбанышқа толтырды, иә, тіпті олардың жүректері тазарды да киелі болды,ал бұл қасиеттілік олар өздерінің жүрегін Құдайға бағындырғандықтан келеді.

36 Міне дәл солай болды, елу екінші жыл да халықтың жүрегін жаулап алған асқан мақтаныш сезімін қоспағанда, тыныштықпен аяқталды; ал бұл олардың асқан байлығы мен сол жердегі олардың өсіп-өркендеуінен болды және бұл олардың арасында күннен-күнге өсе берді.

37 Міне дәл солай болды, төрешілер билігі билеген елу үшінші жылында Хеламан қайтыс болды және оның орнына оның үлкен ұлы Нефи билік ете бастады. Міне дәл солай болды, ол сот төрін әділдікпен және әділеттікпен толтырды, иә, ол Құдайдың өсиеттерін орындады және өз әкесінің жолымен жүрді.