Киелі жазбалар
Хеламан 8


8‑ші тарау

Жемқор төрешілер халықты Нефиге қарсы айдап салуға тырысады. Ыбырайым, Мұса, Зенос, Зенок, Езиас, Ишая, Еремия, Лехи мен Нефи Мәсіх туралы барлығы куәлік етті. Нефи рухтың жетелеуімен бас төрешінің өлтірілгенін хабарлайды. Шамамен 23–21 ж Иса Мәс. дейін.

Міне енді дәл солай болды, Нефи осы сөздерді айтқан кезде, міне, онда Гадиантонның жасырын тобына жататын төрелік еткен ер адамдар болды, міне олар ашуланып, оған қарсы айқайлап, халыққа былай деді: Неге мына адамды ұстап алып, оның жасаған қылмысы бойынша оған айып тағу үшін шығармайсыңдар?

Неліктен бұл адамға қарап тұрсыңдар және оның осы халық пен біздің заңымызды қорлағанын тыңдап тұрсыңдар?

Өйткені, міне, Нефи оларға өздерінің заңының бұзылғандығы туралы айтқан болатын; иә, Нефидің айтқан талай нәрсесін жазу мүмкін емес; міне ол Құдайдың өсиеттеріне қайшы келетін ешнәрсе айтқан емес.

Міне сол төрешілер оған ашуланды, өйткені ол оларға олардың түнектегі жасырын істері туралы ашық айтты; соған қарамастан олардың оған қарсы қол көтеруге батылы бармады, өйткені олар халық өздеріне қарсы айғай сала ма деп қорықты.

Сондықтан олар халыққа айқайлап, былай деді: Неліктен бұл адамның бізді қорлауына жол бересіңдер? Өйткені міне, ол бұл халықты түгелдей, тіпті жойылуға дейін үкім етеді; иә, міне тағы мына біздің ұлы қалаларымыз бізден тартып алынады, оларда бізге орын болмайды деп айтады.

Ал енді біз бұл мүмкін емес екенін білеміз, өйткені міне, біз күштіміз, ал қалаларымыз үлкен, сондықтан жауларымыз бізге билік ете алмайды.

Міне дәл солай болды, осылайша олар халықты Нефиге қарсы ашуландырды және олардың арасында дау-дамай туғызды; өйткені онда кейбіреулер: «Бұл кісіні жайына қалдыр, өйткені ол жақсы адам және оның айтқан нәрселері біз тәубе етпейінше міндетті түрде орындалады» деп айқайлағандар да болды.

Иә, міне, ол бізге куәлік еткен үкімдердің бәрі басымызға келеді; өйткені ол біздің заңсыздықтарымыз туралы бізге адал куәлік еткенін білеміз. Ал міне, олардың саны өте көп және ол біздің заңсыздықтарымызды білгеніндей, біздің тағдырымызға не түсетінін де біледі;

Иә, ал міне, егер ол пайғамбар болмағанда, бұл нәрселер туралы куәлік ете алмас еді.

10 Міне дәл солай болды, Нефиді құртуға ұмтылған адамдар қорыққандықтан оған өздерінің қолдарын жұмсай алмады; сондықтан ол кейбіреулердің ықыласына ие болғанын, қалғандары қатты қорқып қалғанын көріп, олармен қайта сөйлесе бастады.

11 Сондықтан ол оларға одан да көп нәрсені айтуға мәжбүр болып, былай деп: Міне, бауырларым, Құдайдың бір адамға, яғни Мұсаға Қызыл теңіз суын бұру үшін билік бергенін және олар әрі-бері екіге бөлініп, біздің ата-бабаларымыз болған Исраилдіктер құрғақ жерді басып өтіп, әрі Мысырлықтардың әскерлерін су жауып, оларды жұтып қойғанын оқымадыңдар ма?

12 Ал енді міне, егер Құдай бұл адамға осындай билікті берген болса, неге сендер өз ара дауласасыңдар және сендер тәубеге келмейінше, сендерге келетін үкімдер туралы білуге ​​болатын билікті ол маған бермеді деп неге айтасыңдар?

13 Бірақ, міне, сендер менің сөздерімді жоққа шығарып қана қоймай, сендер ата-бабаларымыз айтқан сөздердің бәрін де, сондай-ақ оған соншалықты зор күш-қуат берген Мұсаның айтқан сөздерін де, иә, оның Мәсіхтің келуіне қатысты айтқан сөздерін де жоққа шығарасыңдар.

14 Иә, ол Құдай Ұлының келетініне куәлік етпеді ме? Ол шөл далада қола жыланды қалай көтерген болса, дәл солай сол келуге тиіс те көтерілетін болады.

15 Міне осы жыланға қараған кез келген адам, тірі қалады, яғни өкінішке толы рухы бар, Құдайдың Ұлына сеніммен қараған кез келген адам, тіпті мәңгілік өмірге дейін өмір сүре алатын болады.

16 Ал енді міне, Мұса бұл туралы тек Мұса ғана емес, оның күндерінен бастап Ыбырайымның күндеріне дейінгі барлық қасиетті пайғамбарлар да куәлік етті.

17 Иә, ал міне, Ыбырайым оның келуін көрді және қуанышқа кенеліп, қуанды.

18 Иә, мен сендерге айтамын: Ыбырайым бұл жайларды біліп қана қойған жоқ, бірақ Ыбырайымның заманына дейін Құдайдың бұйрығымен шақырылғандар көп болды; иә, яғни оның Ұлының бұйрығына сәйкес; бұл оның келуінен мыңдаған жылдар бұрын халыққа көрсетілуі керек болатын, оларға өтеудің расында келетінін.

19 Міне енді мен Ыбырайымның заманынан бері бұл туралы куәлік еткен көптеген пайғамбарлар болғанын білгендеріңді қалаймын; иә, міне, Зенос пайғамбар батылдықпен куәлік етті; ол сол үшін өлтірілді.

20 Ал енді, Зенок, Езиас, Ишая және Еремия да (Еремия — Иерусалимнің жойылғаны туралы куәлік еткен дәл сол пайғамбар) ал енді біз Еремияның сөздері бойынша Иерусалимнің қиратылғанын білеміз. Уа олай болса, Құдай Ұлы өзінің пайғамбарлығы бойынша неге келмеске?

21 Ал енді Иерусалим жойылды деп дауласасыңдар ма? Седекияхтың ұлдары, Мүлектен басқасының бәрі өлтірілген жоқ деп айтасыңдар ма? Иә, Седекияхтың ұрпағы бізбен бірге екенін және олар Иерусалим жерінен қуылғанын көрмейсіңдер ме? Бірақ, міне, бұл әлі де түгел емес:

22 Біздің әкеміз Лехи Иерусалимнен қуылды, өйткені ол осы нәрселер туралы куәлік еткен болатын. Нефи де осы нәрселер туралы куәлік етті, сонымен қатар біздің ата-бабаларымыздың барлығы дерлік, яғни осы уақытқа дейін; иә, олар Мәсіхтің келуі туралы куәлік етті және оның келер күнін асыға күтті және қуанды.

23 Міне, Ол Құдай және Ол олармен бірге және Өзін оларға танытты, осылайша олар Құдай арқылы өтелді; міне олар оны орындалатын істері үшін мадақтады.

24 Ал енді, сендер мұның бәрін білетіндіктен және өтірік айтпасаңдар, оны жоққа шығара алмайсыңдар, демек, бұл арқылы сендер күнә жасадыңдар, өйткені сендер алған көптеген дәлелдерге қарамастан, мұның бәрін жоққа шығардыңдар; иә, тіпті сендер көктегі және жердегі барлық нәрселерді олардың ақиқат екеніне куәлік ретінде алдыңдар.

25 Бірақ міне, сендер шындықтан бас тартып, киелі Құдайларыңа қарсы шықтыңдар; яғни осы уақытта да, ештеңе білінбейтін және арам ештеңе келмейтін көкте өздерің үшін қазына жинаудың орнына, сендер қиямет күніне қарсы өздеріңе қаһар жинап жатырсыңдар.

26 Иә, қазір де сендер өлтірулерің және азғындықтарың мен зұлымдықтарың үшін мәңгілік жойылу үшін пісіп-жетіліп жатырсыңдар; иә, егер тәубе етпесеңдер, ол сендерге жақын арада келеді.

27 Иә, міне, ол енді дәл босағаларыңның маңында; иә, сот төріне барыңдар да тінтіңдер; міне, сендердің төрешілерің өлтірілді, ол өз қанына сіңіп жатыр; ал оны сот төріне отырғысы келген бауыры өлтірді.

28 Ал міне, оның екеуі де сендердің құпия топтарыңа жатады, ал оның жаратушысы Гадиантон және адамдардың жанын құртуды көздейтін зұлым.