Киелі жазбалар
Хеламан 15


15‑ші тарау

Жаратқан Ие Нефиліктерді жақсы көргендіктен жазалады. Дінге келтірілген Ламандықтар сенімінде нық және берік. Жаратқан Ие соңғы күндерде Ламандықтарға мейірімділік танытады. Шамамен 6 ж. Иса Мәс. дейін.

Ал енді, менің сүйікті бауырларым, міне, мен сендерге айтамын, егер тәубеге келмесеңдер, үйлерің қаңырап бос қалады.

Иә, егер тәубе етпесеңдер, әйелдерің емізетін күні үлкен қайғы-қасіретке ұшырайтын болады. өйткені сендер қашуға ұмтыласыңдар, сонда пана болатын жер болмайды; иә, жүктілер қасіретке қалады, өйткені олар ауыр және жүгіре алмайды; сондықтан олар тапталып, өлімге қалады.

Иә, олар өздеріне көрсетілетін осы белгілер мен ғажайыптардың барлығын көрген кезде, Нефи халқы деп аталатын бұл халық тәубеге келмесе, қасіретке ұшырайтын болады; Өйткені олар Жаратқан Иенің таңдаулы халқы еді; иә, ол Нефи халқын жақсы көреді, сонымен қатар ол оларды жазалайды; иә, олардың заңсыздықтар жасаған күндерінде ол оларды жазалайды, өйткені оларды жақсы көреді.

Бірақ менің бауырларым, ол Ламандықтарды жек көрді, өйткені олардың істері үнемі зұлымдық болды және бұл олардың ата-бабаларының дәстүрінің мақсатына байланысты. Біліп қойыңдар, нефиліктердің уағыздауының арқасында оларға құтқарылу келді; осы мақсатта Жаратқан Ие олардың күндерін ұзартты.

Міне мен олардың көпшілігінің өз міндеттеріне адал екенін көрулеріңді қалаймын, міне олар Құдайдың алдында сақтықпен жүреді және Мұсаның заңы бойынша оның өсиеттері мен жарлықтарын және үкімдерін ұстануға тырысады.

Иә, менің сендерге айтарым, соғұрлым олардың көп бөлігі осыны істеп жатыр және олар қалған бауырларын шындықты тануға жеткізу үшін бар ынта-жігерімен ұмтылуда; сондықтан онда күн сайын олардың санына қосылатындар көп.

Міне, осыны өздерің де білесіңдер, өйткені олардың барлығы шындықты танып, ата-бабаларының зұлым әрі жиіркенішті дәстүрлері туралы білім алып, қасиетті жазбаларға сенгеніне куә болдыңдар. Иә, қасиетті пайғамбарлардың жазылған пайғамбарлықтары, оларды Жаратқан Иеге сеніп және тәубеге келуге жетелейді, ал сол сенім мен тәубеге келу олардың жүрегін өзгертуге әкеледі —

Сондықтан, осыған келгендердің көпшілігі, сендер өздерің білесіңдер, олар сол азат етілген нәрседе нық және берік.

Міне сендер олар өздерінің соғыс қаруларын көміп тастағанын және олар қандай да бір жолмен күнә жасамау үшін оларды алуға қорқатынын да білесіңдер; иә, олардың күнә жасаудан қорқатынын көріп тұрсыңдар, өйткені міне, олар өздерінің жауларына өздерін таптауға және өлтірілуге жол береді және оларға қарсы семсерлерін көтермейді, міне бұл олардың Мәсіхке деген сенімдері үшін.

10 Ал енді, олар өздері сенетін нәрсеге сенген кездегі табандылықтары үшін, өйткені олар бір кездері жарық көрген кездегі беріктіктері үшін, міне, Жаратқан Ие олардың заңсыздықтарына қарамастан, оларға батасын береді және күндерін ұзартады.

11 Иә, тіпті олар сенімсіздікте азғынданса да, біздің ата-бабаларымыз айтқандай, сондай-ақ Зенос пайғамбар және басқа да көптеген пайғамбарлар біздің бауырларымыз, Ламандықтардың қалпына келтірілуіне қатысты шындықты білетін уақыт келгенше, Жаратқан Ие олардың күндерін ұзартады.

12 Иә, менің сендерге айтарым, соңғы кездерде Жаратқан Иенің уәделері біздің бауырларымызға, Ламандықтарға таратылды; олардың көптеген қайғы-қасіреттеріне қарамастан, олар жер бетіндегі әртүрлі бағыттарға айдалып, қуғынға ұшыраса да, олар соққыға жығылып, жан-жаққа бытырап кетсе де, пана болатын жері жоқ болса да, Жаратқан Ие оларға мейірімділік танытады.

13 Міне бұл пайғамбарлыққа сәйкес, олар өздерінің Өтемшісі, ұлы және шынайы Бағушысы туралы білім болып табылатын шынайы білімге қайтадан жеткізілетін болады және оның қойларының қатарына қосылатын болады.

14 Сондықтан менің сендерге айтарым, егер тәубеге келмесеңдер, сендерден гөрі бұл олар үшін жақсырақ болады.

15 Міне, егер сендерге көрсетілген құдіретті істер оларға көрсетілген болса, иә, ата-бабаларының дәстүрлерінен сенімсіздікке бой алдырғандарға, олардың енді ешқашан сенімсіздікте қайтып азғынға түспейтінін өздерің көріп тұрсыңдар.

16 Сондықтан Жаратқан Ие былай дейді: Мен оларды біржола жоймаймын, бірақ менің даналығым пайда болған күні олардың өзіме қайта оралуын қамтамасыз етемін, — дейді Жаратқан Ие.

17 Ал енді міне, — дейді Жаратқан Ие, Hефиліктер халқына қатысты: Егер олар өкінбесе және менің еркімді орындауға мойынсұнбаса, мен олардың арасында жасаған көптеген құдіретті істеріме қарамастан, олардың сенімсіздігі үшін оларды біржола құртамын, — дейді Жаратқан Ие. Жаратқан Иенің көзі тірісінде мұның бәрі де болады, — дейді Жаратқан Ие.