12‑ші тарау
Адамдар тұрақсыз және ақылға қонымсыз және зұлымдықты жасауға жылдам. Жаратқан Ие өз халқын жазалайды. Адамдардың мардымсыздығы Құдайдың құдіретімен салыстырылады. Қиямет күні адамдар мәңгілік өмірге немесе мәңгілік қарғысқа ұшырайтын болады. Шамамен 6 ж. Иса Мәс. дейін.
1 Міне осылайша біз адам баласының жүректерінің қаншалықты жалған екенін, сондай-ақ тұрақсыздығын көре аламыз; иә, біз Жаратқан Ие өзінің шексіз ізгілігімен оған сенім артқандарды жарылқайтынын және өркендететінін көреміз.
2 Иә, біз дәл сол уақытта, оның өз халқын өркендеткенін көре аламыз, иә, сол олардың өрістерін, олардың отарлары мен табындарын, әрі алтын мен күмісін және барлық асыл заттар мен өнердің барлық түрлерін көбейткен кезде; оның өмірін қорғап және оны жауларының қолынан құтқарып; оған қарсы соғыс жарияламау үшін жауларының жүрегін жұмсартып — иә, басқаша айтқанда, өз халқының игілігі мен бақыты үшін бәрін жасап; иә, дәл осы уақытта олар өз жүректерін қасарыстырып және олардың Құдайы Жаратқан Иені ұмытты және Қасиеттіні аяқтарының астына таптап — иә, бұл олардың қолайлы жағдайлары мен олардың асқан зор өркендеп дамығанынан.
3 Міне осылайша, біз Жаратқан Ие өз халқын көптеген қасіреттермен жазаламайынша, иә, егер ол оларға өліммен және үреймен және аштықпен әрі әртүрлі індетпен келмейінше, олар оны есіне алмайтынын көреміз.
4 Уа, адам баласы неткен ақымақ және неткен бос және неткен зұлым, әрі шайтан, сондай-ақ зұлымдық жасауға тез, ал жақсылық жасауға қалай баяу; иә, олар зұлымның сөздеріне құлақ асу неткен тез, әрі жүректерін осы дүниенің бос нәрселеріне бағыттайды!
5 Иә, мақтанышпен көтерілу неткен тез; иә, мақтануға және зұлымдықтың кез келген түрін жасауға неткен жылдам; міне олар өздерінің Құдайы Жаратқан Иені еске алып және оның кеңестеріне құлақ асуда, иә, даналық жолында жүру қандай баяу!
6 Міне, олар өздерінің Құдайлары Жаратқан Иенің өздеріне билік етіп, патшалық еткенін қаламайды; оның үлкен жақсылығы мен оларға деген мейірімділігіне қарамастан, олар оның кеңестерінен бас тартады және олар оның оларға жетекші болғанын қаламайды.
7 Уа, адам баласының елеусіздігі қандай үлкен; иә, олар жердің тозаңынан да мардымсыз.
8 Міне енді, жердің топырағы ары да бері қозғалады, біздің ұлы да мәңгілік Құдайымыздың әмірімен ыдырай түседі.
9 Иә, міне, оның дауысынан төбелер мен таулар қалшылдайды да сілкінеді.
10 Міне оның дауысының күшімен олар ыдырап, әрі тегістеледі, иә, яғни алқап сияқты.
11 Иә, оның дауысының құдіреті бүкіл жер бетін тербетеді;
12 Иә, оның дауысының күштілігі іргетастарды, тіпті ортасына дейін шайқайды.
13 Иә, міне егер ол жерге: Қозғал десе, ол қозғалды.
14 Иә, егер ол жерге: Сен қайта орал, ол күнді бірнеше сағатқа ұзартады десе, ол орындалды;
15 Міне осылайша, оның сөзі бойынша жер кері оралады, ал адамға күн тоқтап тұрғандай болып көрінеді; иә, ал міне, ол солай болды; өйткені қозғалатын күн емес, жер екені рас.
16 Ал міне, сондай-ақ, егер ол ұлы тереңдіктегі суларға: Сендер құрғап қалыңдар десе, ол орындалады.
17 Енді егер ол мына тауға: Орныңнан тұр және қозғал да сол қаланың үстіне құла, сонда ол көміліп қалсын десе — міне, ол орындалады.
18 Ал міне, егер адам жер бетінде қазына жасырып, ал Жаратқан Ие: Оны сол жасырғанның заңсыздықтары үшін оны қарғыс атсын десе — міне, ол қарғысқа ұшырайды.
19 Ал егер Жаратушы Иеміз былай десе: Қарғыс атсын сені, осы кезден бастап және мәңгілікке ешкім сені таба алмайтындай — міне, бірде бір адам оны бұдан былай және мәңгілікке ала алмайды.
20 Міне, егер Жаратқан Ие адамға: Зұлымдықтарың үшін мәңгі қарғысқа ұшырайсың десе, ол солай болады.
21 Ал егер Жаратқан Ие: Заңсыздықтарың үшін сендер менің назарымнан алыстатыласыңдар десе, ол солай етеді.
22 Кімге ол бұны айтса, сол қасіретке қалады, өйткені ол сол зұлымдық жасаған адамға болады және оны құтқару мүмкін емес; сондықтан, осы себепті, адамдардың құтқарылуы үшін тәубеге келу жарияланды.
23 Сондықтан тәубеге келгендер және Құдайлары Жаратқан Иенің даусына құлақ асқандар бақытты; өйткені құтқарылатындар осылар.
24 Міне сондай-ақ Құдай өзінің ұлы кемелдігінде адамдарға тәубеге келуге және игі істерге әкелуін нәсіп етсін, олар өздерінің істеріне сәйкес рақым үшін рақымға қайта оралуы мүмкін.
25 Мен барлық адамдардың құтқарылуын қалаймын. Бірақ біз ұлы және соңғы күні кейбіреулер қуылып шығарылатынын оқимызы, иә, олар Жаратқан Иенің алдында қабылданбайды;
26 Иә, кім шексіз қайғы-қасірет күйіне ұшырайды, мына айтылған сөздерді орындап: Сол жақсылық істегендер мәңгілік өмірге ие болады; ал сол зұлымдық істегендер мәңгілік жазаға ұшырайтын болады. Міне бұл солай. Әумин.