Киелі жазбалар
Хеламан 11


11‑ші тарау

Нефи Жаратқан Иеден олардың соғысын ашаршылықпен алмастыруын сұрайды. Адамдардың көбі өледі. Олар тәубе етеді және Нефи Жаратқан Иеден жаңбыр сұрап жалбарынады. Нефи мен Лехи көптеген аян алады. Гадиантонның қарақшылары сол жерде бекініп орнығады. Шамамен 20–6 ж. Иса Мәс. дейін.

Міне дәл солай болды, төрешілер билігінің жетпіс екінші жылы дау-дамайлардың күшейгені сонша, бүкіл жер бетіндегі барлық Нефи халқының арасында соғыстар орын алды.

Міне, осы жойқын және зұлым іспен айналысқан осы жасырын қарақшылар тобы болды. Міне бұл соғыс сол жылы жалғасты және жетпіс үшінші жылы да жалғасты.

Міне дәл солай болды, осы жылы Нефи Жаратқан Иеге жалбарынып, былай деді:

Уа, Жаратқан Ие, бұл халықтың семсерден жойылуына жол берме; қайта Уа, Жаратқан Ие, олардың Құдайы Жаратқан Иені еске алу үшін елде ашаршылық орнай гөр, бәлкім, олар тәубе етіп, саған жүгінер.

Міне бұл Нефидің сөздері бойынша солай болды. Міне сол жерде бүкіл Нефи халқының арасында үлкен ашаршылық орын алды. Міне осылайша жетпіс төртінші жылы ашаршылық жалғасты, ал семсермен жою ісі тоқтатылды, бірақ ашаршылықтың кесірінен одан сайын күшейе түсті.

Міне осы жойқын ісі жетпіс бесінші жылы да жалғасты. Өйткені жер соққыға жығылды, содан ол құрғап қалды, ал егін жинау кезінде астық бермеді; міне бүкіл жер Ламандықтардың арасында да, Нефиттердің арасында да соққыға жығылды, осылайша олар сол елдің ең зұлым жерлерінде мыңдаған болып қырылды.

Міне дәл солай болды, адамдар өздерінің аштықтан өлуге жақын қалғанын көрді және өздерінің Құдайы Жаратқан Иені еске ала бастады; міне олар Нефидің сөздерін есіне түсіре бастады.

Халық өздерінің бас төрешілері мен жетекшілеріне Нефиге мынаны айтуды өтінді: Міне, біз сен Құдайдың адамы екеніңді білеміз, сондықтан біздің Құдайымыз Жаратқан Иеге осы аштықты бізден қайтаруын сұрап өтінші, сонда сен біздің жойылуымыз туралы айтқан сөздеріңнің бәрі орындалмасын.

Міне дәл солай болды, төрешілер Нефиге қалаған сөздеріне сай сөйледі. Міне дәл солай болды, Нефи халықтың тәубеге келгенін және азалы киініп, кішіпейілділік танытқанын көрген кезде, Жаратқан Иеге тағы да жалбарынып, былай деді:

10 Уа, Жаратқан Ие, міне, бұл халық тәубеге келді; міне олар өз ортасынан Гадиантон жасағын қуып шықты, осылайша олар жойылды және олар өздерінің құпия жоспарларын жерге жасырды.

11 Ал енді, Уа, Жаратқан Ие, олардың осы кішіпейілділігін ескере отырып, өзіңнің қаһарыңды қайтар және сол зұлым адамдарды жою арқылы өз қаһарыңды қайтарып, ашуыңды қанағаттандырарсың.

12 Уа, Жаратқан Ие, қаһарыңды қайтар, иә, қаһарлы қаһарыңды, осы жерде ашаршылықты тоқтатуды бұйыр.

13 Уа, Жаратқан Ие, сен мені тыңдап, менің сөздерім бойынша орындалуына себепші бол және жер бетіне жаңбыр жаудыр, сонда ол егін жинау кезінде жемісі мен астығын береді.

14 Уа, Жаратқан Ие, мен айтқанымда, сен менің сөздеріме құлақ астың: Ашаршылық болсын, семсердің індеті тоқтатылсын деген кезімде; міне осы уақытта да менің сөздеріме құлақ асатыныңды білемін, өйткені сен: Егер бұл халық тәубе етсе, мен оларды аяймын, деп айтқан едің.

15 Иә, уа, Жаратқан Ие, міне сен олардың бастарына түскен аштық пен індет және қырғын‑жойғынның салдарынан тәубеге келгенін көрдің.

16 Ал енді, Уа, Жаратқан Ие, олар саған қызмет етсе, ашуыңды қайтарып, қайта сынайсың ба? Ал егер солай болса, Уа, Жаратқан Ие, сен өзің айтқан сөздерің бойынша оларды жарылқай аласың.

17 Міне дәл солай болды, жетпіс алтыншы жылы Жаратқан Ие өзінің қаһарын халықтан қайтарды және жер бетіне жаңбыр жаууды бұйырды, осылайша ол өзінің жемісін беретін уақытында жемісін берді, сондықтан ол егін жинау кезінде жемісін берді. Міне дәл солай болды, ол өзінің астық маусымында астық берді.

18 Ал міне, халық қуанып, Құдайды мадақтады және бүкіл жер беті шаттыққа толды; міне олар енді Нефиді жоюға ұмтылмады, бірақ олар оны ұлы пайғамбар және оған Құдай берген зор күш пен билікке ие болған Құдайдың адамы ретінде бағалады.

19 Ал міне, оның бауыры Лехи әділдікке қатысты істерде одан кем түскен жоқ.

20 Міне дәл солай болды, Нефи халқы елде қайтадан гүлдене бастады, және өздерінің қаңырап қалған жерлерін тұрғыза бастады және олар солтүстікте де, оңтүстікте де, теңіздің батысынан шығысқа дейінгі аралықта жердің бүкіл бетін басып алғанша көбейіп, тарай бастады.

21 Міне дәл солай болды, жетпіс алтыншы жыл тыныштықта аяқталды. Міне жетпіс жетінші жыл тыныштықпен басталды және шіркеу бүкіл жер бетінде тарады және халықтың көп бөлігі, Нефиліктер де, Ламандықтар да шіркеуге тиесілі болды; міне олар сол жер бетінде керемет тыныштыққа ие болды және осылайша жетпіс жетінші жыл аяқталды.

22 Міне сондай-ақ жетпіс және сегізінші жылы олар тыныштыққа ие болды, тек пайғамбарлар бекіткен ілімдерге қатысты бірнеше келіспеушіліктерді қоспағанда.

23 Ал жетпіс тоғызыншы жылы қыруар жанжал басталады. Бірақ міне дәл солай болды, Нефи мен Лехи және олардың көптеген бауырластары ілімнің шынайы тармақтары туралы білетін, өйткені олар күн сайын көптеген аян алып отырды, сондықтан олар халыққа уағыздады, осылайша, олар сол жылы өздерінің жанжалдарын тоқтатты.

24 Міне дәл солай болды, Нефи халқының үстінен төрешілер билігінің сексенінші жылында Нефи халқының арасынан жолдан тайғандардың белгілі бір саны болды, олар бірнеше жыл бұрын Ламандықтардың жағына өтіп, Ламандықтардың атын өздеріне алған болатын, сондай-ақ Ламандықтардың нақты ұрпақтарының белгілі бір бөлігінің арасында, сол жолдан тайғандар ашу-ызасын туғызды, сондықтан олар өз бауырларымен соғыса бастады.

25 Міне олар адам өлтіру мен қарақшылықпен айналысты; ал содан кейін олар таулар мен шөл далаға және жасырын жерлерге шегінетін, оларды таба алмас үшін жасырын жүрді, күн сайын олардың саны толықтырылып отырды, өйткені оларға барған жолдан тайғандар болды.

26 Міне осылайша, уақыт өте келе, иә, тіпті бірнеше жыл ішінде олар қарақшылардың өте күшті тобына айналды; әрі олар Гадиантонның барлық құпия жоспарларын анықтады; міне осылайша олар Гадиантон қарақшыларына айналды.

27 Енді міне, бұл қарақшылар Нефи халқының арасында, сондай-ақ Ламандықтар халқынының арасында үлкен ойран салды, иә, тіпті үлкен қырғынға ұшыратты.

28 Міне дәл солай болды, бұл қырып-жою ісін тоқтату керек болды; сондықтан олар осы қарақшылар тобын іздеп тауып және оларды құрту үшін шөл далаға және тауларға айбынды адамдар тұратын әскерін жіберді.

29 Ал енді, міне дәл солай болды, сол жылы олар кері айдалды, яғни өздерінің жерлеріне. Міне осылайша Нефи халқының үстінен төрешілер билігінің сексенінші жылы аяқталды.

30 Міне дәл солай болды, сексен бірінші жылдың басында олар тағы да осы қарақшылар тобына қарсы шықты және талайларды қырды; сонымен қатар олар да үлкен күйреуге ұшырады.

31 Міне таулар мен шөл даланы басып алған қарақшылардың саны өте көп болуына байланысты, олар тағы да шөл даладан және таулардан өздерінің жерлеріне қайтып оралуға мәжбүр болды.

32 Міне дәл солай болды, осы жыл осылай аяқталды. Қарақшылар әлі де көбейіп, күшейе берді, сондықтан олар Нефиліктердің, сондай-ақ Ламандықтардың бүкіл әскерлеріне қарсы шықты; әрі олар бүкіл жер бетіндегі халықты қатты үрейге ұшыратты.

33 Иә, өйткені олар елдің көптеген жерлерін аралады және оларды үлкен қырғынға ұшыратты; иә, көпті өлтірді және басқаларды шөл далаға тұтқынға алып кетті, иә, әсіресе олардың әйелдері мен олардың балаларын.

34 Енді бұл үлкен зұлымдық, халықтың басына түскен бұл зор зұлымдық, олардың Құдайы Жаратқан Иені еске алуды қайта оятты.

35 Міне осылайша төрешілер билігінің сексен бірінші жылы аяқталды.

36 Міне сексен екінші жылы олар өздерінің Құдайлары Жаратқан Иені ұмыта бастады. Ал сексен үшінші жылы олар зұлымдыққа бой алдыра бастады. Ал сексен төртінші жылы олар өз жолдарын түзетпеді.

37 Міне дәл солай болды, сексен бесінші жылы олар өздерінің асқақтығы мен өздерінің зұлымдығында күшейе түсті; міне осылайша олар жойылу үшін қайтадан пісіп жетілді.

38 Міне осылайша сексен бесінші жыл аяқталды.