Киелі жазбалар
Алма 63


63-ші тарау

Шиблон және кейінірек Хеламан қасиетті жазбаларды иемденді — Көптеген нефиліктер солтүстікке қарай елге барады — Хагот батыс теңізде жүзетін кемелер жасайды — Морониһах ламандықтарды шайқаста жеңеді. Шамасы 56-52 Иса Мәс.дейін.

1 Міне дәл солай болды, Нефи халқының үстінен төрешілердің билігінің отыз алтыншы жылының басында Шиблон Алма Хеламанға тапсырған қасиетті нәрселерді иемденді.

2 Сондай-ақ ол әділ адам болды және Құдайдың алдында түзу жүрді; және ол үнемі жақсылық жасап, Құдайы Жаратқан Иенің өсиеттерін орындап жүрді және сондай-ақ оның бауыры да солай істеді.

3 Міне дәл солай болды Морони да қайтыс болды. Міне осылайша төрешілердің билігінің отыз алтыншы жылы аяқталды.

4 Міне дәл солай болды төрешілердің билігінің отыз жетінші жылында бес мың төрт жүзге жуық адамдар әйелдері мен балаларымен бірге Зараһемла жерінен шығып солтүстікке қарай кетті.

5 Міне дәл солай болды Хагот өте ізденімпаз адам болғандықтан, сондықтан ол шығып, оған тым үлкен кеме жасап, Молшылық жердің шекарасында, қаңырап бос жатқан жердің жағасында оны батыс теңізге, солтүстікке апаратын сол тар суға түсірді.

6 Міне, нефиліктердің көпшілігі оған кіріп, мол азық-түлікпен жүзіп кетті, сондай-ақ көптеген әйелдер мен балалар болды; және олар солтүстікке қарай бағыт алды. Міне осылайша отыз жетінші жыл аяқталды.

7 Міне отыз сегізінші жылы бұл адам басқа кемелер жасады. Міне бірінші кеме де қайтып оралды, оған тағы да көптеген адамдар кірді; және олар да көп азық-түлік алып, солтүстіктегі елге қайта аттанды.

8 Міне дәл солай болды олар бұдан былай ешқашан естілмеді. Міне біздің ойымызша, олар теңіздің тереңдігінде батып кетті. Міне дәл солай болды тағы бір кеме де жүзіп кетті; және оның қайда кеткенін білмейміз.

9 Міне дәл солай болды осы жылы солтүстікке қарай аттанғандар көп болды. Міне осылайша отыз сегізінші жыл аяқталды.

10 Міне дәл солай болды төрешілердің билігінің отыз тоғызыншы жылында Шиблон да қайтыс болды, ал Кориантон сол елге кеткен халыққа азық-түлік жеткізу үшін кемемен солтүстікке қарай аттанды.

11 Сондықтан Шиблон өлмес бұрын осы қасиетті нәрселерді әкесінің атымен аталған Хеламан деп аталатын Хеламанның ұлына тапсырған дұрыс болды.

12 Енді міне, Хеламанның иелігіндегі барлық ойылған жазулар жазылып, Алма жібермеу керек деп бұйырған бөліктерден басқа, бүкіл елдегі адам балаларына жіберілді.

13 Соған қарамастан, бұл нәрселер қасиетті болып, ұрпақтан-ұрпаққа берілуі керек еді; сондықтан, осы жылы олар Шиблон өлмес бұрын Хеламанға тапсырылды.

14 Міне дәл солай болды осы жылы ламандықтарға барып қосылған жолдан тайған кейбіреулер де болды; және олар нефиліктерге қарсы қайтадан ашуланды.

15 Міне сондай-ақ осы жылы олар Морониһах халқына немесе Морониһах әскеріне қарсы соғысу үшін көптеген әскермен аттанды, олар соққыға жығылып, өз жерлеріне қайта айдалып, үлкен шығынға ұшырады.

16 Міне осылайша Нефи халқына төрешілердің билігінің отыз тоғызыншы жылы аяқталды.

17 Міне осылайша Алманың, оның ұлы Хеламанның және оның ұлы Шиблонның баяндамасы аяқталды.