Киелі жазбалар
Алма 29


29‑шы тарау

Алма періштелік құлшыныспен тәубаны жариялағысы келеді. Жаратқан Ие барлық халықтар үшін ұстаздар береді. Алма Жаратқан Иеміздің ісімен және Аммон мен оның бауырларының табыстарымен даңқтанады. Шамамен 76 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Уа, егер мен періште болсам және жүрегімдегі қалауым болса, мен Құдайдың кернейімен, жерді сілкіндіретін дауыспен сөйлеп, әрбір халыққа тәуба етуді жариялайтын едім!

2 Иә, мен әрбір жанға күн күркіреген дауыспен, тәубеге келу және өтеу жоспарын бүкіл жер бетінде бұдан былай қайғы-қасірет болмауы үшін өкініп, Құдайымызға келулері керек деп жариялайтын едім.

3 Бірақ міне, мен адаммын, өз қалауым бойынша күнә жасаймын; өйткені мен Жаратқан Иенің маған жазғанына риза болуым керек.

4 Мен әділ Құдайдың қатаң жарлығын өз қалауларыма айналдырмауым керек, өйткені мен оның адамдарға қалаулары бойынша беретінін білемін, мейлі ол өлімге немесе өмірге болсын; иә, мен оның адамдарға бөлетінін білемін, иә, олардың еркіне сай, олар құтқарылуға немесе жойылуға әкелетін, өзгертілмейтін жарлықтар береді.

5 Иә, мен жақсылық пен зұлымдық барлық адамдарға қолжетімді екенін білемін; жақсылық пен жамандықты айыра алмаған адам мінсіз; бірақ жақсылық пен жамандықты білетін адамға бұл жақсылық пен жамандықты, өмірді немесе өлімді, қуаныш пен ар азабын қаласа да, оның қалауына қарай беріледі.

6 Енді мен осыларды білетіндіктен, неге мен шақырылған жұмысты орындаудан гөрі көбірек қалауым керек?

7 Неліктен мен періште болғанымды, жердің түкпір-түкпіріне сөйлей алатынымды қалаймын?

8 Міне енді Жаратқан Ие барлық ұлттарға, өз ұлты мен тілінде сөйлейтін адамдарға өз сөзін үйретуге, иә, даналықпен өздеріне лайықты деп санағанның бәрін береді; сондықтан біз Жаратқан Иенің әділ әрі шындыққа сай даналықпен нұсқайтынын көреміз.

9 Мен Жаратқан Иенің маған бұйырғанын білемін және онымен даңқтанамын. Мен өзіме емес, бірақ Жаратқан Иенің маған бұйырғанын даңқтаймын; иә, бұл менің даңқым, бәлкім, мен Құдайдың қолында кейбір жанды өкінуге әкелетін құрал болуым мүмкін; және бұл менің қуанышым.

10 Міне, мен көптеген бауырларымның шын өкініп, олардың Құдайы Жаратқан Иеге келе жатқанын көргенде, жаным қуанышқа бөленеді; сонда мен Жаратқан Иенің мен үшін не істегенін есіме аламын, иә, тіпті ол менің дұғамды естіді; иә, сонда оның маған қарай созған мейірімді қолын есіме аламын.

11 Иә, мен де әкелерімнің тұтқында болғанын есіме аламын; өйткені мен Жаратқан Иенің оларды құлдықтан босатқанын және осы арқылы өзінің шіркеуін орнатқанын білемін; иә, Ыбырайымның Құдайы, Ысқақтың Құдайы және Жақыптың Құдайы Жаратқан Ие оларды құлдықтан құтқарды.

12 Иә, әкелерімнің тұтқында болғаны әрқашан есімде; және оларды мысырлықтардың қолынан құтқарған Құдай оларды құлдықтан құтқарды.

13 Иә, сол Құдай олардың арасында өз шіркеуін орнатты; иә, сол Құдай мені осы халыққа сөзді уағыздау үшін киелі шақыру арқылы шақырды және қуанышым толы болатын зор жетістік сыйлады.

14 Бірақ мен өзімнің жетістігіме ғана қуанбаймын, бірақ менің қуанышым Нефи еліне дейін барған бауырларымның жетістігінің арқасында көбірек болды.

15 Міне, олар тым көп еңбек етіп, мол өнім берді; және олардың марапаты қандай зор!

16 Енді осы бауырларымның жетістігі туралы ойласам, денемнен де ажырап кеткендей жаным елжірейді, менің қуанышым соншалықты үлкен.

17 Ал енді, Құдай осы бауырларыма Құдай патшалығында отыруды нәсіп етсін; иә, сондай-ақ өз еңбегінің жемісі болып табылатын барлық адамдар бұдан былай шықпау үшін, бірақ оны мәңгілік мадақтау үшін. Құдай мен айтқан сөздерім бойынша орындалуын нәсіп етсін. Әумин.