24‑ші тарау
Ламандықтар Құдай халқына қарсы шықты. Анти-Нефи-Лехилықтар Мәсіхке қуанады және оларға періштелер келеді. Олар өздерін қорғау үшін емес, өлімнен азап шегуді таңдайды. Ламандықтар cенімді қабылдады. Шамамен 90–77 ж. Иса Мәс. дейін.
1 Міне дәл солай болды Амулон жерінде, сондай-ақ Хелам жерінде және Иерусалим жерінде және бүкіл айналасында болған амалектіктер, амулондықтар және ламандықтар өздеріне қайта қабылданбаған және өздеріне Анти-Нефи-Лехи есімін алмағандарды амалектіктер мен амулондықтар өз бауырларына қарсы ашуға итермеледі.
2 Міне оларға деген өшпенділіктері өте қатты болды, тіпті олар өз патшаларына қарсы көтеріле бастады, сондықтан олар оның патша болуын қаламады; сондықтан олар Анти-Нефи-Лехи халқына қарсы қару алды.
3 Енді патша патшалықты ұлына берді және ол оның атын Анти-Нефи-Лехи деп атады.
4 Міне ламандықтар Құдай халқына қарсы соғысуға дайындала бастаған сол жылы патша қайтыс болды.
5 Енді Аммон, оның бауырлары және онымен бірге келгендердің бәрі ламандықтардың өз бауырларын жоюға дайындалып жатқанын көргенде, Мадиян жеріне шықты, сонда Аммон барлық бауырларын кездестірді; және сол жерден олар Ламонимен және оның ағасы Анти-Нефи-Лехимен ламандықтардан қорғану үшін не істеу керектігі жөнінде кеңес өткізу үшін Ысмағұл еліне келді.
6 Енді Жаратқан Иенің сенімін қабылдаған бүкіл халық арасында бауырларына қарсы қару алатын бірде-бір жан жоқ еді; жоқ, олар тіпті соғысқа дайындық жасағысы келмеді; иә, сондай-ақ олардың патшасы да оларға бұлай етпеуді бұйырды.
7 Енді оның осы мәселеге қатысты халыққа айтқан сөздері мыналар: Мен Құдайыма, сүйікті халқыма алғыс айтамын, ұлы Құдайымыз өз ізгілігімен бізге осы бауырларымызды, нефиліктерді бізге уағыздап, зұлым аталарымыздың дәстүрлеріне көз жеткізу үшін жіберді.
8 Ал міне, мен ұлы Құдайыма алғыс айтамын, ол бізге жүрегімізді жібіту үшін өзінің Рухының бір бөлігін берді, біз осы бауырластармен, нефиліктермен қарым-қатынас орнаттық.
9 Ал міне, мен де Құдайыма алғыс айтамын, бұл қарым-қатынас орнату арқылы біз өз күнәларымызға және жасаған көптеген кісі өлтірулерімізге көз жеткіздік.
10 Сондай-ақ мен Құдайыма, иә, ұлы Құдайым, ол бізге осы істерімізге өкінуімізге мүмкіндік бергені үшін, сондай-ақ ол оның Ұлының еңбегі арқылы біздің жасаған көптеген күнәларымыз бен кісі өлтірулерімізді кешіріп, жүрегімізден кінәны алып тастағанына алғыс айтамын.
11 Ал енді, міне, бауырларым қолымыздан келгеннің бәрі осы еді, біз барлық күнәларымыз бен жасаған көптеген кісі өлтірулеріміз үшін өкініп (біз бүкіл адамзаттың ең адасқаны болғандықтан), Құдайдың оларды жүрегімізден алып тастау үшін, өйткені Құдайдың алдында ол біздің дақтарды кетіру үшін біз жеткілікті түрде тәубеге келу үшін қолымыздан келгеннің бәрі осы еді.
12 Енді, менің сүйікті бауырларым, Құдай біздің дақтарымызды алып тастап, семсеріміз жарқырап кеткендіктен, енді семсерімізді бауырларымыздың қанымен дақтай алмайық.
13 Міне, мен сендерге айтамын: Жоқ, бауырларымыздың қанына дақ болмас үшін семсерімізді ұстайық; өйткені мүмкін, егер біз қылыштарымызға қайтадан дақ түсіретін болсақ, олар біздің күнәларымыздың өтелуі үшін төгілетін Ұлы Құдайымыздың Ұлының қанымен бұдан былай нұрланып жуылмайды.
14 Міне Ұлы Құдай бізге мейірімділік танытып, жойылып кетпеуіміз үшін осыны айтты; иә, және ол мұны бізге алдын ала айтып берді, өйткені ол біздің жанымызды жақсы көреді, сондай-ақ балаларымызды жақсы көреді; сондықтан құтқарылу жоспары бізге де, болашақ ұрпаққа да мәлім болуы үшін, ол өзінің мейірімділігі арқылы бізге періштелері арқылы келеді.
15 Уа, біздің Құдайымыз қандай мейірімді! Ал енді міне, біздің қолымыздан келгенше дақтарды кетіру және семсеріміз жарқырағандықтан, соңғы күні немесе сотталу үшін оның алдына әкелінетін күні ол бізге өз сөзін жариялап, сол арқылы бізді тазартқаннан бері семсерімізді бауырларымыздың қанына дақ етпегеніміз үшін, ақырғы күні олар әлі жарқырап тұру үшін, Құдайымызға куәлік ету үшін оларды жасырайық.
16 Ал енді, бауырларым, егер бауырларымыз бізді құртқысы келсе, міне, біз семсерімізді жасырамыз, иә, тіпті біз оларды ешқашан пайдаланбағанымыздың куәлігі ретінде жарық етіп сақтау үшін жердің тереңіне көмеміз; соңғы күні; ал егер бауырларымыз бізді жойса, міне, біз Құдайымызға барамыз және құтқарыламыз.
17 Міне дәл солай болды патша бұл сөздерді аяқтап, бүкіл халық жиналып, семсерлерін және адамның қанын төгу үшін қолданылатын барлық қару-жарақтарды алып, жердің тереңінде оларды көмді.
18 Міне олар мұны Құдайға, сондай-ақ адамдарға куәлік ретінде жасады, олар енді ешқашан адамның қанын төгу үшін қару қолданбайды; бауырларының қанын төккенше, өз жандарын құрбан етуге уәде беріп, Құдаймен келісімге келген олар осылай істеді; және олар бауырынан тартып алғанша, оған беруді қалады; және күндерін босқа өткізбей, қолдарымен көп еңбектенгенді қалады.
19 Міне осылайша, біз бұл ламандықтар сенуге және шындықты білуге әкелгенде, олар берік болды және күнә жасамау үшін өлімге дейін төзуге дайын болды; және осылайша олардың бейбітшілік қаруын көмгенін немесе соғыс қаруын бейбітшілік үшін көмгенін көреміз.
20 Міне дәл солай болды олардың бауырлары, ламандықтар, соғысқа дайындалып, патшаны жою, оның орнына басқасын қою, сондай-ақ сол жерден шыққан Анти-Нефи-Лехи халқын жою мақсатымен Нефи еліне келді.
21 Енді халық олардың өздеріне қарсы келе жатқанын көргенде, оларды қарсы алуға шықты да, олардың алдында жерге тағзым етіп, Жаратқан Иенің атын шақыра бастады; міне ламандықтар оларға шабуыл жасап, семсермен өлтіре бастағанда, олардың жағдайы осылай болды.
22 Міне осылайша олар еш қарсылыққа тап болмай, олардың бір мың бесін өлтірді; және біз олардың бақытты екенін білеміз, өйткені олар өз Құдайының қасында тұруға кетті.
23 Енді ламандықтар бауырларының семсерден қашпайтындарын, оңға да, солға да бұрылмайтынын, керісінше жатып, өлетінін көргенде, семсерден өлгеннің өзінде Құдайды мадақтағанда –
24 Енді ламандықтар мұны көргенде, оларды өлтіруден бас тартты; және қылыштың астында қалған бауырлары үшін жүректері елжіреп кеткендер көп болды, өйткені олар істеген істеріне өкінді.
25 Міне дәл солай болды олар соғыс қаруын лақтырып тастады, және оларды қайта алмай қойды, өйткені олар жасаған кісі өлтірулері үшін жараланды; және олар өздерін өлтіру үшін қарулары көтерілгендердің мейіріміне сүйеніп, өздерінің бауырлары сияқты жерге құлады.
26 Міне дәл солай болды сол күні Құдай халқына өлтірілгендердің санынан көбірек қосылды; ал өлтірілгендер әділ адамдар еді, сондықтан олардың құтқарылғанына күмәндануға еш негіз жоқ.
27 Міне олардың арасында бірде-бір зұлым өлтірілген жоқ; бірақ шындықты білуге мыңнан астам адам келді; осылайша біз Жаратқан Иенің өз халқын құтқару үшін көптеген жолдармен әрекет ететінін көреміз.
28 Енді осыншама көп ағайындарын өлтірген ламандықтардың ең көп саны амалектіктер мен амулондықтар болды, олардың көпшілігі нехорлар қауымдастығынан кейінгілер еді.
29 Енді Жаратқан Иенің халқына қосылғандардың арасында амалектіктер немесе амулондықтар немесе Нехор руынан шыққандар жоқ, бірақ олар Ламан мен Лемуилдің нақты ұрпақтары еді.
30 Міне, осылайша біз анық ажырата аламыз: бір халық Құдайдың Рухымен нұрланып, әділдікке қатысты нәрселер туралы үлкен білімге ие болғаннан кейін, содан кейін күнә мен заңсыздыққа бой алдырғаннан кейін, олар қатайып, осылайша олардың жағдайы олар мұны ешқашан білмегеннен де нашарлайды.