Алманың ұлына Кориантонға айтқан өсиеттері.
39–42 дейінгі тараулардан тұрады.
39‑шы тарау
Жыныстық күнә — жиіркенішті іс. Кориантонның күнәлары зорамдықтардың сөзді қабылдауына кедергі болды. Мәсіхтің өтеуі уақыт бойынша кері әсер етіп, ол болғанға дейін өмір сүрген адал адамдарды құтқарады. Шамамен 74 Иса Мәс. дейін.
1 Міне енді, балам, бауырыңа айтқанымнан да артық саған айтар сөзім көп; міне енді сен бауырыңның табандылығын, адалдығын және Құдайдың өсиеттерін орындаудағы ынта-жігерін байқамадың ба? Міне, ол саған жақсы үлгі көрсетті емес пе?
2 Өйткені сен зорамдықтардың арасындағы бауырың сияқты менің сөздеріме онша құлақ аспадың. Енді менің саған қарсылығым мынау; сен өз күшіңмен, даналығыңмен мақтана бердің.
3 Міне бұл бәрі емес балам. Сен маған ауыр тиетін нәрсені істедің; өйткені сен қызметтен бас тартып, жезөкше Изабел үшін ламандықтардың шекарасындағы Сирон жеріне бардың.
4 Иә, ол көптің жүрегін ұрлады; бірақ бұл сені ақтау емес еді, балам. Сен өзіңе сеніп тапсырылған қызметпен айналасуың керек еді.
5 Білмейсің бе, балам, мұның Жаратқан Иенің көзінде жиіркенішті іс екенін; иә, жазықсыз қанды төгу немесе Киелі Рухты жоққа шығарудан басқа барлық күнәлардан ең жиіркеніштісі екенін?
6 Міне енді, егер бір кездері Киелі Рух бойыңда бола тұрып, оны жоққа шығарсаң және оны жоққа шығарып жатқаныңды білсең, міне, бұл кешірілмейтін күнә; иә, кім Құдайдың алған нұры мен білімін біле тұра, сол нұр мен білімге қарсы шығып кісі өлтірсе, оның кешірім алуы оңай емес; иә, балам, саған айтамын, оның кешірім алуы оңай емес.
7 Ал енді, балам, Құдайдан сенің мұнша ауыр қылмысқа кінәлі болмағаныңды қалаймын. Сенің игілігің үшін болмаса, мен сенің қылмыстарыңа тоқталмас едім, жаныңды азапқа салмас едім.
8 Бірақ міне, сен қылмыстарыңды Құдайдан жасыра алмайсың; және егер тәубеге келмесең, олар соңғы күні саған қарсы куә болады.
9 Енді балам, өкініп, күнәларыңды тастап, бұдан былай көз құмарлығыңа ермей, осының бәрінен бас тартуыңды қалаймын; өйткені мұны жасамасаң, Құдай Патшалығын мұра ете алмайсың. О, есіңде болсын, және оны өзіңе ал және осы нәрселерден бас тарт.
10 Міне мен саған істеріңде үлкен ағаларыңмен ақылдасуыңды тапсырамын; міне енді сен әлі жассың әрі ағаларыңның тәрбиесіне мұқтажсың. Міне олардың кеңестеріне құлақ ас.
11 Өзіңді бос немесе ақымақ нәрселердің жетелеуіне жол берме; шайтан сенің жүрегіңді сол зұлым жезөкшелердің соңынан қайта бұруына жол берме. Міне, О балам, зорамдықтарға қандай үлкен зұлымдық әкелдің; өйткені олар сенің қылықтарыңды көргенде, менің сөздеріме сенбеді.
12 Ал енді Жаратқан Иенің Рухы маған былай дейді: Балаларыңа жақсылық жасауды бұйыр, сонда олар көп адамның жүрегін құрдымға апармайды; сондықтан, балам, Құдайдан қорқып, күнәларыңнан аулақ болуды бұйырамын.
13 Бар ойыңмен, қуатыңмен және күшіңмен Жаратқан Иеге бет бұруың үшін; бұдан былай жүректерді зұлымдыққа апармау үшін; және керісінше, оларға қайтып, қателіктеріңді және істеген зияндарыңды мойында.
14 Дүниенің байлығын да, бос нәрселерін де іздеме; өйткені, сен оларды өзіңмен бірге алып жүре алмайсың.
15 Ал енді, балам, мен саған Мәсіхтің келуі туралы біраз айтқым келеді. Міне, мен саған айтамын, ол дүниенің күнәларын жою үшін міндетті түрде келетін дәл соның өзі; иә, ол өз халқына құтқарылу туралы қуанышты хабарды жариялау үшін келеді.
16 Ал енді, балам, осы халыққа осы қуанышты хабарды жариялау, олардың ақыл-ойын дайындау үшін, дәлірек айтсақ, оларға құтқарылу келіп, олар өз балаларының санасын оның келуі кезінде сөзді естуге дайындауы үшін шақырылған қызмет осы болды.
17 Ал енді мен бұл тақырыпта сенің ойыңды жеңілдетемін. Міне, сен бұл нәрселердің неліктен бұрыннан белгілі болғанына таң қаласың. Міне, мен саған айтамын,дәл осы уақытта бір жан Құдай үшін Оның келетін уақытындағы жан сияқты қымбат емес пе?
18 Бұл халыққа олардың балалары үшін қаншалықты қажет болса, өтеу жоспарының ашылуы да соншалықты үлкен қажеттілік емес пе?
19 Осы уақытта Жаратқан Иенің періштесін бізге осы қуанышты хабарды жеткізу үшін жіберуі біздің балаларымызға немесе ол келген уақыттан кейінгідей оңай емес пе?