Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 22


22‑ші тарау

Мыңжылдық күні барлық адамдар Жаратқан Иені мадақтайтын болады. Ол олардың арасында өмір сүретін болады. Ишая 12‑мен салыстыр. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

Міне сол күні мынаны айтатын боласың: Уа, Жаратқан Ие, Сені мадақтаймын! Маған ашуланған едің, ал сосын қаһарыңды басып, мені жұбатасың.

Міне, Құдай менің құтқарушым; мен оған сенемін және қорықпаймын; өйткені Жаратқан Ие Иеһова — күш‑қуатымның көзі және айтатын жырым; сондай‑ақ ол құтқарушым болып келеді.

Сондықтан, құтқарылудың қайнар көздерінен су ала бересіңдер қуанышпен.

Ал сол күні былай дейтін боласыңдар: Жаратқан Иені мадақтаңдар, оның есімін атаңдар, оның істерін халықтарға білдіріңдер, оны есімінің ұлылығын хабарлаңдар!

Жаратқан Иеге арнап ән шырқаңдар; өйткені ол ұлы кереметтерді істеді; бұл бүкіл жер жүзіне белгілі.

Ән айтып, айғайла, Сион тұрғыны! Өйткені ұлы Киелі Исраил Құдайы өздеріңнің араларыңда.