Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 14


14‑ші тарау

Сион мен оның қыздары мыңжылдықта өтеледі және тазартылады. Ишая 4‑пен салыстыр. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

Міне сол күні жеті әйел бір ер адамға жармасып, былай дейді: Біз нанымызды өзіміз тауып жейміз, киімімізді өзіміз тауып киеміз; тек бізге сенің атыңды алуға рұқсат етіп, масқаралықтан арылта көр.

Сол күні Жаратқан Иенің бұтағы әдемі әрі салтанатты болады; Исраилден қашып құтылғандар үшін жердің өнімі керемет әрі ұнамды болады.

Міне бұл дәл солай болады, Сионда қалып және Иерусалимде тірі қалғандар әулиелер деп аталатын болады, Иерусалимдегі тірілердің арасында жазылған әрбір адам.

Себебі Жаратқан Ие Сион қыздарының ластығын жуып және Иерусалимнің қанын оның ортасынан сот рухы мен от рухы арқылы тазартады.

Міне Жаратқан Ие Сион тауының әрбір тұрғын үйінде және оның қауымдарында күндіз бұлт пен түтінді және түнде жалындаған оттың сәулесін жаратады; өйткені барша салтанатты Сионға тұтастай қорғаныс болады.

Міне күндіз ыстықтан көлеңке және дауыл мен жаңбырдан жасырып және қалқалап тұтастай жауып тұратын пана шатыры болады.