Киелі жазбалар
1‑ші Нефи 9


9‑шы тарау

Нефи жазбалардың екі жинағын жасайды. Олардың әрқайсысы Нефидің парақтары деп аталады. Үлкен парақтар зайырлы тарихты қамтыса, кішілері негізінен қасиетті істерге қатысты. Шамамен 600–592 ж. Иса Мәс. дейін.

Міне осының бәрін әкем Лемуел аңғарындағы шатырда тұрып көрген, естіген және айтқан, сондай‑ақ бұл парақтарға жазуға болмайтын басқа да көптеген нәрселерді де.

Ал енді мен бұл парақтар туралы бұрын айтқанымдай, міне олар менің халқымның тарихын толық баяндайтын парақтар емес; өйткені мен өз халқым туралы толық баяндау беретін парақтарға Нефидің атын бердім; сондықтан олар Нефидің парақтары деп те аталады, менің өз атымнан кейін.

Соған қарамастан, мен Жаратқан Иеден осы парақтарды жасалуы керек деген өсиет алдым; арнайы халқымның қызметі туралы ойылып жазылған баяндау болмысының мақсатында.

Басқа парақтарда патшалардың билігі туралы және менің халқымның соғыстары мен дау‑жанжалдары туралы баяндау ойылып жазылуы керек; сондықтан бұл парақтар негізгі бөлігі қызметке арналған; ал басқа парақтардың негізгі бөлігі патшалардың билігі мен менің халқымның соғыстары мен дау‑жанжалдарын сипаттайды.

Сондықтан Жаратқан Ие маған бұл парақтарды өзінің даналық мақсатында жасауды бұйырды, оның мақсатын мен білмеймін.

Бірақ Жаратқан Ие барлық нәрсені әуел бастан біледі; сондықтан ол өзінің барлық істерін адам баласының арасында істеуге жол дайындайды; өйткені міне, ол өзінің барлық айтқан сөздерін орындауға барлық құдіретті күшке ие. Міне осылай. Әумин.