Киелі жазбалар
1‑ші Нефи 6


6‑шы тарау

Нефи Құдайдың істері туралы жазады. Нефидің мақсаты – адамдарды Ыбырайымның Құдайына келуге және құтқарылуға көндіру. Шамамен 600–592 ж. Иса Мәс. дейін.

Ал енді мен, Нефи, менің жазбамның осы бөлігінде ата‑бабаларымның жазбасын келтірмеймін; және оны мен жазып отырған мына парақтардан кейін ешқашан келтірмеймін; себебі бұл менің әкемнің жазбасында берілген; сондықтан мен бұл жұмыста оны жазбадым.

Өйткені Жүсіптің ұрпағы екенімізді айтсам да жеткілікті.

Ал мен үшін әкемнің барлық істері туралы толық баяндауды келтіру маңызды емес, өйткені оларды бұл парақтарда жазу мүмкін емес, өйткені мен Құдайдың істері туралы жаза алатын орын болғанын қалаймын.

Өйткені менің барлық ниетім ол – адамдарды мен мүмкіндігінше Ыбырайымның Құдайына, және Ысқақтың Құдайына, және Жақыптың Құдайына келуге және құтқарылуға көндіру.

Сондықтан, мен дүниеге ұнайтын нәрселер туралы емес, бірақ Құдайға және осы дүниелік еместерге ұнайтын нәрселерді жазып отырмын.

Сондықтан, мен өз ұрпағыма өсиет етемін: олар бұл парақтарды адам баласы үшін жарамсыз нәрселермен толтырмасын.