2010–2019
Өз ауыртпалығыңды жеңіл көтер
Сәуір 2014


Өз ауыртпалығыңды жеңіл көтер

Әрқайсысымыздың өмірінде болған бірегей ауыртпалықтарда Киелі Мессияның сіңірген еңбегі, рақымшылығы мен мейірбан сүйеніші көмектеседі.

Менің бір жақын досым бар, ол өзінің үйленген күндерінің бірінші жылы оған және оның отбасына мықты пикап-жүк көліктің керектігіне сенімді болады. Ал оның әйелі керісінше, ол заттың емес, жаңа көлік керектігіне сенімді болған еді. Осы күйеу мен әйел арасындағы әзіл әңгіме осы алынған заттың жетістіктері мен кемшіліктерін қарастыруға итермелейді.

«Қымбаттым, бізге мықты жүк көлігі керек.»

Әйелі «Неге бізге жаңа жүк көлігі керек деп, ойлайсың? - деп, сұрайды.

Оның берген сұрағына бұл тамаша жауап болады деп, сеніп: «Егер қатты дауыл болған кезде, біздің балаларымызға сүт қажет бола қалса, дүкеннен азық-түлік әкелудің мен үшін бір тәсілі, ол пикап-жүк көліктің болуы мүмкін емес пе?»

Оның әйелі оған күлімсіреп, «Егер біз пикап-жүк көлікті сатып алатын болсақ, біздің ақшамыз сүтке жетпей қалады, сондықтан төтенше жағдайда дүкенге барамын деп, уайымдаудың қажеті неде!»

Олар бір-бірімен кеңесуді жалғастыра отырып, ақырында сол жүк көлігін алуды ұйғарды. Жаңа көлікті сатып алысымен, менің досым сол көлікті алғысы келген себебін тексеріп, оның қаншалықты қажет екенін көрсеткісі келеді. Солай, ол отын жарып, өз үйіне жинаймын деп, шешті. Бұл осы жылдың күз келген уақыты еді, ол отын жинағысы келген таулы жерге қар жауған болатын. Ол тауға жақындаған сайын бірте-бірте қар қалыңдай түсті. Жүрген сайын бұл қауіпті екенін түсінсе де, ол өзінің жаңа көлігіне сенім артып, жолды жалғастыра береді.

Өкінішке орай, менің досым қар басқан жолдың бойымен тым алыс кіріп кетеді. Ол ормандағы отын жаратын орынға жолдан көлікті жүргізіп, сол жерде тұрып қалады. Жаңа көліктің төрт дөңгелегі де, қарға батып тұрып қалады. Ол осы қауіпті жағдайдан шығу үшін, не істеу керектігін білмейтінін мойындады. Ол абыржып, уайымдады.

Менің досым, «Мен бұл жерде құр босқа отырмаймын» деп, шешеді. Ол көліктен шығып, отынды жара бастайды. Ол көліктің артқы жағын отынға толтырады. Содан соң менің досым қардан көлікті тағы бір рет жүргізіп шығарып көру керек деп, шешеді. Ол пикап-жүк көліктің жүйесін күштеп, бір қадам алға ғарай жүреді. Баптап көлік қардан босап, жолға қарай шығады. Ақырында ол босатылғанына бақытты да, бойсұна үйіне қарай бет алады.

Біздің жеке басымыздың жүктемесі

Мен осы досымның жүк көлігі мен орман оқиғасынан алуға болатын өмірлік сабақты баса айтып, Киелі Рухтың көмегіне дұға қыламын. Ол ауыртпалық болды. Ол ағаштың жүк-салмағы көлікті жолға қардан шығарып, алға жүру үшін тіркеу жағдайын туғызды. Сол жүк-салмағы оған өзінің отбасына және үйіне оралуға мүмкіндік берді.

Біздің әрқайсысымыздың да, ауыртпалығымыз бар. Біздің жеке басымыздың ауыртпалығы қажеттіліктерден, мүмкіндіктерден, міндеттерден, артықшылықтардан, қайғыдан және баталар мен нұсқаулар және шектеулерден тұрады. Біз өзіміздің ауыртпалығымызды қалайша жиі дұға қылып, бағалай аламыз деген екі маңызды сұрақ бізге пайдалы болуы мүмкін: « Мен алып жүрген рухани тіркеу Мәсіхке деген сенімімді түзу де, жіңішке жолда тіреліп қалмай, маған алға ұмтылуға мүмкіндік беретін осы ауыртпалық қаншалықты? Соңында Көктегі Әкемнің қасына қайтып оралу мүмкіндігім үшін, мен алып жүріп, молынан құрған осы рухани тіректің ауыртпалығы қаншалықты болып табылады?»

Бірақ, ауыртпалықты алып жүру, ол бақыт жоспарының ажыратылмайтын және қажет бір бөлігі болып табылады. Өйткені, біздің жеке басымыздың ауыртпалығы біздің рухани тіркеуімізді құру үшін қажет және біздің өміріміздің айналасында көптеген жақсы бірақ, қажет емес заттарға көңілімізді аударып, маңыздырақ нәрселерден көз жазып қалмау үшін, абай болуымыз керек.

Өтелудің бекітім күші

Құтқарушының айтқаны:

«Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, еңселері тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін.»

«Бірге жүріп, үйреніңдер Өзімнен, жуас, кішіпейілмін шын жүректен, тыныштық табады сонда жандарың.»

«Себебі ыңғайлы - билігім Менің, әрі жеңіл – жүктейтін міндеттерім.» (Матай 11:28–30).

Әдетте, ағаш бөренені екі өгізді немесе басқа да малдың арасын біріктіріп, ауыртпалықты теңдестіруге мүмкіндік беру үшін пайдаланатын. Ол бөрене арқылы малдың бір қатарда жүріп, міндеттерін орындауы үшін орналастыратын.

Құдайдың жеке шақыруын қарастырайық «Менімен бірге жүріп үйреніңдер.» Иеміз Иса Мәсіхпен бірге жүріп қасиетті өсиеттерді орындау және ұстану. Негізінде, Құтқарушы бізге Оған сенім артып бірге жүруге шақырады, бірақ біздің күш салып тырысқанымыз Онымен салыстыруға жатпайды. Ал біз сенім артып, біздің пенделік саяхат уақытымызда, Онымен бірге өз ауыртпалығымызды тартып алып жүрсек, шындап келгенде, Оның билігі жеңіл және жүктейтін міндеттері әрі жеңіл.

Біз жалғызсырамауымыз керек. Біз өзіміздің күнделікті өмірде көктің көмегімен алға басып жүре аламыз. Құтқарушының Өтелуі арқылы біз «өздігімізден де» қабілеттілік пен күшке ие бола аламыз. (Әнұран 220 нөмір). Құдай айтқандай, «Сондықтан, өз жолдарыңды жалғастырыңдар және сендердің жүректерің қуанышқа толсын, өйткені сол, иә, Мен сендермен ақыр соңына дейінмін.» (І мен Ө 100:12).

Мормон кітабындағы мысалды көрелік, онда Амулон Алманы және оның халқын қудалаудың астына алғаны келтірілген. Оларға олардың қайғы-қасіретіне Құдайдың дауысы естіліп, былай деді: Бастарыңды тік ұстап, тынышталындар әмбе сендердің Маған берген өсиет келісімдеріңді, Мен білемін; және Мен Өз халқыммен өсиет келісімін жасап, оны құлдықтан құтқарамын.» (Мосия 24:13).

Назар аударыңыздар, құтқару уәдесі өсиеттері негізгі орында. Лайықты әулиеліктің билігімен дұрыс орындалып берілген өсиеттерді алып, адал арнау рәсімдерді Иса Мәсіхтің Өтелуі арқылы барлық баталарды алу керек. Әулиеліктің арнау рәсімдері арқылы Құдайдың күші ер адамдар мен әйел затының тәнінде білінеді, тағы Өтелудің батасы да. (І мен Ө 84:20–21 қара).

Біз қарастырған Алма мен оның халқына арналған келесі өлең, Құтқарушының «Себебі ыңғайлы – билігім Менің, әрі жеңіл – жүктейтін міндеттерім» (Матай 11:30) айтқанын еске түсірейік.

«Мен сендердің арқалаған ауыртпалықтарыңды жеңілдетемін, сонда сендер сол жүкті иықтарыңда сезбей де қаласыңдар.» (Мосия 24:14).

Кейбіреуіміз, бұл жазба ауыртпалықты тез арада және ұзақ уақытқа алып тастайды деп, қате ұғым алуымыз мүмкін. Бірақ, келесі өлеңде ауыртпалықтың жеңілдетілгені туралы жазылған.

«Бүгінгі таңда, Алма мен оның бауырларына жүктелген ауыртпалық жеңілдетілді; иә, өз ауыртпалығын жеңіл алып жүру үшін, Иеміз оларды мықты қылды, сонда олар Құдайдың барлық еркіне шыдамдылық танытып, қуана мойынсұнды» (Мосия 24:15; маңызды ретінде көрсетілген).

Халықтан қиындықтар мен міндеттер тез арада алынған жоқ. Бірақ Алма мен оның ізбасарлары күшке ие болып, олардың жігерлікте өскен мүмкіндіктері ауыртпалықтарын жеңілдете түсті. Бұл мейірімді адамдар Өтелу арқылы уәкілдік етіп, құрал ретінде әрекет жасап, (І мен Ө 58:26–29) және олардың жағдайында ықпал етулері керек болды. Және «Құдайдың күш жігерінде» (Мормон сөздері 1:14; Мосия 9:17; 10:10; Алма 20:4), Алма мен оның халқы қауіпсіз Зарагеміл жеріне жіберілген болатын.

Иса Мәсіхтің Өтелуі тек қана Адамның күнәға бату салдарын жеңіп шығып қана қоймай, тағы біздің жеке басымыздың күнәқарлығынан арылуға мүмкіндік жасайды және Оның Өтелуі жердегі мүмкіндіктен де, алыс шетке тарайтын мүмкіндіктер бізге жақсылық жасап, қарым-қатынасымызда жақсырақ болуға мүмкіндік береді. Көпшілігіміз білеміз, бір қателік жасап, күнәларымыздың салдарын жеңіп шығу үшін, көмекке мұқтаж болған кезде, Құтқарушымыз Оның Өтелуінің күші арқылы біз таза болуымыз үшін, барлық мүмкіндікті жасайды. Бірақ, Өтелу ол мойынсұнған, лайықты, адал қызмет етіп, әділ болуға ұмтылған адал ер адамдар мен әйелдер үшін екенін біз түсінеміз бе? Егер біз өмірде Өтелудің бекіту аспектісін толықтай түсінетін болып, ауыр жүкті бүдір-бүдір жолда, бостандықта, тәртіппен, әрине шектеулі қабілетпен жалғыздықта өзіміз арқалаймыз деп, қате сенеміз.

Иса Мәсіх жер бетіне біз үшін өлім қабылдауға келгенін білу, ол бір. Бірақ, біз тағы, Өтелу мен Киелі Рухтың күші арқылы Иеміз бізді тірілткісі келетінін білгеніміз жөн – тек дұрыс жолға бағыттап қана қоймай, бізді сауықтырып және бекіту үшін де.

Құтқарушы Өз Халқына қолдау көресетеді

Құтқарушы бізге неге және қалай беретінін Алма түсіндірді:

«Иә Ол түрлі арбауды, қиындық пен қайғы-қасіретті жұтып; Ол Өз халқының орнын басып, олардың барлық қайғы-қасіреті мен дертін көтеріп, Өз өмірімен күнәларымызды өтейді, деп айтылған сөз орындалады.

«Ол Оның халқын байлап тұрған өлім шынжырын бұзу үшін, өлімді Өз мойнына алады; Оның тәндік ішкі дүниесі мейірімділікке толып, Ол бар тәнімен Өз халқына олардың әлсіздігінде қалай көмектесу керектігін танып білу үшін, Ол Өзіне олардың дәрменсіздігін алады.» (Алма 7:11–12).

Құтқарушы тек қана біздің күнәларымыз бен заңсыздығымыз үшін ғана емес - тағы біздің физикалық қиындығымыз бен қайғы-қасіретіміз үшін және әлсіздігіміз бен кемшілігіміз үшін, тағы біздің қорқақтығымыз бен көңіліміз қалғандығы үшін және түңіліп, уайымға салынғанымыз үшін, біздің өкініп, тәубеге келгеніміз үшін, біз үмітімізді үзгеніміз үшін, теңсіздік пен әділетсіздікті бастан кешіргеніміз үшін және бізді жалмаған көңіл ауалық уайым-қайғыға салынғанымыз үшін де, азап шекті.

Ондағы, дәл Құтқарушы бастан кешіргені сияқты, не физикалық ауруды емес, не рухани жараны емес, не жанның немесе жан қиналысы мен дәрменсіздікті не сіздер, не мен өлімді бірінші болып бастан кешірген емеспіз. Әлсіздік танытқан сәттерде біз айқайлай аламыз: «Бұл не екенін ешкім де білмейді. Ешкім бұны түсінбейді.» Бірақ Құдайдың Ұлы барлығын жақсы біледі де, түсінеді, өйткені Ол ауыртпалықты бізден бұрын сезініп, басынан өткізді.» Ол осы ауыртпалықты өз мойнына алып, Өзін құрбан еткендіктен Оның бізге деген сезімі адал және Ол бізге Өзінің мейірімділік көмегін бере алады. (Aлма 34:14 қара) Біз қашанда өзімізге сеніп немесе өз күшімізге сенім артып, жасай алмаған нәрселерді жасауға, көбірек істерді атқарып немесе көмектесе алуымыз үшін, Ол бізге көмектесіп, емдеп, қасымыздан табылып, бекітіп, әрдайым Өз көмегін береді. Шынайы, Оның себебі ыңғайлы - билігі, әрі жеңіл – жүктейтін міндеттері.

Шақыру, Уәде және Куәгерлік

Мен сіздерді оқып үйренуге, ойлануға, мінажат етіп, Құтқарушының Өтелуі туралы білуге ұмтылуға шақырамын және сіздер өздеріңіздің арқалаған жеке жүктеріңізге қандай баға бересіздер.

Менің досым үшін сол жағдайда тиеген отын тартып шығаратын жүк болды. Мықтылығына қарамастан бос жүктің көлігі қардан өз бетінше шығалмас еді. Көлікті жолға тартып шығаратын ауыр жүк қажет болды.

Ол ауыр жүк болды. Сол ауыр жүк менің досыма жолға қайтып оралып, алға қарай жүруге және өзінің отбасына оралуға көмектесті.

Әрқайсысымыздың өмірінде болған бірегей ауыртпалықтарда Киелі Мессияның сіңірген еңбегі, рақымшылығы мен мейірбан сүйеніші көмектеседі (2 Нефий 2:8 қара). Мен куәгерлік етемін, Құтқарушы бізге біздің алып жүрген ауыртпалықтарымызды жеңілдетуге көмектеседі (Moсия 24:15 қара). Мойнымызға артып, Онымен бірге қасиетті өсиеттерді орындай отырып, біз Оның Өтелуін біздің өмірімізде қолайлы күшін аламыз және біз Оның еркіне сәйкес түсініп, жиі мінажат етуге тырысатын боламыз. Біз тағы жағдайымызды біздің еркімізге өзгерт деп, үздіксіз дұға қылудың орнына өзгерісті немесе біздің жағдайды білу үшін, білім күшін берегөр деп, мінажат ететін боламыз. Біз бізге әрекет ететін нысан емеспіз, ол біз әрекет жасайтын құралға айналатын боламыз. (2 Нефий 2:14 қара). Біз рухани күшінің батасын алатын боламыз.

Біздің әрқайсысымыз Құтқарушының Өтелуі арқылы жақсара түссін. Бүгін 6 сәуір. Біз аян арқылы, бүгінгі күні Құтқарушының нақты туған күні мен ненің маңызды екенін білеміз. Тағы сәуірде Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеу құрылғанын. (І мен Ө 20:1; Харолд Б. Ли, «Сион қазықтарының күшейуі» Ensign, шілде 1973, 2;, 2; Спенсер В. Кимбалл: «Құдай неге мені шақырды және неге мен айтқан нәрселерді істемейді?» Ensign, Maмыр 1975, 4; Спенсер В. Kимбал, «Remarks and Dedication of the Fayette, New York, Buildings,» Ensign, Mамыр 1980, 54; Сұхбат Президента Гордона Б. Хинкли , 1том: 1995–1999 [2005], 409.) Осы бүгінгі қасиетті демалыс күні, мен Иса Мәсіх біздің Құтқарушымыз екендігі туралы өз куәгерлігімді әкелемін. Ол тірі, бізді тазартып, емдеп, бағытқа салып, күш береді. Осыны мен қасиетті Иса Мәсіхтің атына қуана куәгерлік етемін, аумин.