Киелі жазбалар
Үш куәгердің куәлігі


Үш куәгердің куәлігі

Бұл жұмыс келетін барлық ұлттарға, тайпаларға, тілдерге және халықтарға белгілі болсын: Біз Құдай Әке мен Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы арқылы осы жазбаны қамтитын парақтарды көрдік, бұл Нефи халқы, сондай‑ақ ламандықтар мен олардың бауырлары, сонымен қатар жоғарыда айтылып кеткен мұнарадан келген Иәрет халқының жазбасы. Біз сондай‑ақ олар Құдайдың сыйы мен құдіреті арқылы аударылғанын білеміз, өйткені оның даусы мұны бізге жариялады; сондықтан біз бұл жұмыстың шынайы ақиқат екенін білеміз. Біз сондай‑ақ осы парақтарда жазылған гравюраларды көргенімізді куәландырамыз; және олар бізге адамның емес, Құдайдың күшімен көрсетілді. Құдайдың періштесі көктен түскенін салтанатты түрде мәлімдейміз және біз сол парақтар мен ондағы беземелерді біз көріп, көзімізді жеткізу үшін, ол со парақтарды біздің көз алдымызға әкеп қойды; және біз білеміз, бұл Құдай Әке мен Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы арқылы, біз бұлардың шындық екенін көрдік және растаймыз. Міне бұл біздің көз алдымызда керемет. Соған қарамастан, Жаратқан Иенің дауысы бізге бұл туралы куәлік етуді бұйырды; сондықтан Құдайдың өсиеттеріне мойынсұну үшін біз осы нәрселерге куәлік етеміз. Міне біз білеміз, егер біз Мәсіхке адал болатын болсақ, біз киімдерімізді барлық адамдардың қанынан тазартамыз, және Мәсіх сотының алдында мінсіз болып, онымен бірге көкте мәңгі өмір сүретін боламыз. Ал Әке мен Ұлға және Киелі Рухқа құрмет, яғни бір Құдайға. Әумин.

Оливер Каудери

Дэвид Уитмер

Мартин Харрис