Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 17


17‑ші тарау

Ефрем мен Сирия Яһудаға қарсы соғысуда. Мәсіх пәк қыздан дүниеге келеді. Ишая 7‑мен салыстыр. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне дәл солай болды, Яһуда патшасы Ұзиях ұлы Жотам ұлы Ахаздың тұсында, Сирия патшасы Резин және Исраил патшасы Ремалиях ұлы Пеқах Иерусалимге қарсы аттанып, шабуыл жасады, бірақ олар оны басып ала алмады.

2 Міне Дәуіттің әулетіне хабар жетті, былай деп: Сирия Ефреммен одақтас болды. Міне дауыл шайқаған орман ағаштарындай оның да, халқының да жүрегі дірілдеп кетті.

3 Сонда Жаратқан Ие Ишаяға былай деді: Енді ұлың Шеяр‑Язубты ертіп, жоғарғы тоғанның су құбырының соңында, мата шеберлердің даласына апаратын үлкен жолда Ахазбен жолық.

4 Міне оған былай де: Абай бол және тыныштық сақта; сол бықсып жанған екі отындық қаракүйе құйрықтың, ана Ресин мен Сирия және Ремалиях ұлының қаһарынан қорықпа да зәрең де ұшпасын.

5 Өйткені Сирия, Ефрем және Ремалияхтың ұлы саған қарсы зұлым жоспар құрды, былай деп:

6 Кәне, Яһудаға қарсы аттанып, үрейін ұшырайық және оны өзара бөлісіп алып, оның ортасына патша тағайындайық, иә, Табеил ұлын.

7 Құдай Ие былай деді: Бұл болмайды және ол орындалмайды да.

8 Өйткені Сирияның бас қаласы Дамаск, ал Дамаскінің басы Ресин; және алпыс бес жылдың ішінде Ефрем талқандалып, халық болудан қалады.

9 Міне Ефремнің бас қаласы — Самария, ал Самарияның басы — Ремалияхтың ұлы. Ал егер сенбейтін болсаңдар, онда берік тұра алмайсыңдар.

10 Оның үстіне, Жаратқан Ие Ахазға тағы да тіл қатып, былай деді:

11 Құдайың Жаратқан Иенің белгісін сұра; оны не терең тұңғиығынан, немесе аспанның қиыр шетінен болса да сұрай бер.

12 Бірақ Ахаз былай деді: Жоқ мен сұрамаймын, Жаратқан Иені осылайша сынағым келмейді.

13 Міне ол былай деді: Құлақ асыңдар, Уа Дәуіттің әулеті; адамдарыңның төзімін сынағандарың аз болғандай, енді Құдайымның да төзімін сынамақсыңдар ма?

14 Сондықтан Жаратқан Ие өзі сендерге белгі береді: Міне, пәк қыз құрсақ көтереді және ұл туады және оған Имануил деген ат қояды.

15 Ол жаманнан бас тартып, жақсыны таңдай білу үшін оның ішетін тамағы май мен бал болады.

16 Себебі бала жамандықтан бас тартып, жақсыны таңдауды білетін жасқа келмес бұрын, сен жек көретін жерді сол екі патша да тастап кетеді.

17 Жаратқан Ие саған, сенің халқыңа және әкеңнің әулетіне де Ефрем Ассур патшасы Яһудадан бөлініп шыққаннан бері, бұрын‑соңды кешпеген ауыр күндерді төндіреді.

18 Міне бұл орындалады, сол күні Жаратқан Ие Мысырдың алыс салаларындағы шыбын мен Ассур жеріндегі араға да белгі береді.

19 Міне олар келеді және олардың барлығы қаңырап бос жатқан алқаптар мен жартастардың шұңқырларында және барлық тікенектер мен бұталардың үстіне орналасады.

20 Сол күні Жаратқан Ие Ассур патшасын өзенінің арғы жағынан жалдап алып, ұстарадай қолданып, басты және аяқтағы шаштарды, тіпті сақал‑мұртты да алып тастайды.

21 Міне бұл орындалады, сол күні адам бір жас сиыр мен екі қойын асырайтындай болады.

22 Міне бұл орындалады, олар беретін сүтті мол беретіні сонша, ол сары май жейтін болады; өйткені сол елде аман қалғандар май мен бал жейтін болады.

23 Міне бұл орындалады, сол күні бір мың жүзім бұтасы өскен әрбір жүзімдікті жерде тікенді бұталар мен ошаған қаптап кетеді.

24 Ол жерге адамдар садақтар мен жебелермен келеді; өйткені бүкіл жерді тікенді бұталар мен арам шөп басады.

25 Міне кетпенмен қопсытылып өңделген төбелердің барлығында тікен мен ошаған қорқыныш болмайды; бірақ мұның бәрі ірі қара мал жайылымына арналып, ал ұсақ мал емін‑еркін таптайтын болады.