Basic Resources
Дін Рәміздері


Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелері Шіркеуінің
Дін Рәміздері

1 Құдайға, Мәңгілік Әкеге, Оның Ұлы Иса Мәсіхке және Киелі Рухқа біз сенеміз.

2 Адамдардың Адамның күнәға батқаны үшін емес, өздерінің күнәлары үшін жазаға тартылатынына біз сенеміз.

3 Мәсіхтің өтелуі арқылы барлық адамзат Інжіл заңдары мен арнау рәсімдеріне бағына отырып құтқарылатынына біз сенеміз.

4 Інжіл ілімінің ұстанымдары мен арнау рәсімдерінің негіздері ол: біріншіден - Иеміз Иса Мәсіхке сену; екіншіден - Тәубеге келу; үшіншіден - Күнәлардан арылу үшін су рәсімінен өту; төртіншіден - адамның басына қолды жайлап басып, Киелі Рухты тарту ететініне біз сенеміз.

5 Інжіл дінін үгіттеп, арнау рәсімі жұмысын атқару үшін, пайғамбарлық арқылы әулиелік билігіне иеленгендердің қолы адамның басына жайлап басылып, адам Құдай арқылы шақырылатынына біз сенеміз.

6 Біз ең әуелгі Шіркеуде болған ұйымға сенеміз, дәлірек айтқанда: апостолдарға, пайғамбарларға, пасторларға, ұстаздарға, Інжіл дінін таратушыларға және тағы басқасына.

7 Тіл дарындылығына, пайғамбарлыққа, аяндарға, терең зеректікке, сауықтыру күшіне, тіл аударма қабілетіне және тағы басқа да сыйына біз сенеміз.

8 Киелі Кітапта Құдайдың сөзі жазылып, шамамен дұрыс аударылғанына біз сенеміз; тағы біз Мормон Кітабы Құдай сөзі деп сенеміз.

9 Құдай ашқан барлық ашылымдарға, Оның қазіргі ашылымдарының бәріне біз сенеміз және Оның әлі де Құдай Патшалығына қатысты талай ұлы және маңызды нәрселер ашатынына да біз сенеміз.

10 Исраилдің дәлме-дәл жиналатынына және Он Буынның қалпына келетініне; Сионның (Жаңа Иерусалим) Америка континентінде орнығатынына; Мәсіхтің жер бетінде тікелей патшалық құратынына және жер жаңарып, өзінің жұмақтық даңқына бөленетініне біз сенеміз.

11 Біз Құдіреті күшті Құдайға өзіміздің ар-ожданымыздың үніне сәйкес бас ие алатын артықшылығымыз бар екенін жар сала етеміз және барлық адамдарға дәл сол артықшылықты береміз: олардың қалай, қайда және неге болсын бас ию өз еркі.

12 Біз патшаларға, президенттерге, басқарушыларға, сот өкіметі басқармасына бағыну керектігін және заңды кұрмет етіп, ұстанып, қолдайтынымызға сенеміз.

13 Біз адал, шынайы, пәк, қайырымды, ізгілікті болуға және барлық адамдарға жақсылық жасауға тиіс екенімізге сенеміз; шын мәнінде біз Пауылдың өсиеттерін ұстанамыз деп айта аламыз; біз бәріне сенеміз, бәріне үміт артамыз; біз көп нәрсені басымыздан өткердік және біз бәріне де төзетінімізге сенеміз. Егер ізгілікті, ғажап, құрмет етуге лайық немесе мақтауға тұрарлық бір нәрсе болса, біз соған ұмтылатын боламыз.

Жозеф Смит

басып шығару